Аналитикалық химия лабораториясында жұмыс орындау ережелері және техника қауіпсіздігі
Аналитикалық химия лабораториясында қолданылатын заттардың көпшілігі улы, сондықтан жұмыс орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды қажет етеді. Қауіпсіздік шараларын сақтамау әдетте, өрт, жарылыс және т.б. Келеңсіз жағдайлардың болуына әкеледі. Жұмыс орнында тазалық және тәртіп болуы тиіс. Барлық реактивтер таза болуы керек. Құрғақ заттарды алғанда арнайы шпательдерді қолданады. Реактивтер тұрған ыдыстардың қақпақтарын алмастыруға болмайды. Жұмыс орындаған кезде қолданылатын әрбір студенттің жеке пипеткасы мен таяқшасы таза сынауықта немесе стақанда дистилденген суда тұруы тніс. Дистилденген суды жиі-жиі ауыстырып тұру керек. Қолданылатын ыдыстардың тазалығына аса назар аударылуы тиіс. Майлы ыдыстарды алдымен крандағы сумен, содан кейін хромды қоспамен, кейін бірнеше рет крандағы сумен, соңында дистилденген сумен шаяды және төңкеріп кебуге қалдырады. Электр құралдарымен (центрифута, кептіргіш шкаф, муфель пеші, электроплитка т.б.) Жұмыс орындағанда олармен жұмыс істеу ережесін қатаң сақтау қажет.
Жұмыс соңында міндетті түрде:
- электр құралдарының, газ плиткасының өшірілгенін;
- электр жарығының сөнгенін;
- сукрандарының жабылғанын тексеру керек.
Аналитикалық химия лабораториясында жұмыс орындау кезінде студент техника қауіпсіздігі ережелерін қатан сақтау қажет.
1. Лабораториялық жұмысты орындауға жұмыс жоспары дайын болған кезде, оқытушының рұқсатымен ғана кірісуі керек.
2. Жұмысты орындау кезінде аналитикалық реакцияны орындау шартын, әсіресе оқулықта көрсетілген реактивтің мөлшерін сақтау керек.
Аналитикалық лабораторияда жұмыс істейтін әрбір студент мына жалпы ережелерді:
1. Өртке қарсы қолданылатын заттардың өрт сөндіргіш, құм салынған жәшік, асбест немесе киіз көрпе және медициналық қобдишаны қайда тұрғанын;
2. Лабораторияда тамақ жеуге, химиялық ыдыстармен су ішуге
Минералды қышқылдар тері мен көзге тисе адам мүшелерін күйдіреді. Сондықтан бұл заттармен жұмыс кезінде төмендегі тәртіптерді сақтау қажет:
1. Қышқылдар және сілтілермен жұмыс жасағанда, кауіпсіздік көзәйнек пен резина қолғаптарын пайдалану.
2. Қышкылдар мен сілтілерді пипеткамен ауызға тартуға мүлдем
Болмайды.
3. Күкірт қышқылын сұйылтқанда ыстыққа төзімді ыдыста жасау қажет (қышқылды суға құю қажет).
4. Раковинаға қышқыл, сілті, басқа да химиялық заттардың қалдықтарын құюға болмайды, оларды арнайы ыдыстарға жинайды.
Лабораторияда алғашқы көмек көрсетуге қажетті таниннің спирттегі ерітіндісі, калий перманганаты, бор қышқылы, натрий гидрокарбонаты, йод, макта, бинт, пластырь, күйгенде жағатын майлар, аэрозольдер болуы керек.
Болмайтынын;
3. Заттың дәмін көремін деп ауызға салуға болмайтынын және иісін иіскегенде ереже бойынша иіскеу қажет екендігін;
4. Жұмыс істеп тұрған құралды қараусыз қалдыруға болмайтынын;
5. Көзді ашытып, түтін шығаратын заттармен тек сорғыш шкафта жұмыс жасау керек екендігін білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |