9
әртүрлі формада практикада енгізілетін саралап оқыту қағидаты жатыр.
Германиядағы мектептік білім беру жүйесі басқа батыс еуропалық елдермен
салыстырғанда өзінің сипаты бойына аса демократияшыл емес. Ол ескі
дәстүрлерді ұстанған, ХІХ ғасырдан бері келе жатқан тұрақты жүйе болып
табылады. Онда жалпы білім беру мектептерінің негізгі, реалды және гимназия
үш әртүрлі тең келмейтін дуализм типі сақталған. Осы мектептердің әрбірінің
мәртебесінде оқытудың әртүрлі мерзімдері,
білім берудің мақсаттары, жалпы
білім беру дайындығының деңгейі, оқыту әдісі, ары қарай білім берудің және
нақты өмірде орналасудың болашағы көзделген.
Бастауыш мектептің басты мақсаты – «баланы ойын саласынан шығарып,
оқуға енгізу, оқу әрекетіне тарту, бала сүйенетін қажетті білім мен дағдылармен
қаруландыру» болып табылады. Ондағы міндетті пәндерге ана тілі, математика,
дін, қоршаған орта туралы практикалық білім, музыка (көркемдік тәрбие),
еңбек және спорт жатады. Шет тілі (ағылшын) – жоғары типті мектептерде ары
қарай оқу үшін алғышарт болып табылады. Бұл саты «балаларға
қатысты
демократияшыл және әділетті деп сипатталады», себебі ол балалардың оқу
процесінде, бір-бірімен қарым-қатынаста дамуына ықпал етеді, әрбір баланың
білім алудың және кәсіби дайындықтың ары қарай жолдары туралы негізді
шешім қабылдау үшін жеке дайындығын жүзеге асырады.
Негізгі мектеп (4+5 немесе 6 жылдық білім беру) дегеніміз бөлуден соң
жоғары типті мектепке түспегендер үшін бастауыштың
базасындағы барлығы
үшін міндетті толық емес орта мектеп болып табылады. Бұл мектеп еңбек
өміріне дайындайды, төменгі кәсіби мектептерде оқуға құқық береді.
Реалды мектеп негізгі және гимназия арасында аралық орын алатын толық
емесе орта мектеп (4+6 жас). Реалды мектеп дәстүрлі түрде әкімшілік аппараты
мен өндіріс үшін кіші және орта қызметкерлерді дайындауға арналған. Ол
орташа қабілетті оқушыларды оқытуға және негізгі мектептерге қарағанда
олардың мол жалпы білім дайындығын алуына есептелген. Реалды мектеп
Германияда өте танымал, себебі ол жұмысшылар мен кіші қызметкерлердің
балалары үшін жоғары типті мектепке айналып бара жатыр.
Оның тартымды
күші оның практикалық мамандықтарға дайындауында, бітірген соң орта
арнаулы оқу орындарында оқу мүмкіндіктерін, ал егер ықыласы болса «жоғары
оқу орындық кәмелеттікті» алу үшін гимназияның (емтихансыз) жоғары
сатысында үш жыл немесе орта арнайы мектепте екі жыл оқу мүмкіндігін
беруінде болып отыр. Бұл белгілі профильді (инженерлік іс,
экономика, басқару
және т.б.) жоғары оқу орындарына түсуге құқық беретін реалды мектептердің
(11-12 - сыныптар) бітірушілеріне арналған.
Реалды мектептердегі практикалық мамандықтардың үлкен санына
дайындық
жарытылыстану және математика, лингвистика, экономика-
социологиялық, техникалық, музыка-эстетикалық білімдер саласын таңдау
бойынша пәндер мен әртүрлі бейін бойынша саралап оқыту көмегімен
жүргізіледі.
Ана тілі, математика, физика, химия, биология, дін, тарих,
география, әлеуметтану, экономика, құқық, бюджет дәстүрлі түрде міндетті
пәндер болып табылады. Бұдан басқа таңдау бойынша міндетті пәндер:
10
стенография,
мәшеңкемен басу, көркем тәрбие, текстильді жұмыстары, шет
тілдері: бастапқы ағылшын, екінші – француз тілі (бейініне байланысты)
оқытылады.
Гимназия – тікелей жоғары оқу орнына дайындайтын орта жалпы білім
беру мектебі (4 + 9 жыл). Қазірде бар дәстүрлі үш гимназия түрімен (ежелгі
тілдер, жаңа тілдер, математика және жаратылыс ғылымдары) қатар әлеуметтік
типті гимназиялардың көптеген типтері – экономикалық,
әлеуметтік,
музыкалық және техникалық гимназиялар пайда болды.
Гимназияның жоғары сатысы, яғни 11-13 сыныптар аса үлкен өзгерістерге
ұшырады. Мысалы, ұйымдастыру жоспарында – бұл курстық жүйенің енгізілуі,
сынып дегенді тарату. Білім беру процесінің өзіне келетін болсақ, міндетті және
аптасына 30 сағат көлемін құрайтын таңдау пәндері 2:1 қатынасында болады.
Міндетті пәндер: ана (неміс) тілі, шет тілі, бейнелеу өнері, философия, дін,
қоғамтану (немесе тарих), география, әлеуметтану, экономика, математика,
физика, химия, биология. Таңдау бойынша пәндерге жоғарыда аталғандар
(міндеттілердің арасынан), сондай-ақ педагогика, психология, әлеуметтану,
құқық, геология, астрономия, технология, статистика, бағдарламалау және т.б.
таңдау бойынша міндетті пәндер циклындағы негізгі курстар мен үлгерім
бойынша курстар болуы мүмкін [6].
Достарыңызбен бөлісу: