Реактивтер және құрал-жабдықтар: 1,5%-ті калий перманганатының (KMnO4) және 1%-тік натрий тиосульфатыны (Na2S2O3) ерітінділері, пробиркалар, микропипетка, дистилденген су
Жұмыс барысы: Марганец диоксиді суда ерімейді. Ол бейтарап ортада калий перманганатының тотықсыздану нәтижесінде келесі реакция бойынша алынуы мүмкін:
8KMnO4 + 3Na2S2O3 + H2O 8MnO2 + 3K2SO4 + 2KOH + 3Na2SO4 Пробиркадағы 1мл 1,5%-тік калий перманганатының ерітіндісіне 10мл су қосыңыз, содан соң пипетка арқылы тамшылатып оған 0,5мл 1%-тік натрий тиосульфатының ерітіндісін тамызыңыз. Ерітіндіде қандай өзгерістер байқалады?
Қорытынды: Алынған марганец диоксидінің золі мицелласының құрылысын жазып, зарядын анықтаңыз, егер стабилизатор калий перманганаты болса.
Г тәжірибесі.Еселік алмасу реакциясы бойынша күміс йодидінің золін алу