4
сәйкестігі;
3)
оқушылардың оқу жүктемесінің нормаға сәйкестігі;
4)
бағдарламаларды әзірлеудің қолданыстағы талаптарына сәйкестігі;
5)
қажетті ақпарттар бар құралдардың болуы.
Білім беру мазмұнын жаңарту мектептегі таңдауы бойынша курстардың да
мазмұнын өзгерту мен толықтыруды жобалайды. Өзгертулер мен
толықтырулар келесі жағдайларды қарастырады:
– жүйелі-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру арқылы білім мазмұнының
практикаға бағытталуын күшейту;
– оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
– пәнаралық кіріктіруді күшейту және оқу материалдарын деңгейлер
бойынша қайта бөлу арқылы оқу пәндерінің мазмұнын жүйелеу;
– білім мазмұнын саралауды күшейту;
– қазақстандық компонентті кеңейту;
–
тәжірибелік, сарамандық, зертханалық, жобалық-зерттеушілік және
эксперименттік жұмыстар санын көбейту;
– бағдарламадағы ескірген, бүгінгі күні өзекті емес тақырыптардың орнын,
қазақстандық қоғамды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жетілдіруді
бейнелейтін материалдармен толықтыру.
Қазақстандық білім беру жүйесіндегі таңдауы бойынша курстар типтік оқу
жоспарының вариативтік компонентінің құрамына кіреді және оқушылардың
қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес білім алу бейінін саналы түрде таңдауға
дайындау арқылы, оқытуды тұлғаландыру мақсатында жүзеге асырылады.
Нормативтік-құқықтық құжаттар аясында олар Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2013 ж. 25 шілдедегі № 296 және 2013 ж. 27
қарашадағы № 471 бұйрықтарымен реттеледі.
Таңдауы бойынша
курстар екі топқа бөлінеді, олар:
1.
ҚР БҒМ міндетті оқуға ұсынған курстар.
2.
Білім беру ұйымдары әзірлеген курстар.
Қазіргі уақытта Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жалпы
білім беретін мектептердің 9-11 сыныптарына арналған «Абайтану», 9-
сыныптарға «Дінтану негіздері», 7-сыныптарға «Өлкетану» міндетті
курстарының оқу бағдарламаларын әзірледі.
Сонымен қатар типтік оқу жоспары бойынша, білім беру ұйымдары
оқушылардың білімі, қызығушылығы және қабілеттеріне сәйкес таңдау
курстарын өз беттерінше таңдайды және әзірлейді.
Жыл сайынғы «Жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін
оқытудың ерекшеліктері туралы» басылымда Академия оқу пәндері
мазмұнының вариативті бөлімінде таңдауы бойынша курстардың тізімін
ұсынады.
Бұл құралдың мақсаты
ҚР жалпы білім беретін
ұйымдарындағы таңдауы
бойынша курстардың жағдайына және ұйымдастырылуына талдау жасау болып
табылады.
Негізгі мақсаттан
келесі міндеттер
туындайды:
5
– білім беру ұйымдарындағы таңдауы бойынша курстардың мазмұны және
ұйымдастырылуы бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу;
– ҚР Білім және ғылым министрлігімен ұсынылған таңдау курстарының
мазмұнына және ұйымдастырылуына талдау жасау;
– жалпы білім беретін ұйымдардың өздері әзірлеп жүргізетін таңдауы
бойынша курстардың жағдайы мен ұйымдастырылуын қарастыру;
– инновациялық жалпы білім беретін ұйымдарда таңдауы бойынша
курстардың жүргізілуі тәжірибесін зерделеу («Назарбаев
Зияткерлік
мектептері» ДББҰ, ҚТЛ, «Мирас», «Көгiлдiр желкен –
Blue sail
– Голубой
парус»,
«Хэйлибэри» халықаралық мектептері және басқалар).
Оқушылардың қажеттілігі туралы мониторинг материалдары, шетелдік
және отандық ғалым-педагогтардың еңбектері, әлеуметтік сауалнамалар, пәндік
салалар бойынша оқу материалдары және құжаттар
зерттеу базасы
болып
табылады.