Қолжазбаларды палеографиялық жағынан сипаттау



бет2/4
Дата23.04.2024
өлшемі195,23 Kb.
#201211
1   2   3   4
Байланысты:
Қолжазбаларды палеографиялық жағынан сипаттау

XIV ғасырдың бірінші жартысында жазу материалы ретінде қағаз пайдаланыла басталды. ;Қағазға жазылған ең ежелгі документтер: Семен Гордыйдың ағалы-інілі Иван және Андреймен жасасқан шарты (1341), Ярославск Спасск монастырына (1345 жылдар шамасы) Нижегород князі Василий Давыдовичтің жолдаған сыйлық грамотасы. XV ғасырдағы қолжазбалардың көп бөлігі қағазға жазылған ал XVI ғасырда сирек жағдайда ғана қолданылады.

  • XIV ғасырдың бірінші жартысында жазу материалы ретінде қағаз пайдаланыла басталды. ;Қағазға жазылған ең ежелгі документтер: Семен Гордыйдың ағалы-інілі Иван және Андреймен жасасқан шарты (1341), Ярославск Спасск монастырына (1345 жылдар шамасы) Нижегород князі Василий Давыдовичтің жолдаған сыйлық грамотасы. XV ғасырдағы қолжазбалардың көп бөлігі қағазға жазылған ал XVI ғасырда сирек жағдайда ғана қолданылады.

Алғашқы кездерде Россияда шетел өндірісінің қағаздары пай-даланылды: XIV—XV ғасырларда — итальян, XV ғасырда — негізінен француз, сонан соң неміс, XVI ғасырда поляк, ал XVII ғасырда голланд қағаздары пайдаланылды, XVI—XVII ғасырда Россияда өз қағаз өндірісін жолға қоюға әрекет жасалды. Бірақ тек XVIII ғасырдың бірінші ширегінде ғана бұны жүзеге асыруға қол жетті. Біршама арзан жазу материалын — қағазды қолдану — Россияның экономикалық және мәдени дамуының қажеттеріне сай келді, өз кезегінде бұл одан арғы ғылыми-техникалық прогреске (мысалы, кітап басуға) жол ашты.

  • Алғашқы кездерде Россияда шетел өндірісінің қағаздары пай-даланылды: XIV—XV ғасырларда — итальян, XV ғасырда — негізінен француз, сонан соң неміс, XVI ғасырда поляк, ал XVII ғасырда голланд қағаздары пайдаланылды, XVI—XVII ғасырда Россияда өз қағаз өндірісін жолға қоюға әрекет жасалды. Бірақ тек XVIII ғасырдың бірінші ширегінде ғана бұны жүзеге асыруға қол жетті. Біршама арзан жазу материалын — қағазды қолдану — Россияның экономикалық және мәдени дамуының қажеттеріне сай келді, өз кезегінде бұл одан арғы ғылыми-техникалық прогреске (мысалы, кітап басуға) жол ашты.

Қағаз жасап шығарғанда сұйық масса рамаға керілген сым тордың үстіне құйылды. Бұл масса кепкеннен кейін, рамадан енді дайын қағаз алынды. Мұның бетінде сымның таптары— жарыққа ұстағанда көрінетін мөлдір сызықтар болды. Фирма мен қағаз сортын таңбалау үшін фабриканттар торға ерекше сым суреттерді өрді, бұлардың табы судағы таңба немесе филиграндар деп аталады. Судағы таңбалар осы қағаздың шыққан уақыты мен жерін анықтауға мүмкіндік беретіндіктен (ал осы таңбалар бойынша қолжазбаны да) ғалымдар XVIII ғасырдың өзінде-ақ датасы қойылған судағы таңбалардың альбомдарын құрастыра бастады. Қазіргі кезде тарихшылар К.Я.Тромониннін, Н.П.Лихачевтін, Ш.Брикенін атластарын, М.В. Кукушкинаның, С. А. Клепиковтың т. б. анықтағыштарын пайдаланады.

  • Қағаз жасап шығарғанда сұйық масса рамаға керілген сым тордың үстіне құйылды. Бұл масса кепкеннен кейін, рамадан енді дайын қағаз алынды. Мұның бетінде сымның таптары— жарыққа ұстағанда көрінетін мөлдір сызықтар болды. Фирма мен қағаз сортын таңбалау үшін фабриканттар торға ерекше сым суреттерді өрді, бұлардың табы судағы таңба немесе филиграндар деп аталады. Судағы таңбалар осы қағаздың шыққан уақыты мен жерін анықтауға мүмкіндік беретіндіктен (ал осы таңбалар бойынша қолжазбаны да) ғалымдар XVIII ғасырдың өзінде-ақ датасы қойылған судағы таңбалардың альбомдарын құрастыра бастады. Қазіргі кезде тарихшылар К.Я.Тромониннін, Н.П.Лихачевтін, Ш.Брикенін атластарын, М.В. Кукушкинаның, С. А. Клепиковтың т. б. анықтағыштарын пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет