1.Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады. Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады.Қандай жағдайда магнит өрісі жойылып кетеді? а темір ұнтақтарын алып
1.Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады.
Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады.Қандай жағдайда магнит өрісі жойылып кетеді?
а) темір ұнтақтарын алып тастаса; б) магнит тілшесін алып тастаса; в) темір ұнтақтарып және магнит тілшесін алып тастаса; г) өткізгіштегі токты өшіріп тастаса; д) пайда болған магнит өрісі жойылмайды.
3.Магнит өрісінің күш сызықтары дегеніміз- а) электр зарядынан басталып, электр зарядынан аяқталатын сызықтар;
б) өткізгішті қармап жатқан сызықтар; в) магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелердің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар; г) ток жүріп жатқан өткізгішпен бағыттас сызықтар; д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.
4.Электр өрісіне қарағанда магнит өрісінің ерекшелігі:
а) өріске енгізілген электр шамына әсер етеді; б) жеңіл мыс сымға әсер етеді;
в) зарядталған шыны таяқшаға әсер етеді; г) ток жүріп жатқан өткізгішке әсер етеді;
д) ерекшелігі жоқ.
5.Магнит өрісін ... туғызады.
а) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтары; б) қозғалыстағы электр зарядтары; в) тыныштықтағы электр зарядтары; г) магниттік зарядтар; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
6.Сыртқы магнит өрісін күшейтетін заттар:
а) парамагнетиктер; б) диамагнетиктер; в) ферромагнетиктер; г) магнетиктер;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
7.Магнит өрісі ... әсер етеді.
а) тыныштықтағы электр зарядтарына; б) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтарына; в) магниттік зарядтарға; г) қозғалыстағы электр зарядтарына; в) магниттік зарядтарға; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
8.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағыты ... анықталады.
а) оң қол ережесімен; б) бұрғы ережесімен; в) сол қол ережесімен; г) Ленц ережесімен;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
9.Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы ...
а) генератор; б) электрқозғалтқыш; в) электромагниттік аспап; г) магнитоэлектрлік өлшеуіш аспап; д) трансформатор.
1.Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады.
Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады.Осы магнит өрісін бір жерден екінші жерге көшіруге болады?
а) темір ұнтақтарын көшіру арқылы; б) магнитті көшіру арқылы; в) тогы бар өткізгішті көшіру арқылы; г) оны күшті электромагниттің көмегімен тарту арқылы; д) магнит өрісін көшіру мүмкін емес.
2.Жолақ магнитті екіге бөледі.Осы бөліктер нені білдіреді?
а) А-″N″, Д-″S″,Вжәне С-бейтарап;
б) А-″N″, Д-″S″, В-″S″, С-″N″;
в) барлық сол жағы-″N″,, оң жағы-″S″;
г) магнит өрісі жойылып кетеді;
д) нақты жауап беру мүмкін емес, бәрі магнит жа
салған материалға байланысты.
S
N
А В
С Д
3. Төменде келтірілген құралдардың қайсысында электромагнит қолданылады?
а) микроскоп; б) динамик; в) электр үтігі; г) электр қоңырауы; д) электроскоп.
4. Электрқозғалтқыш дегеніміз не?
а) электрөлшеуіш аспаптар; б) электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын құрылғы; в) электромагниттік аспап, г) генератор; д) трансформатор.
5.Тогы бар шарғының магнит өрісін күшейту үшін:
1) ток күшін арттыру; 2) орам сандарын арттыру; 3) шарғы ішіне темір өзекше енгізу;
а) тек 1;б) тек 2;в) тек 3; г) 1,2,3; д) ондай жағдай мүмкін емес.
6.Кернеуді арттыруға немесе кемітуге арналған құрылғы:
а) генератор; б) электрқозғалтқыш; в) электромагниттік аспап; г) магнитоэлектрлік өлшеуіш аспап; д) трансформатор.
7.Компас тогы бар өткізгіштің жанында орналасқан.Егер өткізгіштегі токтың бағытын өзгертсе, магнит тілше қандай өзгеріске ұшырайды?
а) тілше бір айналым жасап, тоқтайды; б) тілше айнала бастайды және тоқтамайды;
в) тілше шамамен 180ºС-қа бұрылады; г) тілшемен еш өзгеріс болмайды;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
8.Параллель орналасқан екі түзу өткізгіш арқылы қарама-қарсы бағытта ток жібергенде:
а) өткізгіштер бір-біріне тартылады; б) өткізгіштер бір-бірінен тебіледі; в) өткізгіштерде
еш өзгеріс болмайды; г) өткізгіштер созылады; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
9.Суретте магнит полюстерінің арасында сызба жазықтығына перпендикуляр орналасқан
тогы бар өткізгіш көрсетілген.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсет.
а) өткізгішке әсер ететін күш оңға қарай бағытталған;
б) өткізгішке әсер ететін күш солға қарай бағытталған;
в) өткізгішке әсер ететін күш бізден ары қарай бағытталған;
г) өткізгішке әсер ететін күш бізге қарай бағытталған;
д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.
S
S
N
10. Магнит өрісінде орналасқан өткізгіштегі токтың бағытын өзгерту үшін ... қажет.
а) өткізгіштегі ток күшін арттыру; б) өткізгіштегі ток күшін кеміту; в) магниттің полюстерінің орнын ауыстыру; г) өзгерту мүмкін емес; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.