Аналитикалық химия


Өздігінен есептеуге арналған есептер



бет9/15
Дата07.02.2022
өлшемі400,05 Kb.
#91088
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Аналитика есеп

Өздігінен есептеуге арналған есептер



  1. 250,0 мл. NaOH ерітіндісінде осы заттың 10,00 г бар. Осы ерітіндінің титрі неге тең болады?

  2. 1 литрінде келесі заттар бар ерітінділердің нормалдығы неге тең: а) 4,0106 г HCl; б) 4,8059 г H2SO4 ?

  3. Титрі 0,003592 г/мл болатын HCl ерітіндісінің нормалдығын табу қажет.

  4. 0,1205 н. H2SO4 ерітіндісінің титрі неге тең болады?

  5. 200 мл 0,0900 н. калий гидроксидінің ерітіндісінде қанша грамм КОН бар?

  6. 20 мл HNO3 ерітіндісін титрлеуге 15 мл 0,1200 н. NaOH ерітіндісі жұмсалды. Азот қышқылы ерітіндісінің нормалдығы мен титрі неге тең болады?

  7. 25,00 мл H2SO4 ерітіндісін титрлеуге 22,50 мл 0,0950 н. КОН ерітіндісі жұмсалды. 5 л күкірт қышқылының осы ерітіндісінде қанша грамм H2SO4 бар?

  8. а) 1,8909 г қымыздық қышқылының Н2С2О4·2Н2О х.т. өлшендісінде; б) 20 мл 0,12 н. NaOH ерітіндісінде қанша грамм-эквивалент бар?

  9. а) 0,4240 г Na2CO3 х.т. өлшендісінде; б) 50 мл 0,20 н. H2SO4 ерітіндісінде қанша миллиграмм-эквивалент бар?

  10. 0,1560 г х.т. (екінегізді) янтарь қышқылының өлшендісін титрлеуге 26,00 мл КОН жұмсалды. Калий гидроксидінің ерітіндісінің нормалдығы мен титрі неге тең?

