4. Тәжірибе. Тұзсыздану процесі Жұмыстың мақсаты: сулы ерітіндіден желатиннің тұзсыздануы мен оның спиртпен дегидратациясы Құрал-жабдықтар: спирт шамы, пробиркалар
Реактивтер: желатин, этил спирті, аммоний сульфатының [(NH4)2SO4] қаныққан ерітіндісі мен құрғақ ұнтағы.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 6мл су құйып қайнағанша қыздырыңыз. Қайнап жатқан суға 4 түйір желатин тастап, ол ерігенше пробирканы қыздырыңыз. Алынған желатин ерітіндісін суығанша тыныштықта қалдырңыз.
Екі пробирка алып, екеуіне 2мл-ден дайындалған желатин ерітіндісінен құйыңыз. Енді оларға ерітінді лайлана басталғанша бюретка арқылы: бірінші пробиркаға – аммоний сульфатының қаныққан ерітіндісінен, екінші пробиркаға – этил спиртін тамызыңыз. Пробиркаларда не байқалады? Түсініктеме беріңіз.