4. Тәжірибе. Диализқұбылысы Жұмыстың мақсаты: диализ жолымен Fe(OH)3коллоидтық ерітіндісін тазалу Реактивтер және құрал-жабдықтар: Fe(OH)3 коллоидтық ерітіндісі, пергамент қағазы, шыны таяқшасы, жіп, химиялық стакан, дистилденген су
Жұмыс барысы: 1 тәжірибеде алынған Fe(OH)3 коллоидтық ерітіндісін пергамент қағазынан жасалған қалташаға құйыңыз. Қалташаны шыны таяқшаға іліп, дистилдеген суы құйылған стақанға түсіріңіз. Пергамент арқылы зольдің өтуін визуальді қалай байқауға болады?
Пергамент арқылы электролиттің иондары (мысалы Cl--хлорид аниондары) өтіп жатқанын дәлілдеу үшін қажетті реактивтерді өздеріңіз таңдаңыз. Бұл жағдайда жартылай өткізгіш мембрана дегеніміз не?