Көне жазбаның мазмұны. Жазу материалы, көлемі мен форматы.
Түпнұсқалылығы, басты сипаты.
Орыс қолжазбаларының басым көпшілігі пергамент пен қағазда жазылған. Тұрмыста мұның үстіне кайың кабығы да қолданылды.
Орыс қолжазбаларының басым көпшілігі пергамент пен қағазда жазылған. Тұрмыста мұның үстіне кайың кабығы да қолданылды.
Пергаментті жасап шығару үшін төлдің (бұзаудың, қозының т. б.) терісін алды да, оны мұқият өңдеп шықты. Сөйтіп, жазу үшін әдемі мықты және қолайлы, бірақ төтенше қымбат материал алынды. Бір теріден 2—3 парақ пергамент жасап шығаруға болатын еді. XI—XII ғасырлардағы орыс қолжазбалары Византиядан, Батыс Европаның басқа елдерінен әкелінген пергаментке жазылатын-ды: XIII ғасырдан бастап, тұрмыста жергілікті пергамент қолданыла бастады.
Пергаменттің қымбаттылығынан бір кезде жазылған тексті қырып тастау немесе жуып тастау жиі кездескен, ал содан соң оның орнына жаңасын жазған. Мұндай қолжазбалар палимп-сестер деп аталды. Бұндай қолжазбалардың жаңа тексі ғана емес, сондай-ақ ескі тексі де бағалы, өйткені химия реактивтері мен түсті бөліп көрсететін фотографияның көмегімен оны оқуға болатын еді.
Күнделікті тұрмыстық сипаттағы жазбалар үшін XI—XV ғасырларда ежелгі Русьте өңделген қайың қабығын қолданған, демек оның ішкі ылғал бетіне үшкір таяқшамен (сүйек немесе металл) текстер тырналып түсірілген. Қайың қабығы — өте нәзік материал. Бірақ оның дымқыл жерде жақсы сақталатындығы мүлдем кездейсоқ жағдайда белгілі болған. Сондықтан да 500-ге жуық қайың қабығы грамоталары бізге дейін жетіп отыр, бірақ олардың саны әрине бұдан әлдеқайда көп болған ғой.