1 Титриметрлік талдау әдістері
Титриметрлік талдау дегеніміз массаны өлшеуді көлемді өлшеу арқылы орындайтын сандық талдау әдісі.
Титриметрлік талдаудың мәні келесіде болады. Талданатын зат өлшендісінен дайындалған ерітіндіге (немесе осы ерітіндінің көлемінің белгілі бір бөлігіне) әрекеттесетін заттар толық әрекеттескенше, концентрациясы тура белгілі ерітінді біртіндеп қосылады. Титрлеуге жұмсалған реактивтің көлемін тура өлшеу арқылы талданатын үлгідегі анықталатын заттың массасын есептеп шығарады.
Заттар бір-бірімен толық әрекеттескеннен кейінгі реакцияның аяқталу уақытын эквивалент нүктесі деп атайды. Себебі, бұл кезде әрекеттесетін заттардың мөлшерлері қатаң эквивалентті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |