Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет70/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет

Құрал-жабдықтар: аналитикалық және технохимиялық таразы, бюкс, эксикатор, темір қысқыштары, газ шамы, фарфор үшбұрыш, штатив, муфель пеші, кептіргіш шкаф
Жұмыс барысы:
Өлшендіні алу. Өлшеуге арналған бюксті жуып, кептіргіш шкафта кептіріп, 20 минутқа эксикаторға салып қойыңыз. Кептіргенде және суытқанда бюкстің ауызы ашық болу керек, ал өлшегенде оны қақпақпен жауып қояды. Енді бюксті қақпақпен жауып, оның дәл массасын аналитикалық таразыда өлшеп, жазып алыңыз.
Технохимиялық таразыда жуық шамамен 1,5г барий хлоридінің кристаллогидратын өлшеп алыңыз да, оны бюкске салып, бюксті қақпақпен жауып, енді тұзы бар бюкстің қайтадан аналитикалық таразыда дәл массасын өлшеп, жазып алыңыз.
Кептіру. Тұзы бар бюксті кептіргіш шкафқа 2 сағатқа салып қойыңыз да, температурада кептіріңіз. Бюксті шкафқа қойғанда, оның ауызын ашып, қақпағын алып, қасына қойыңыз. Бюкстің астына қағаз төсеп қойыңыз. Екі сағат өткен соң, бюксті қақпақпен бірге қысқышпен алып, 20 минутқа эксикаторға салып қойыңыз. Бөлме температурасына дейін суытылған бюксті қақпақпен жауып, аналитикалық таразыда өлшейді. Массасын жазып алыңыз.
Содан соң тұзы бар бюксті қайтадан бір сағатқа кептіргіш шкафқа қойып, эксикаторда суытып, массасын қайтадан өлшейді де салыстырады. Егер екі соңғы өлшеудің мәндерінің айырмашылықтары 0,0001 граммнан аспаса, онда кристализацияланған су толығымен ұшып кеткенін белгісі және тәжірибені аяқтауға болады деген сөз. Ал егер екі соңғы өлшеудің мәндерінің айырмашылықтары 0,0001 граммнан асса, онда кептіруді массасы тұрақтанғанша жүргізу қажет.
Өлшеудің барлық мәндерін зертханалық дәптерге жазып отыру керек.
Талдаудың протоколы:

  1. Қақпақпен жабылған бюкстің массасы ( г):

  2. Тұзы бар бюкстің массасы ( г):

  3. Тұздың өлшендісі (г):

  4. Кептірілгеннен кейінгі заты бар бюкстің массасы ( г):

  5. Өлшендідегі кристализацияланған судың мөлшері (г):

Мысалы: тәжірибе барысында келесі нәтижелер алынған:

    • бюкстің массасы – 12,4234г.

    • тұзы бар бюкстің массасы – 13,9602г.

    • өлшендінің (тұздың) массасы – 1,5368г

Кептірілгеннен кейінгі заты бар бюкстің массасы: 1) 13,7352г., 2) 13,7341г., 3) 13, 7340г. болды.
Өлшендідегі кристализацияланған судың мөлшері тең болады:

Онда тұздың құрамындағы судың үлесі тең болады:
1,5368 г құрамында 0,2262г бар
100г құрамында Х г бар
немесе 14,72%


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет