С. К. Кубиев Автомобиль генераторының құрылысы және жұмысы



бет1/7
Дата25.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#133299
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
автомобиль генераторы


Сабақтың тақырыбы: Автомобильдің генераторы, құрылысы және пайдаланылуы
Құрастырған:арнайы пән мұғалімі
С.К.Кубиев
Автомобиль генераторының құрылысы және жұмысы
Кез-келген автомобильдің электр жүйесінің құрамына генератор кіреді.Генератор-қозғалтқыштан алынған механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы.Кернеуді реттегішпен бірге ол генератор құрылғысы деп аталады.Қазіргі таңда айнымалы токтың генераторы қолданылады.Олар кейбір қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.
Генераторға қойылатын талаптар мыналар: 1. генератордан шығатын өлшемдер мынадай болуы шарт,автомобильдің кез-келген қозғалысында аккумулятор батареясы қуатын азайтпау керек; 2. айналу күшінің өзгергеніне және салмақтың өсуіне байланысты автомобильдің борттық жүйесіне генератормен берілетін кернеу бірқалыпты болуы керек. Соңғы талаптың туындауы,кернеудің бірқалыпты болмауы аккумулятор батареясына қатты әсерін тигізеді.Өте төмен кернеу батареяға жеткілікті қуат бере алмайды,сондықтан қозғалтқыштың оталуы қиындайды,ал өте жоғары кернеуден батареяның қуаты шамадан тыс көбейеді, бұл оның жылдам істен шыуына әкеліп соқтырады. Барлық автомобильдер үшін генератордың жұмыс істеуі,құрылысы бірдей болады,тек айырмашылығы оның дайындалудағы сапасы,сыртқы өлшемі,жалғану бөліктерінің орналасуы.

Генератор 1-шкив 2- алдыңғы және артқы қақпақтар 3- ротор 4-статор 5- түзеткіш диодтардың жиынтығы 6- кернеуді реттегіш 7- щеткалы құрылым 8- қақпақша

Генератордың басты бөлшектері:

  • 1.Шкив – қозғалтқыштың механикалық энергиясын генератордың валына ремень арқылы жеткізуге арналған ; 2.Генератордың сыртқы қаңқасы екі қақпақтан тұрады: алдыңғы (шкив жағынан) және артқы (түйісу сақиналары жағынан), статорды бекіту үшін, генераторды қозғалтқышқа орнату үшін және ротордың подшипниктерін орнату үшін арналған.Артқы қақпағында токты түзеткіш,щетка құрылымы,кернеуді реттегіш (егер ол орналастырылған болса) және электрқұрылғыларының жүйесіне сырттан қосу жалғағыштары орналастырылады; 3.Ротор - үшкіртұмсықты болаттан жасалған екі төлке орналастырылған болат вал.Олардың арасында шеттері түйісу сақинасымен жалғасқан қоздырғыш орам орналасқан.Генераторлар цилиндрлік мыстан жасалған түйісу сақиналарымен жарақталған ; 4.Статор – тұрба тәріздес болат табақшалардың жиынтығы.Оың ойығына генератордың қуатын туғызатын үштілді орам орнатылған ; 5.Түзеткіш диодтардың жиынтығы – тығыздалған үш үштен оң және теріс жылу өткізгіштерден тұратын,алты күшті диодтарды біріктіреді; 6.Кернеуді реттегіш – генератордың роторының айналу жиілігінде және қоршаған ортаның температурасының,автомобильдің борттық жүйесінде электр тогының күшін белгілі бір шегінде ұстап тұратын құрылғы ; 7.Щеткалы құрылым – алынбалы пластмассалы қондырғы.Мұнда серіппемен орналастырылған,ротордың түйіспелі сақиналары орналастырылған;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет