Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы қалай ерекшеленеді? Оларға қандай факторлар әсер етеді?
2. Коагуляция дегеніміз не? Коагуляцияны тұғызаттын заттар мен шарттар?
3. Шульце-Гарди ережесін түсіндіріңіз
4. Коагуляция табалдырығы дегеніміз не?
5. Седиментация дегеніміз не?
6. Стокс формуласы.
№ 14 Зертханалық жұмыс
1. Тәжірибе. Коллоидтық ерітінділердің коагуляция құбылысы
Жұмыстың мақсаты: темір (III) гидроксиді золіннің коагуляция табалдырығын анықтау
Реактивтер және құрал-жабдықтар: темір (III) хлоридінің 2%-ті ерітіндісі, дистелденген су, пробиркалар, спирт шамы
Жұмыс барысы:
Алдымен темір (III) хлоридінің ерітіндісінен темір гидроксидінің зольін дайындап, оны диализ әдісімен тазалап алыңыз. Енді үш пробиркаға 5мл-ден (5*10-6 м3) темір гидроксидінің коллоидтық ерітіндісін құйыңыз.
Үш бюретканы алып, оларды келесі электролит ерітінділерімен толтырыңыз: а) 1н калий хлоридімен, б) 0,01н натрий сульфатымен, в) 0,001н калий роданидімен.
Темір гидроксидінің золі бар бірінші пробиркаға тамшылатып калий роданитінің ерітіндісін бюреткадан тамыза бастайды да, ерітіндіні жақсылып араластарады. Коагуляцияның басталу белгісі зольдің барлық көлемінде лайлануы болып табылады Мұның себебі зольдің микробөлшектерінің көзге көрінетін макробөлшектерге бірігуімен түсіндіріледі. Электролитті міндетті түрде тамшалатып қосу керек, алдын ала әр бір тамшының көлемін белгілеп өлшеп алады. Содан соң коагуляцияға жұмсалатын электролит ерітіндісінің көлемі анықталады да коагуляция табылдырығы есептелінеді:
CТ – коагуляция табалдырығы (кг-экв/м3),
Nэл – электролит концентрациясы,
Vэл – жұмсалған электролиттің көлемі (м3),
Vзоль – коагуляция үшін алынған зольдің көлемі (5*10-6м3).
Дәл осы әдісімен қалған екі электролитпен зольдің коагуляциясын анықтаңыз. Коагуляцияның жоғарғы табалдырығын төменгісіне бөлу арқылы үш валентті ионның коагуляциялаушы қабілеті бір валентті ионымен салыстырғанда неше есе артық екенін анықтаңыз.
Алынған нәтижелерді төмендегі кестеге салып, жұмыстың қорытындысын жасаңыз:
Зольдің көлемі, Vзоль, м3
|
KCl-мен коагуляция
|
Na2SO4-коагуляция
|
KCNS-коагуляция
|
|
Vэл, м3
|
СТ,
кг-экв/м3
|
Vэл, м3
|
СТ,
кг-экв/м3
|
Vэл, м3
|
СТ,
кг-экв/м3
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |