Тақырыбы: Популяциялар генетикасы және эволюцияның генетикалық негіздері. Харди-Вайнберг заңы. Гендер дрейфі



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі52,39 Kb.
#95170
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс.19-20
Дәріс.№7-8.Doc3, Дененің еркін түсуі. 9-сынып2222222, Есептер шығару №2 Комбинаторика және ықтималдықтар теориясы, Садық А.Б практика бойынша есеп, Соц паспорт учащегося (7)
Генотип

Барлығы

АА

Аа

аа

Популяцияның саны

Nxp2

Nx2pq

Nxq2

Сұрыптауға дейін

8000х0,62
=2880

8000х2х0,6х0,4=3840

8000х0,42
=1280

8000

Сұрыптауда кейін

2448

2726

678

5852

Шығын

-432

-1114

-602

-2148

Сақталуы λ

0,85

0,17

0,53

0,73

Кез келген табиғи популяциядағы дарабастардың өлімге душар болуы əр кезде əр түрлі. Мысалы қуаңшылық кезінде өлімге душар болған ақ бөкеннің саны əдеттегі жағдайдағыдан асып түседі. Генотиптің бейімділігін сипаттау үшін əрбір генотиптің сақталу дəрежесін (λ) сақталуы ең жоғары деген генотиптің сақталу дəрежесіне бөледі. Біздің мысалымызда


WA A =0,85/0,85=1,00; WAa = 0,71/0,85=0,83;
Waa=0,53/0,85=0,62.
Салыстырмалы бейімділіктің мəні сұрыптаудың бағытын, демек, ген жиілігінің өзгеру жолын көрсетеді. Дегенмен, ол - популяцияның динамикасын сипаттай алмайды, өйткені ол салыстырмалы мəн, сондықтан оның мəні арқылы популяция санының көбеюі немесе азаюы туралы ештеңе айтуға болмайды. Өлімі ең аз генотиптің бейімділігі 1-ге тең екеніне назар аударыңыздар, бірақ бұл осы генотип өлімге душар болмайды дегенді білдірмейді. Ол тек AA генотипінің басқа генотиптерге қарағанда өлімге сирек душар болатынын көрсетеді.
Белгілі бір аллельдің өзінің альтернативті аллелінен селекциялық артықшылығын процент арқылы немесе сұрыптау коэффициенті (s) түрінде кескіндеуге болады. Сұрыптау коэффициентінің сандық мəнін альтернативті аллельдің салыстырмалы жиілігі арқылы анықтайды. Оның мəні 0-ден 1-ге дейін өзгереді: s=1-W
Біздің мысалымызда:
sAA=1-WAA=1-1=0; sAa=1-WAa=1-0,83=0,17;
жəне saa=1-Waa=1-0,62=0,38
Мутация немесе миграция нəтижесінде пайда болған жаңа аллельдің (а) жиілігі алғашқы кезде төмен болады. Оның бастапқы аллельге (А) қарағанда қандай да бір селекциялық артықшылығы пайда болуынан бастап сұрыптаудың əсерінен жаңа аллельдің жиілігі арта түседі, А-аллелінің жиілігі кеми түседі. Тіпті популяцияның А аллелі а аллельге толық ауысуы да мүмкін.
Аллель жиілігінің өзгеру жылдамдығы S-ның мəніне тура пропорциональды яғни сұрыптау коэффициентінің жоғары мəнінде жаңа аллельдің жиілігінің артуы тезірек өтеді, ал төмен сұрыптау коэффициентінде мұндай өзгеріс баяу жүреді.


Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: популяциялық генетика, таза линия, инбредті депрессия, Харди-Вайнберг заңы, кездейсок шағылысу, панмиксия, эволюциялық факторлар, мутациялық процесс, миграция, сұрыптау, гендер дрейфі, табиғи сұрыпталу, дарвиндік немесе салыстырмалы бейімділік.


Бақылау сұрақтары:


  1. Популяциялық генетика генетиканың нені зерттейтін бөлімі?

  2. Таза линия ұғыымын қалай түсінесіз?

  3. Инбредті депрессия қандай мəселелерге ікеліп тірейді?

  4. Харди-Вайнберг заңы дегеніміз не?

  5. Кездейсок шағылысуға анықтама бер?

  6. Панмиксия ұғымы нені түсіндіреді?

  7. Эволюциялық факторлар дегеніміз не, оларға нелер жатады?

  8. Мутациялық процессті түсіндір.

  9. Миграция дегеніміз не? 10.Сұрыптауды қалай түсінесің? 11.Гендер дрейфі қалай жүреді? 12.Табиғи сұрыпталуға мысалдар келтір.



Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:


1.Бурунбетова, К. К. Генетика негіздері [Текст] : оқулық / К. К. Бурунбетова. - Алматы : Дәуір, 2013. - 264 бет
2.Бурунбетова, К. К. Генетика негіздері [Текст] : оқу құралы / К. К. Бурунбетова. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2013. - 104 бет
3.Ким Г.Л. Практикум по генетике [Текст] : [учеб. пособие для с.-х. вузов] / Г. Л. Ким ; КазНАУ. - Изд. 2-е, стереотип. - Алматы : Нур-Принт, 2014. - 128 с
4.Сартаев А.С., Жексембиев Р.Қ. Генетикадан зертханалық жұмыстар және дала практикумы – Алматы – 2014., -264 бет.
5.Пухальский, В. А. Введение в генетику [Текст] : учебное пособие / В. А. Пухальский. - М. : ИНФРА - М, 2014. – 224
6.Стамбеков С.Ж. Генетика. Новосибирск, 2010 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет