Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Тәжірибе. Ақуыз ерітіндісінің коагуляциясы



бет97/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет

2. Тәжірибе. Ақуыз ерітіндісінің коагуляциясы
Жұмыстың мақсаты: ақуыздың электролит ерітінділерімен коагуляциясын қарастыру
Реактивтер және құрал-жабдықтар: екі тауық жұмыртқасы, ерітінділер – 6н СН3СООН, 1% Cu(NO3)2, 1% K2[Fe(CN)6], пробиркалар, көлемі 5мл градуирленген пипеткалар, шыны воронкалар, фильтр қағаздары, проекциялық шамы.
Жұмыс барысы:
Тәжірибені бастамас бұрын альбуминнің ерітіндісін дайындайды. Ол үшін екі жұмыртқаның ақуызын бөлек бөліп алып, оны сегіз есе дистелденген сумен сұйылтады да қатты шайқайды. Глобулиннің түскен тұнбасын филтрлеу арқылы бөліп алады. Альбуминнің алынған мөлдір ерітіндісін 5мл-ден төрт пробиркаға бөледі. Содан соң 1-ші және 4-ші пробиркаларға 0,2мл-ден 6н сірке қышқылынан қосады да пробиркаларды қатты сілкейді. Енді 1-ші және 2-ші пробиркаларға 5 тамшыдан 1%-тік мыс сульфатын, ал 3-ші және 4-ші пробиркаларға 5 тамшыдан 1%-тік калий гексацианоферратын қосады да барлық пробиркаларды қайтадан қатты сілкейді. Енді барлық төрт пробирканы проекциялық шамы арқылы экранға шығарып, әр пробиркада болып жатқан өзгерістерді байқайды.
Тәжірибенің нәтижелері. 2-ші және 3-ші пробиркаларда ақуыздың айқын коагуляциясы басталғаны көрінеді. Ал бірініші және төртінші пробиркаларда альбумин ерітінділері мөлдір болып қалады да өзгермейді.
Түсініктеме. Алынған ерітіндіде альбумин теріс зарядталған, сондықтан ол қосылған мыс (II) иондарының әсерінен коагуляцияланады. Екі зарядталған гексацианоферраттың иондары ақуыздың коагуляциясын тұғызбайды, себебі олардың зарядтары біраттас. Ал ерітіндіні қышқылдандырғанда ақуыз макромолекулалары оң зарядталады, сондықтан олар қосылған гексацианоферраттың екі зарядталған аниондарынан коагуляцияға ұшырайды. Бірақ бұл жағдайда оң зарядталған мыс (II) иондары коагуляцияны тұғызбайды. Нитрат және калий иондары бір валентті иондар болғандықтан, олар барлық жағдайларда ақуыз макромолекулаларының коагуляциясын тұғыза алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет