Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет8/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

Эстония 
Республикасындағы білім беру жүйесі Республиканың 
Конституциясымен, Балаларды қорғау актімен және Білім туралы актімен 
реттеледі. Конституцияға сәйкес ұлтына қарамастан барлығының білім алуға 
құқы бар.
Білім беру 17 жасқа дейінгі барлық балалар үшін міндетті болып 
табылады. Білім беру жергілікті мектеппен (тұрғылықты жері бойынша) 
ұсынылады.
Эстондық білім беру жүйесі бастауыш және орта білім болып бөлінбейді. 
Міндетті білім берудің негізі 1 сыныптан (7 жастан оқытылады) басталады 
және 9 сыныпты қамтиды. Оқудың бұл түрі білім алудың үш кезеңіне бөлінген: 
1-кезең (1-3 сынып); 2-кезең (4-6 сынып) және 3-кезең (7-9 сынып).
Гимназия жалпы білім беру мектептерінің орнына келетін елдегі орта 
білімнің негізгі құрылымдық бірлігі болып табылады. Гимназиялардағы 
апталық оқу жүктемесінің ең көп мөлшері 35 сағат деп анықталған. Ұлттық оқу 
жоспарларымен анықталатын және пәндердің жалпы санының 75 % құрайтын 
міндетті пәндерден бөлек, пәндердің 25 % оқушылардың өздері мен 
мектептердің таңдауы бойынша пәндерге бөлінеді. Сондай-ақ жеке пәндерді 
тереңдетіп оқытатын гимназиялар бар, мысалы шет тілдерін, математиканы
бизнесті және т.б. 1997 жылдан бастап орта мектептерде бірыңғай мемлекеттік 
бітіруші 
емтихандар 
енгізілген. 
Емтихандарды 
табысты 
тапсырған 
бітірушілерге толық орта білім туралы куәлігі беріледі [8].


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет