1 модуль бойынша тест тапсырмалары
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мақсаттарының бірі:
1) Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2) мектепті басқаруға цифрлы технологияларды енгізу;
3) педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерді, міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтау;
4) халықаралық құқықтардың жалпы мойындалған принциптері мен нормаларына сәйкес бала құқығын қорғауды қамтамасыз ету басымдығы;
5) өмір бойы білім алу принциптерін жүзеге асыру.
Қашықтан оқыту дегеніміз нені білдіреді?
тек қана ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар аясында іске асырылатын үдеріс;
білім беру мекемесінен кез-келген қашықтықтағы жалпы халыққа ұсынылатын білім беру қызметтерінің кешені;
3) педагогтің кері байланыс беруін көздемейтін оқыту үдерісі;
4) бұл дәстүрлі аудиториялық оқыту фоомаларын электронды оқыту элементтерімен үйлестіру;
5) заманауи педагогикалық технологияларды қолдануға негізделген білім алу тәсілдерінің бірі.
Заманауи қашықтан оқыту технологияларын кеңінен енгізуге және қолдануға кедергі келтіретін кемшіліктер:
1) жақсы техникалық жабдықтардың қажеттілігі және қашықтан оқыту құралдарын пайдалануға дайын болу;
2) виртуалды өзара әрекеттесу қатысушылардың коммуникативтік белсенділігін арттырумен байланысты психологиялық қысымды азайтуға, психологиялық қолайсыздықты болдырмауға мүмкіндік береді;
3) өзара әрекеттесудің анонимді қатысушысы болу немесе ойдан шығарылған атпен көріну мүмкіндігі рөлдік экспериментті ынталандырады, өзін-өзі тануды жақсартуға, даралануды ашуға ықпал етеді;
4) техникалық жарақтандыруға арналған аз материалдық шығындар;
5) білікті педагогикалық кадрларды даярлау.
Қашықтан оқыту режимінде тиімді өзара әрекеттесудің негізгі қағидатттары:
1) білім беру үдерісінің субъектілерін иесіздендіру;
2) онлайн сабақтар арасындағы кезеңде оқушыларды дербес қолдаудың міндетті еместігі;
3) оқушының өздік жұмысымен салыстырғанда интербелсенді әрекеттің үлкен үлесі.
4) оқушылардың мұғаліммен тікелей эмоционалды, энергетикалық, ұсыныс байланысының болмауы;
5) оқу жағдаяттарының тиімді типтерін, өзара әрекеттесе оқу формалары мен әдістерін таңдау.
5. Қашықтан оқыту элементтеріне жатпайды:
1) білімді ағымдық қолдау;
2) технологиялық дайындық;
3) ақпараттық қолдау;
4) қашықтан оқыту үшін ТОЖ, ҚМЖ-ды әзірлеу;
5) курсты зерделеу.
6. Қашықтан оқытуды қолдану кезінде қандай принциптерді ұстану керек:
барлық жауаптар дұрыс;
интерактивтілік принципі;
бастапқы білім принципі;
дараландыру принципі;
жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын қолданудың педагогикалық орындылығы қағидаты.
7. Бағдарламаның міндеттерінің бірі цифрлық сауаттылықты арттыру болып табылады. Бұл міндет қандай құжатта қарастырылған?
ҚР Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстанның киберқауіпсіздік тұжырымдамасы;
"Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік Бағдарламасы;
білім беруді ақпараттандыруды дамыту тұжырымдамасы;
ҚБТ негізінде оқу процесін ұйымдастыру ережелері.
8. Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттары болып табылады.
педагогтың кәсіби дамуы;
қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеу және оқыту; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру;
білім алушылардың зияткерлік, рухани-адамгершілік және дене дамуын қамтамасыз ету;
білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру;
педагог мәртебесін арттыру.
9. Қашықтан білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің негізгі компоненттері қандай?:
ақпараттық, түзету;
дамыту, профилактикалық, диагностикалық;
әдістемелік, ақпараттық, дамытушылық;
ақпараттық, әдістемелік, диагностикалық, профилактикалық, түзету және дамыту;
профилактикалық, түзету және әдістемелік.
10. Қашықтан оқыту технологияларын атаңдар:
1) телевизиялық, желілік және кейс-технология;
2) аддитивтік және симулятивтік технология;
3) модульдік және жобалық технологиялар;
4) смарт-технология;
5) stem-технология.
Достарыңызбен бөлісу: |