11
«анықтау сыныбы» деп аталады. Оқу жоспарында барлық оқушылар үшін
міндетті жалпы білім беру пәндері – француз тілі, шет тілі, математика,
физикалық ғылымдар, жаратылыстану, тарих, география, азаматтану, дене
шынықтыру негізгі орын алады. Білім берудің бейіндік түрі таңдау бойынша
курс формалары түрінде жүзеге асырылады. Оларға 3-11 сағатқа дейін бөлінеді.
Әрбір оқушы жалпы апталық жүктемесі 34-36 сағаттан аспайтындай есеппен
бір немесе бірнеше пәндерді таңдауы керек. Таңдау бойынша пәндер үш топқа
біріктірілген:
1-ші топ – өндірістік технология, жаратылыстану-математикалық
ғылымдар, зертханалық зерттеулер технологиясы, медициналық-әлеуметтік
ғылымдар, қолданбалы өнер;
2-ші топ – ежелгі ғылымдар, шет телдері, әлеуметтік-экономикалық
ғылымдар, әкімшілік іс, көркем тәрбие, мамандандырылған спорттық
дайындық;
3-ші топ – қолданбалы сипатты пәндер (мәшенкемен басу, қол өнері,
қызмет көрсету саласының бірін үйрену). Осылайша, таңдау бойынша
курстардың мақсаты – жалпы білім беру дайындығын кеңейту, сонымен қатар
болашақ мамандану бойынша бағыт беру болып табылады.
Франция мектептеріндегі жоғары сыныптарда бейіндік оқытудың ерекше
сипаты – жоғары білім ретінде сараланатын және негізінен екі жылға
созылатын лицейлерде бакалавриаттан кейінгі курстардың өткізілуі. Олардың
бірқатары оқушыларды жетекші университеттерге конкурстық қабылдау
емтихандарына дайындайды [7].
Достарыңызбен бөлісу: