Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет4/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет
metov botanika, УМКД по АФКХ для вет
3 Бөлім. Коллоидтық химия
3.1 Коллоидтық жүйелер ........................................................................... 94
13 Зертханалық жұмыс ....................................................................... 96
3.2 Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы .............................................100
14 Зертханалық жұмыс .....................................................................101
3.3 Жоғары молекулалық қосылыстары, олардың ерітінділері ...........103
15 Зертханалық жұмыс.......................................................................107
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған есептер мен тапсырмалар ….....110
Аралық бақылауға дайындық сұрақтары...........................................................120
Емтиханға дайындық және тест сұрақтары ......................................................124
Реферат дайындау әдістемелік нұсқасы және тақырыптары ..........................146
Қосымша ...............................................................................................................148
Қолданған әдебиеттер тізімі ...............................................................................159


КІРІСПЕ

Аналитикалық, физикалық және коллоидты химия пәнінің курсы ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми және кәсіби дайындығы үшін маңызы зор.
Сабақтардың барлық түрлеріне арналған аналитикалық, физикалық және коллоидты химия пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен кредиттік жүйе бойынша оқитын ветеринария бағытындағы мамандықтардың студенттеріне арналып, типтік бағдарламаға сәйкес жазылды. Берілген оқу құралының өзектілігі ретінде қазақ тілінде әдебиеттің жетіспеушілігін көрсетуге болады.
Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша сабақтар химиялық процестердің теориялық негіздерін терең оқытуды мақсат етеді. Тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында студенттер кейбір құрал-жабдықтардың құрылысы және олармен жұмыс істеу ережелерімен танысады, өлшеудің көрсеткіштерін алады, қажетті шамаларды есептейді және өз бақылауларының негізінде тәуелділіктер мен заңдылықтарды анықтайды.
Құрастырылған оқу-әдістемелік кешен теория жүзінде берілген материалдар студенттерде сабақ үрдісінде бекітіліп, пысықталуы үшін, сонымен қатар олардың аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарға бағыт беріп, мүмкіндік жасайтын күрделілігі әртүрлі деңгейдегі есептер және оларды шығару үшін қосымша кестелер ұсынылған.
Пәнді оқыту кезінде студенттердің практикалық есептерді шығару дағдылары мен эксперименттерді орындау іскерліктерін қалыптастыруға көңіл бөлінеді. Физикалық және коллоидты химия математикалық аппаратты кеңінен колданатындықтан, оның тақырыптары бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру және есептерді шығару, теориялық материалды тексеруі мен бекітудің, білімдерді берік меңгерудің негізгі шарты болып табылады.
Ұсынылатын оқу-әдістемелік кешен студенттердің физика-химиялық зерттеудің негізгі әдістерін меңгеруін мақсат етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет