Статордың орамындағы шығатын кернеу жойылады.Ротор айналғанда қарама қарсы статордың катушкасының орамында кезекпен ротордың"солтүстік" және «оңтүстік" шеткі нүктелерінде, яғни статордың катушкасына енетін,магнит өрісінің бағыты өзгереді де,онда айнымалы кернеудің пайда болуына себеп болады.Бұл кернеудің жиілігі генератордың айналу жиілігіне және оның шеткі нүктелерінің жұбына байланысты болады.
Автомобильдің борттық жүйесінде тұрақты кернеудің болуы шарт.Сондықтан, статордың орамы ток күшін автомобильдің борттық жүйесіне генераторда орналастырылған түзеткіш арқылы береді. Түзеткіш үш тінді жүйеде алты күшті жартылай өткізгіш диодтардан тұрады, олардың үшеуі генератордың "+" шығырына,ал басқа үшеуі "—« шығырына ("массаға")қосылған. Жартылай өткізгіш диодтар ашық түрде тура бағыттағы кернеуді өткізуге кедергі келтірмейді және кері бағыттағы токтың кернеуін өткізбейді.Түзеткіш диод дегеніміз,жылу өткізгіште тығыздалып оралған,кремнийден жасалған жалғағыштан тұратын, қарапайым жартылай өткізгіш .