8
3-блокта – француз тілі, бейнелеу өнері, дизайн, технология, үй
шаруашылығы, компьютерлер;
4-блокта – химия, тарих, драма, технология, үй шаруашылығы, түзету
курсы;
5-блокта – география, бейнелеу өнері және дизайн, биология, технология,
іс жүргізу, түзету курсы таңдау бойынша пәндер болып табылады.
Оқушылар блоктардың әрқайсынан төрт курс, аптасына барлығы тек
20 сабақ қана болатындай таңдау жасауы керек. Әрбір блокта физика, биология,
география немесе басқа пән бойынша бірнеше курстар болуы мүмкін. Кейде
бұл әртүрлі курстар, болмаса бір курс бойынша оқушылардың бірнеше топтары
құрылады. Оқушылардың аса талаптылары әдетте жеке пәндерді оқиды, ал
қабілеті төмендері – интеграцияланған курстарды оқиды. Үлгерімі төмен
оқушыларға негізінен ағылшын тілі, кейде математика бойынша түзету
курстары ұсынылады. Осылайша оқушыларды пәндердің әртүрлі жиынтығы
бойынша ғана емес, күрделілігі мен тереңдігі деңгейі әртүрлі курстар бойынша
бөлу жүргізіледі.
Блоктар төрт курстың әрқайсысынан таңдау жасап, оқушылар азды-көпті
үйлестірілген оқу жоспары бойынша оқитындай түзілген, яғни таңдау бойынша
пәндер жиынтығы гуманитарлық, жаратылыстану, практикалық курс пен
математиканы және т.б. қамтиды. Алайда блоктардағы пәндер жиынтығының
талдауы оқушының сол немесе басқа пәндерді (мысалы физиканы немесе
географияны) оқудан қашып құтылуы мүмкін деген қорытынды жасауға
мүмкіндік береді.
Толық орта мектептің 6-шы екі жылдық сыныбында бейіндеу өзінің
шарықтау шегіне жетеді. Әрбір оқушыда гуманитарлық немесе жаратылыстану
немесе аралас бағыттағы мамандану пәндерінен тұратын өзінің оқу жоспары
қалыптасады. Бұл мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік мектептерге тән
құбылыс.
Жоғары біріктірілген орта мектептердегі бейіндік саралау міндетті оқыту
сатысында негізгі пәндер бойынша жеткілікті жоғары дайындық қамтамасыз
етіледі деген шартпен үлкен артықшылықтарға ие. Толық орта мектеп жоғарғы
оқу орнына түсуге дайындық сатысы болғандықтан, тек бірнеше пәндерді
артық оқу орынды болып көрінеді. Бұл таңдалған пәндерді тереңірек оқып,
бағдарламаны жеңілдетуге, оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
Ағылшын мектептеріндегі ерте жастан – 14 жастан бастап мамандану мен оқу
уақытының 50%-на дейінгі терең саралау оқушылардың көпшілігіне
толыққанды базалық білім алуға мүмкіндік бермейтіндей болып көрінуі
мүмкін.
Ағылшын білім беруінің дамуында маңызды кезең болып табылатын
1988 жылы Ұлттық оқу жоспарын енгізумен жоғары мектептерде оқу
уақытының 20 пайызы жаратылыстану пәндеріне бөліне бастады. Ал оқу
уақытының 75-85 пайызға дейінгі уақыты міндетті пәндерге, қалған уақыт
таңдау бойынша пәндерді тереңдетіп оқуға бөлінді [5].
Достарыңызбен бөлісу: