Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу тәртібіне әдістемелік ұсынымдар Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс



Pdf көрінісі
Дата10.11.2022
өлшемі394,84 Kb.
#157581
Байланысты:
377 каз бұйрыққа қосымша



Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс 
істеу тәртібіне әдістемелік ұсынымдар 
1. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс 
жасау қағидалары «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің 
жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту 
министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығымен бекітілген. 
Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет (бұдан әрі – 
психологиялық қызмет) - жұмысы білім беру процесіне қатысушылардың 
психологиялық салауаттылығын сақтауға және нығайтуға, оқыту процесінде 
жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, білім алушылар 
мен тәрбиеленушілердің дамуын әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеуді көрсетуге бағытталған білім беру ұйымының алқалы органы. 
2.Психологиялық қызметтің мақсаты - білім алушыларды табысты оқыту, 
дамыту, әлеуметтендіру және кәсіби білім беру траекториясын саналы таңдауды 
қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жағдайлар 
жасауға бағытталған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүйелі 
ұйымдастыру. 
3.Психологиялық қызметтің міндеттері: 
1) Оқыту процесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму 
жағдайын психологиялық-педагогикалық талдау, негізгі проблемалар мен 
олардың туындау себептерін анықтау, оларды шешу құралдарын айқындау, 
сондай-ақ ұжымның педагогикалық қызметі үшін қауіпсіз орта құру; 
2) оқу процесінде баланың психологиялық-педагогикалық мәртебесін 
және оның психологиялық даму динамикасын мониторингтеу; білім алушылар 
мен тәрбиеленушілердің оқу қызметін дараландыруға жәрдемдесу; 
3) білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен ерекше қажеттіліктерін 
ескере отырып, оқыту нәтижелеріне қойылатын мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандартының талаптарын орындауға жәрдемдесу болып табылады; 
4) әлеуметтік қауіпсіздік, психологиялық денсаулық проблемаларын 
еңсеруге және деструктивті мінез-құлық нысандарының алдын алуға, білім 
алушылар мен тәрбиеленушілерді бейімдеу, оқыту және тәрбиелеу 
қиындықтарына 
бағытталған 
жеке 
дамыту 
және 
түзету-дамыту 
бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; 
5) жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді түрде беру арқылы 
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойында өзін-өзі дамытуға және өзін-
өзі жетілдіруге әмбебап оқу дағдыларын қалыптастыру мен қабілеттерін 
дамытуға жәрдемдесу болып табылады; 
6) білім беру процесіне қатысушыларға, олардың жеке құқықтарына 
қысым жасамай, өзара көмек, эмпатия, жауапкершілік, өзіне сенімділік, шешім 



қабылдау қабілеті, белсенді әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидаттарын тәрбиелеу 
мен қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады; 
7) Білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік 
қолдау саласындағы ғылыми және практикаға бағдарланған жетістіктерін тарату 
және практикаға енгізу болып табылады; 
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен 
ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оларды әлеуметтендірудің тиімді 
жағдайларын жасау үшін білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу көрсететін педагогтер мен мамандардың пәнаралық, 
командалық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 
9) білім беру ұйымының алқалы органдарымен және білім беру, 
денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер мүдделі органдарымен 
өзара іс-қимыл жасау болып табылады. 
4. Психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау принциптері: 
1) кәсіби этиканы сақтау; 
2) баланың жеке басына эмпатия және құрмет; 
3) білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке және жас ерекшеліктерін 
есепке алу; 
4) психологиялық және педагогикалық білімді интеграциялау; 
5) баланың құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып, ақпараттың 
құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті; 
6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың, педагогтердің 
денсаулығына, ар-намысына және қадір-қасиетіне зиян келтіру мүмкіндігін 
болдырмау болып табылады; 
7) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру процесінде 
сүйемелдеудің ғылымилығы, кешенділігі, бірізділігі, кезеңділігі және 
үздіксіздігі болып табылады. 
5. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар мен 
тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу "Білім беру 
ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын бекіту 
туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 
қаңтардағы № 6 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 
тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады: 
1) сынып (топ) деңгейінде педагогтің құзыреттілігі шеңберінде барлық 
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты тұрақты негізде: білім беру 
ортасын бейімдеу, оқытудың вариативтік әдістері мен тәсілдерін, ерекше білім 
беру қажеттіліктерін ескере отырып, оның ішінде мінез-құлық және 
эмоционалдық ерекшеліктерімен және жеке мүмкіндіктерімен байланысты 
жетістіктерді бағалау үшін жеке оқу құралдары мен материалдарын пайдалану; 
2) білім беру ұйымы деңгейінде ақпаратты неғұрлым жүйелі түрде 
жинауды, оқу бағдарламаларын уақытша (тоқсанға, оқу жылына) тұрақты 



бейімдеуді, жеке оқу бағдарламалары бойынша оқытуды, жеке даму 
бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды, арнайы әдістер мен тәсілдерді 
пайдалануды көздейтін проблемаларды шешу процесіне әлеуметтік, 
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын мамандарды 
тарта отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жетістіктерін бағалауға 
арналған жеке оқу құралдары мен материалдары білім беру ұйымдары 
деңгейінде жүзеге асырылады; 
3) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ерекше білім беру 
қажеттіліктері елеулі және (немесе) тұрақты болып табылған және арнайы 
қолдау талап етілген жағдайда сырттан арнайы мамандарды тарта отырып 
(сурдопедагог, тифлопедагог, клиникалық психолог және басқалар) білім беру 
ұйымы деңгейінде жүзеге асырылады. 
6. Психологиялық қызметке, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы 
бар қалаларда) орналасқан психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты 
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы 
органдары қамтамасыз етеді.
7. 
Психологиялық 
қызмет 
педагогтерінің 
құзыретіне 
жалпы, 
педагогикалық, арнайы және жас ерекшелік психологиясы бойынша білім мен 
тәжірибе кіреді, бұл олардың психологиялық-педагогикалық қатысуын, кәсіби 
жауапкершілігін, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге 
тартылуы мен қолдауын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу іс-әрекеті 
процесін, тұлғалық дамуын көздейді;
8. Білім алушылармен және тәрбиеленушілермен психологиялық 
диагностика, жеке кеңес жүргізу және тренингтер (топтық, жеке) ата-
аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен жүргізіледі. 
Ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс жоспарлары туралы хабардар ету 
1-қосымшаға 
сәйкес оқу жылының басында сыныптың ата-аналар 
жиналысының хаттамасымен ресімделеді. 
Бас тартылған жағдайда, ата-ана немесе өзге де заңды өкіл еркін түрде бас 
тарту туралы өтініш береді. 
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу шеңберінде жеке жұмыс 
жүргізуге ата-аналардың келісімі 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді. 
9. Психологиялық қызмет жұмысындағы орта білім беру ұйымының 
басшысы: 
1) психологиялық қызметтің жұмысы туралы бұйрық шығарады және 
білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық, 
әлеуметтік сүйемелдеудің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекітеді; 
2) психологиялық қызметтің құрамына кіретін мамандардың құрамын 
және лауазымдық міндеттерін бекітеді; 



3) психологиялық қызметтің құрамына кіретін мамандардың біліктілігін 
арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді; 
4) психологиялық қызмет жұмысының және психологиялық қызметтің 
құрамына кіретін мамандардың жұмысы туралы талдамалық есепті тыңдайды 
және бекітеді; 
5) тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде білім алушылар мен 
тәрбиеленушілерді, ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді психологиялық-
педагогикалық, әлеуметтік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. 
6) Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау немесе психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымы негізінде білім 
беру 
ұйымының 
басшысы 
психологиялық-педагогикалық, 
әлеуметтік 
сүйемелдеуге мұқтаж білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізімін, жеке оқу 
жоспарларын, мамандардың жеке даму бағдарламалары, жеке/бейімделген оқу 
бағдарламаларын қамтитын, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды 
(балаларды) 
психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің 
жеке 
бағдарламаларын бекітеді. 
10. Орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары, психологиялық 
қызмет жұмысында: 
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық 
және әлеуметтік сүйемелдеу бойынша психологиялық қызметтің жұмысын 
ұйымдастырады, білім беру процесінде диагностикалық іс-шараларды жүргізу 
уақыты мен орнын айқындайды; 
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді сүйемелдеу нәтижелеріне, 
әлеуметтендіру, дамыту серпіні мен оқу жетістіктерінің тиімділігіне 
мониторинг жүргізеді; 
3) психологиялық қызметтің мүдделі мемлекеттік органдармен және 
ұйымдармен, қоғамдық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-
аналар қауымдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-
қимылын үйлестіреді. 
11. Психологиялық қызмет жұмысындағы педагог-психолог: 
1) оқу жылына арналған жұмыс жоспарына және оқу жылының басында 
ата-аналар жиналысының хаттамасымен ресімделген ата-аналардың немесе өзге 
де заңды өкілдердің келісіміне сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 
жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді;
2) бақылаулар, тереңдетілген зерттеулер, ата-аналардан немесе өзге де 
заңды өкілдерден алынған мәліметтер, психологиялық қызмет және 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультация 
мамандарының 
қорытындылары мен ұсынымдарын зерделеу негізінде білім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтайды және 
бағалайды;



3) Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс 
жасау қағидаларының 14-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мінез-құлық 
және эмоционалдық проблемалар, деструктивті мінез-құлық түрлері, 
отбасындағы тәрбиенің және бала-ата-ана қатынастарының бұзылуы, 
ақпараттық ортаның теріс әсерлерінен туындаған тәуекелдері кезінде ата-
аналарды және білім беру ұйымының әкімшілігін хабардар етеді; 
4) әкімшіліктің сұранысы және ата-аналардың немесе өзге де заңды 
өкілдердің келісімі негізінде білім алушы мен тәрбиеленушінің тұлғасына 
психологиялық зерттеу жүргізеді, баланың психоэмоциялық жағдайына баға 
береді және қажет болған жағдайда уақтылы психологиялық көмек көрсету 
мақсатында жеке-дамыту сабақтарын өткізеді;
5) білім беру процесіне қатысушылармен психологиялық-педагогикалық 
құзыреттілікті арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысады және білім 
алушылар 
мен 
тәрбиеленушілерді 
оқытудың, 
дамытудың 
және 
әлеуметтендірудің тиімді тәсілдерін, әдістері мен технологияларын енгізуге 
жәрдемдеседі; 
6) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің деструктивті мінез-құлқының 
туындауының профилактикасына қатысады және қажет болған жағдайда білім 
беру процесіне қатысушыларға тәрбие, оқыту, дамыту және әлеуметтендіру 
мәселелерінде көмек көрсету жөнінде ұсынымдар әзірлейді; 
7) сұраныс бойынша сынып жетекшісімен бірлесіп психологиялық-
педагогикалық сипаттамалар мен психологиялық зерттеулер материалдары 
бойынша қорытындылар жасайды; 
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту, дамыту, тәрбиелеу және 
әлеуметтендіру мәселелері бойынша білім беру процесіне қатысушыларға 
консультациялық көмек көрсетеді. 
9) ғылыми негізделген әдістемелер мен технологияларды пайдалана 
отырып, білім алушылармен және тәрбиеленушілермен диагностикалық, жеке 
консультациялық, дамытушылық жұмыстың нысандары мен әдістерін 
айқындайды;
10) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық жай-күйінің 
өзгеру серпініне мониторинг жүргізеді; 
12. Психологиялық қызмет қызметіндегі әлеуметтік педагог: 
1) 
жеке 
тұлғаның 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, әлеуметтік тұрмыс жағдайларын 
зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен 
қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы 
бұзушылықтарды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды 
уақтылы көрсетеді; 
2) Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, 
әдістерін, білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке және әлеуметтік 



проблемаларын 
шешу 
тәсілдерін 
айқындайды, 
білім 
алушылардың, 
тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске 
асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар 
қабылдайды; 
3) білім алушылар, тәрбиеленушілер, отбасы және ұйым, әртүрлі 
әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары 
арасында келістіруші болады; 
4) білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық 
ұйымдар мен әлеуметтік қызметтердің өкілдері арасындағы байланысты 
қамтамасыз етеді;
5) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуды, тәрбиелеуді, 
әлеуметтендіруді ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтермен, ата-
аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды; 
6) баланың отбасында және білім беру ұйымында құқықтарының 
сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 
13. Психологиялық қызметтің жұмысындағы сынып жетекшісі (куратор) : 
1) «Білім беру ұйымдары (колледж)-білім алушы-ата-ана» жүйесінде өзара 
іс-қимылды жүзеге асырады;; 
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін 
зерделейді; 
3) психологпен бірлесіп, ата-аналарға оқу жылына арналған 
психологиялық диагностика жүргізу жоспарын хабардар етілген келісім 
хаттамасын ресімдей отырып жеткізеді; 
4) сынып сағаттарының жылдық жоспарын қоса алғанда, психологиялық 
диагностиканың 
уақтылы 
жүргізілуіне 
жәрдемдеседі; 
ата-аналар 
жиналыстарында болатын рефлексия мен жинақталған нәтижелерді ұсынуды 
ұйымдастырады; 
5) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің үлгерімі мен жалпы даму 
серпінінің жай-күйін талдауды жүзеге асырады; 
6) білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы тұлғааралық 
қатынастарды реттейді;
7) сынып ұжымында жалпы қолайлы психологиялық ахуалға 
жәрдемдеседі;; 
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге коммуникативтік қасиеттерді 
қалыптастыруға көмек көрсетеді; 
9) білім беру процесіне қатысушылар арасындағы ынтымақтастыққа 
жәрдемдеседі. 
10) сыныптың білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің үлгеріміне, 
сабаққа қатысуына, сыртқы түр-пішініне, эмоционалды-психологиялық жай-
күйіне бақылауды жүзеге асырады. 
14. Психологиялық қызмет жұмысындағы арнайы педагогтар: 



1) бақылау, тереңдетілген психологиялық, нейропсихологиялық, 
логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру, ата-аналардан немесе заңды 
өкілдерден алынған мәліметтер, қорытындылар мен ұсынымдарды зерделеу 
негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ерекше білім беру 
қажеттіліктерін анықтайды және бағалайды; 
2) педагогтермен және ата-аналармен білім алушының (тәрбиеленушінің) 
ерекше білім алу қажеттіліктерін алқалы түрде талқылауды жүргізеді, сондай-ақ 
оны психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік сүйемелдеудің мазмұнын 
айқындайды; 
3) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын 
жоспарлауға, әзірлеуге және жасауға қатысады; 
4) білім беру ұйымының әкімшілігі бекіткен кестеге сәйкес жеке-дамыту 
бағдарламалары (жеке, кіші топ, топтық) бойынша сабақтар өткізеді; 
5) ата-аналарға немесе заңды өкілдерге, педагогтерге қауіпсіз және 
психологиялық жайлы оқыту ортасын құру, сапалы білім алу үшін жағдайларды 
қамтамасыз ету мәселелері бойынша консультация береді және білім алушылар 
мен тәрбиеленушілерге жеке көзқарасты іске асыру мәселелері бойынша 
педагогтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 
6) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің жеке бағдарламаларының тиімділігіне мониторингті жүзеге 
асырады; 
7) оқытудың барлық кезеңі ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке-психологиялық ерекшеліктерін 
психологиялық-педагогикалық диагностикалауды жоспарлайды; 
8) диагностикалық, дамытушылық, консультациялық-профилактикалық 
жұмыстардың ғылыми негізделген әдістемелерін қолданады;
9) диагностиканың нәтижелері бойынша тәуекелдер туындаған кезде ата-
аналарды немесе заңды өкілдерді хабардар етеді және қажет болған жағдайда 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультациялардың 
мамандарына жібереді. 
15. Психологиялық қызмет жұмысындағы педагог-ассистент: 
1) жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне 
қажеттілігі бар білім алушы мен тәрбиеленушіге олардың оқу процесіндегі 
өзіндік қызметі денсаулық жағдайына байланысты шектелген жағдайда көмек 
көрсетеді (ұйымдастырады, бағыттайды, оқу процесіне қосылуға көмектеседі, 
жағымсыз мінез-құлықтың, эмоциялық және мінез-құлықтық бұзылулардың 
алдын алады, білім алушы мен тәрбиеленушінің мінез-құлқын бақылайды, оны 
өз бетінше меңгеруге үйретеді) және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді); 
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ерекше білім алу 
қажеттіліктерін бағалауға, психологиялық қызмет мамандарымен бірлесіп 



психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің 
жеке 
бағдарламаларын 
құрастыруға қатысады;; 
3) оқыту және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне 
қажеттілігі бар білім алушылар мен тәрбиеленушілер туралы деректерді 
жинауды жүзеге асырады және бақылайды;
4) оқу бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім алушы мен 
тәрбиеленушінің оқу, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларын дамыту 
серпінін хаттамалайды; 
5) білім алушы мен тәрбиеленушіні оқыту және әлеуметтендіру 
процесінің динамикасын мониторингілеу үшін ақпарат дайындайды. 
16. Психологиялық қызметтің жұмысындағы пән-педагогтер: 
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен 
ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, жеке оқу жоспарлары мен 
бағдарламаларын жасайды;
2) білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу нәтижелерін (жетістіктерін) 
бағалау тәсілдерін түзетуді, оның жеке мүмкіндіктері мен ерекше 
қажеттіліктеріне 
сәйкес 
бағалау 
өлшемшарттары 
мен 
бақылау 
тапсырмаларының сәйкестігін қамтамасыз етеді; 
3) оқытудың вариативтік, арнайы және балама әдістері мен 
технологияларын қолданады. 
17. Психологиялық қызметтің жұмысындағы интернаттық ұйымның 
тәрбиешісі: 
1) тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;; 
2) 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамалық 
актілеріне 
сәйкес 
тәрбиеленушілердің құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен 
жұмысты ұйымдастырады, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін 
қорғайды; 
3) жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы 
бойынша жұмысты ұйымдастырады; 
4) ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс жасайды; 
5) тәрбиеленушілермен жеке жұмыс жүргізеді және олардың өмірі мен 
денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. 
18. Психологиялық қызметтің құрамына кіретін мамандардың жұмыс 
уақытының ұзақтығы еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді
Қазақстан 
Республикасыбілім 
және 
ғылым 
министрлігі 
мен 
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» 
Қоғамдық бірлестігі арасындағы Салалық деңгейде білім және ғылым саласы 
қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік 
кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік 
әріптестік туралы салалық келісім бойынша педагогтар және ғылыми-педагог 
қызметкерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы (жалақы ставкасына 



педагогикалық жұмыс сағатының нормасы) аптасына 36 сағаттан аспайтын 
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына негізделіп белгіленеді. 
19. Психологиялық қызмет мамандарының істер номенклатурасы 
төмендегілерді көздейді: 
- педагог-психолог үшін: нормативтік құқықтық актілердің тізбесі, жұмыс 
жоспары, есептер мен талдау анықтамалары, топтық және жеке жұмысты есепке 
алу жорналдары, консультацияларды есепке алу журналы, диагностикалық 
әдістемелердің тізбесі, білім алушылармен, тәрбиеленушілермен немесе 
студенттермен, ата-аналармен немесе өзге де заңды өкілдермен, педагогтермен 
жұмыс бойынша құжаттар (санаттар бойынша жеке); 
- әлеуметтік педагог үшін: нормативтік құқықтық актілердің тізбесі, 
жұмыс жоспары, есептер мен талдау анықтамалары, мектептің әлеуметтік 
паспорты, білім алушылар туралы мәліметтер, білім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің отбасыларымен жұмыс істеу жөніндегі құжаттар. 
20. Психологиялық қызмет мамандарының құжаттамасы қағаз 
электрондық форматында жүргізіледі. 
21. Педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтерді олардың кәсіби 
мендеттері (сынып жетекшідігі, мектеп әкімшлігі мүшелерінің функциялары) 
шеңберінен шығатын жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет