Жылу реттелуі Изотермия – дене мен организмнің ішкі ортасы температурасының тұрақтылығы. Изотермия гомеостаздың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады Дене температурасының тұрақтылығын



Дата27.09.2022
өлшемі433,35 Kb.
#150958
Байланысты:
Жылу реттелуі fc42a6c53e942820e1c0a05a05cff3f2 (копия)
165 Психомоторика жане сенс.пр.дамыту, зедебұзылыстары, 24.11.21 Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы, Ï?í òóðàëû à?ïàðàò (Ì?ë³ìåò), Демография Умида

Жылу реттелуі
Изотермия – дене мен организмнің ішкі ортасы температурасының тұрақтылығы.
Изотермия гомеостаздың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады
Дене температурасының тұрақтылығын бірқатар жылу түзуші жылуды шығарушы ағзалардан тұратын функциялық жүйе, сондай-ақ олардың қызметін реттейтін механизмдер қамтамасыз етеді.
  • Гомойотермді (жылы қанды жануарлар мен адам)
  • Пойкилотермді (салқын қанды жануарлар).
  • Гетеротермді (аю, суыр және т.б.)

Жылу реттелуінің типтері
  • Қолтық – 36о-37о
  • Ауыз қуысы – 37,2о-37,5о
  • Тік ішек – 37,5о-37,9о
  • Ішкі ағзалар – 37,8о-38о
  • Бауыр – 38,5о-39,5о
  • Кеуде – 30о-34о
  • Қол – 29,5о-33о
  • Аяқтың саусақтары, мұрынның ұшы - 22о

Дененің әр түрлі бөлімдерінің температурасы
Тәулік ішінде адам денесінің температурасы 0,5-0,9о ауытқып отырады.
Түнде температура төмендеп, күндіз – артады.
Жылу реттелуінің механизмі
Химиялық (жылудың түзілуі)
Физикалық (жылудың шығарылуы)
Дене температурасының тұрақтылығы жылу түзілуі мен шығарылу үрдістерінің динамикалық тепе-теңдігі жағдайында сақталады.
Химиялық жылу реттелуі
Жылудың түзілуі заттар алмасуымен, белоктардың, майлар мен көмірсулардың тотығуымен байланысты. Бұл экзотермиялық реакция.
Түрлі ағзалардағы жылудың үлесі:
Бұлшық еттерде – 60-70%.
Бауырда, ішек-қарында – 20-30%.
Бүйрек пен басқа да ағзаларда – 10-20%.
Физикалық жылу реттелуі (жылудың шығарылуы)
Жылудың шығарылу жолдары:
  • Жылуды өткізу (басқа заттармен жанасқанда).
  • Конвекция – тері бетімен жанасатын ауаға берілуі.
  • Жылуды сейілдіру (радиация) – инфрақызыл диапазондағы жылуды сейілдіру.
  • Булану (кілегей қабаттардан, өкпе арқылы, тер шығару)

Изотермияның реттелуі
Терморецепторлар:
  • Шеткі (тері, кілегейлі қабат, ішек-қарын жолы ағзалары).
  • Орталық (гипоталамус, ортаңғы ми, ми қыртысы) - суық рецепторлары (Краузе сауытшалары) - жылу рецепторлары (Руффини денешіктері)

Импульстер терморецепторлардан афференттік жүйке талшықтарының бойымен жұлынға келеді, жұлын-таламус жолымен таламусқа, гипоталамусқа және ми қыртысына келеді.
Гипоталамустың алдыңғы ядролары физикалық жылу реттелуін қадағалайды.
Гипоталамустың артқы ядролары химиялық жылу реттелуін қадағалайды.
Гуморальдық реттелуін ІСБ гормондары жүзеге асырады (қалқанша без, гипофиз, бүйрек үсті бездері, жыныс бездері).
Гормондар: АКТГ, соматотропин, тироксин, адреналин, норадреналин, жыныс гормондары.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет