1. Тәжірибе. ЖМҚ алу жолдары Жұмыстың мақсаты: поликонденсация әдісімен полиамидты алу Реактивтер және құрал-жабдықтар:төртхлорлы көміртегі, себацилхлорид, гексаметилендиамин, ацтеон немесе этил спирті, химиялық стакандар
Жұмыс барысы: Біріншіден 2г себацилхлоридін 100мл төртхлорлы көміртегінде ерітеді де оны көлемі 200–300мл химиялық стаканға ауыстырады. Енді 50мл дистилденген суда 4,4гр гексаметилендиаминды ерітіп, осы ерітіндіні ақырын стакандағы қоспаға қосады да екі ерітіндінің жанасу шекараларында байқалатын өзгерістерді қарастырады.
Ерітінділердің жанасу шекарасында полиамидтің пленкасы түзіледі, егер оны алып тастаса, оның орнында жаңадан пленка түзіле бастайды. Созылған пленканы ацетонмен немесе 50%-тік этил спиртінің ерітіндісімен шаяды. Полиамидтің түзілуі келесі химиялық реакция теңдеуімен өрнектеледі:
NH2(CH2)6NH2 + ClCO(CH2)8COCl + NaOH
гексаметилендиамид себацилхлориді
NaCl + H[NH(CH2)6NHCO(CH2)8CO]xCl (6 – 10 полиамид)