11) Судың еркін көлемінде ерітілген қымыздық қышқылының 0,1500 г өлшендісін титрлеу үшін 25,60 мл 0,0900 н. КОН ерітіндісі жұмсалды. Қымыздық қышқылының берілген препаратында Н2С2О4•2Н2О-нің қанша пайызы бар?
12) 0,0340 г AgNO3-ті титрлеу үшін 20,00мл HCl ерітіндісі жұмсалды. ТHCl/Ag табу қажет.
13) 0,1144 г СаСO3-ті титрлеу үшін 27,65мл HCl ерітіндісі жұмсалды. ТHCl/СаО табу қажет. (12-ші есепті қара).
14) Массасы 0,2000 г болатын MgSO4 ∙ 7H2O өлшендісін еріткеннен кейін магнийді 14,64 мл 0,05500М ЭДТА ерітіндісімен титрледі. MgSO4 ∙ 7H2O өлшендісіндегі индифферентті қоспалардың массалық үлесін (%) анықтау қажет.
15) Массасы 0,2000 г болатын руда өлшендісінен алынған FeCl2 ерітіндісін титрлеуге титрі =0,006500 г/мл болатын 20,00 мл бихромат ерітіндісі жұмсалды. Рудада қанша пайыз темір бар?
16) а) Ba(OH) бойынша; б) NH бойынша; в) N2 бойынша 0,09000 н. күкірт қышқылының титрлері неге тең?
17) Титрлеуге 20-30 мл 0,1 н. H2SO4 ерітіндісін жұмсау үшін соданың Na2CO3 қанша грамм өлшендісін алу қажет?
18) 20,00 мл 0,0300 н. FeSO4 ерітіндісін титрлеу үшін 0,0200 н. KMnO4 ерітіндісінің қанша мл-і қажет?
19) Массасы 0,6500 г болатын қорытпа өлшендісін ерітіп, бөгет жасайтын элементтерді құрамынан шығарғаннан кейін, ерітінді көлемін 250,00 мл-ге жеткізді, осы ерітіндінің 20,00 мл-не Na2MgЭДТА қосты және 15,18 мл 0,05023 М ЭДТА ерітіндісімен титрледі. Қорытпадағы алюминийдің массалық үлесін (%) анықтау қажет.
20) Тығыздығы 1,396 г/см болатын 40%-ды CaCl ерітіндісінің нормалдығы неге тең?
21) Тығыздығы 0,958 г/см болатын 10%-ды NH ерітіндісінің молярлық концентрациясын есептеу қажет.
22) 3 л 0,1000н. ерітінді дайындау үшін қанша миллилитр 2,00н. HNO ерітіндісі қажет?
23) 1 н. ерітіндінің қандай көлеміне 23,8мл 0,20н. HCl ерітіндісі эквивалентті?
24) 5 л 0,1 н. ерітінді дайындау үшін 20%-ды HCl ерітіндісінің (тығыздығы 1,098 г/см ) қанша миллилитрі қажет?
25) 25%-ды HCl ерітіндісін дайындау үшін 10%-ды HCl ерітіндісінің (тығыздығы 1,047 г/см ) қанша миллилитрін 50 мл 37,23%-ды ерітіндіге (тығыздығы 1,19 г/см ) қосу қажет?
26) Тығыздығы 1,405 г/см болатын 1 л HNO ерітіндісіне тығыздығы 1,193 г/см болатын HNO ерітіндісін алу үшін қанша су қосу қажет?
27) Массасы 0,1512 г болатын күкіртқұрамды органикалық зат өлшендісін О2 ағынында жақты, бөлінген SO2-ні Н2О2 ерітіндісімен сіңірді. Түзілген H2SO4-ті титрлеуге 21,25 мл 0,1000М NaOH ерітіндісі жұмсалды. Бастапқы заттағы күкірттің (Мr = 32,06) массалық үлесін (%) есептеу қажет.
28) 30,00 мл тұздықты титрлеуге 15,60 мл 0,1000М AgNO3 ерітіндісі жұмсалды. Тұздықтағы NaCl (мг/мл) мөлшерін анықтау қажет.
29) Массасы 0,2486 мл болатын темір рудасының өлшендісін қышқылда ерітті, темірді Fe(II) дейін тотықсыздандырды, сонан соң 20,25 мл 0,0520 М (1/6 К2Сr2О7) калий дихроматы ерітіндісімен титрледі. Рудадағы темірдің (Мr = 55,85) массалық үлесін (%) есептеу қажет.
30) Егер сыйымдылығы 200 мл болатын өлшейтін колба болса және титрлеуді метилоранждың қатысуында орындаса, онда 0,1 н. H2SO4 ерітіндісінің титрін анықтау үшін Na2CO3 қанша өлшендісін алу қажет?
31) 0,5000 г өлшендіні сыйымдылығы 200мл болатын колбада ерітумен алынған Na2CO3 ерітіндісінің 50,00 мл-ін метилоранждың қатысуында титрлеуде 24,00 мл H2SO4 ерітіндісі жұмсалды. H2SO4 ерітіндісінің нормалдығы мен титрін есептеу қажет.
32) 0,1495г Н C O өлшендісін судың еркін көлемінде еріту арқылы алынған ерітіндісін титрлеуде 25,20 мл КОН ерітіндісі жұмсалды. КОН ерітіндісінің нормалдығы мен титрін есептеу қажет. 33) 9,7770 г концентрленген HNO -ті сыйымдылығы 1 литр болатын өлшейтін колбада еріткеннен кейін, осы ерітіндімен 25,00мл 0,1040н. NaOH ерітіндісін титрлегенде 25,45 мл алынған HNO ерітіндісі жұмсалды. Концентрленген азот қышқылында қанша пайыз HNO бар?
34) Фосфор қышқылының берілген ерітіндісін фенолфталеиннің қатысуында титрлегенде 25,50мл 0,2000н. NaOH жұмсалды. Ерітіндіде қанша грамм Н РО бар?
35) Фосфор қышқылының берілген ерітіндісін метилоранждың қатысуында титрлегенде 25,50мл 0,2000н. NaOH жұмсалды. Ерітіндіде қанша грамм Н РО бар? Бұл есепте шығаруда алдымен T табу қажет.
36) 100 мл суды титрлеуге 5,00мл 0,0900 Н HCl ерітіндісі жұмсалды. Судың карбонатты кермектігі неге тең?
37) 0,1400г темір сымды H2SO4-те ауаның қатысуынсыз еріткен кезде алынған ерітіндіні титрлеуге 24,85мл 0,1000н. KMnO4 ерітіндісі жұмсалды. Темір сымда қанша пайыз темір бар?
38) 0,2500г руда өлшендісі HCl -да ерітілді, алынған ерітіндіні титрлеуге 28,00мл 0,09950н. KMnO4 ерітіндісі жұмсалды. Рудада қанша пайыз темір бар?
39)25,00мл CaCl ерітіндісіне 40,00мл 0,1000 Н (NH ) C O ерітіндісін қосып, түзілген CaC O тұнбасын бөліп алғаннан кейін, реакцияға қатыспаған (NH ) C O ерітіндісін титрлеуге 15,00 мл 0,02000 Н KMnO4 ерітіндісі жұмсалды. 250,0мл CaCl ерітіндісінде қанша грамм Са бар?
40) Титрі 0,02446 болатын H2SO4 ерітіндісінің нормалдығын есептеу қажет.
41)Титрі 0,004020 болатын NaOH ерітіндісінің нормалдығын есептеу қажет.
42) T =0,01353 болатын ерітіндінің нормалдығын есептеу қажет.
43) T =0,002914 болатын ерітіндінің нормалдығын есептеу қажет.
44) T =0,02174 болатын ерітіндінің нормалдығын есептеу қажет.
45)Массасы 1,2548 г болатын үлгі өлшендісінен күкірт қышқылымен тиомочевинаны (NH2)2CS экстракциялады және 0,0186М сынап нитраты (ІІ) ерітіндісінің 35,25мл-ін жұмсап титрледі. Үлгідегі (NH2)2CS-тің ( мол. масса 76,06) массалық үлесін (%) есептеу қажет.
46) NaOH ерітіндісінің нормалдығы 0,09981. T . Есептеу қажет.
47) HCl ерітіндісінің нормалдығы 0,09798. T есептеу қажет.
48) NaOH ерітіндісінің нормалдығы 0,1021. T есептеу қажет.
49) T =0,03798 болғанда, сонда T қаншаға тең болады?
50) T =0,005727 болғанда, сонда T қаншаға тең болады?
51) T = 0,005643 тең болады. T табу қажет
52) =0,003645 тең болады. T табу қажет
53) 0,01 Н ерітінді үшін К=0,9123. T есептеу қажет.
54) 0,05 Н ерітінді үшін К=0,8549. T есептеу қажет.
55) 0,1046 н. HCl ерітіндісі берілген. T және T анықтау қажет.
56) T =0,004852 болатын күкірт қышқылының нормалдығы мен T табу қажет.
57) 0,1 Н H2SO4 (К=0,9808) үшін шынайы нормалдықты, молярлықты, T және T табу қажет.
58) Суда 28,00г х.т. КОН және 40,20г х.т. NaOH ерітілді және ерітіндінің көлемі 1500 мл-ге дейін жеткізілді. Алынған ерітіндінің нормалдығын есептеу қажет.
59) 550 л 0,1925 н. HCl ерітіндісіне титрі 0,02370 болатын 50,00 мл HCl ерітіндісін қосылды.
60) 1л 0,5300 н. HCl ерітіндісіне 0,5000 Н ерітінді алу үшін қанша миллилитр су қосу қажет?
61) Массасы 1,0000г болат өлшендісін қышқылдарда ерітті, болаттағы хромды Cr2O72--ге дейін тотықтырды және алынған ерітіндіге 15,00 мл 0,2500 М Мор тұзының ерітіндісін қосты. Мор тұзының артық мөлшерін 0,1000М калий перманганаты ерітіндісінің (f экв =1/5 KMnO4) 25,00мл жұмсап титрледі. Хромның (fэкв. Сr = 1/3) болаттағы массалық үлесін (%) есептеу қажет.
62) Массасы 0,2834 г мрамор өлшендісін 30,00 мл 0,3933 М HCl ерітіндісінде ерітті. Қышқылдың артық мөлшерін титрлеуге 14,10 мл 0,4400 М NaOH ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі қоспалардың массалық үлесін табу қажет.
63) 2,5 л 0,2 н ерітінді дайындау үшін тығыздығы 1,835 г/см болатын қанша миллилитр H2SO4 (fэкв =1/2) қажет?
64) 500,00мл ерітінді дайындау үшін тығыздығы 1,19 г/см болатын 20,00мл HCl алынды. Алынған ерітіндінің нормалдығын есептеу қажет.
65) 0,4217г бураны титрлеу үшін 17,50 мл тұз қышқылы жұмсалды. HCl ерітіндісінің нормалдығы мен титрін есептеу қажет.
66) Сусыз соданы (х.т.) титрлеуге 20,00 мл 0,1М H2SO4 жұмсау үшін оның қандай өлшендісін алу қажет?
67) Қымыздық қышқылын Н2С2О4·2Н2О титрлеуге 20,00 мл 0,1н. NaOH жұмсау үшін оның қандай өлшендісін алу қажет?
68) 0,6000 г Н2С2О4·2Н2О өлшендісін сыйымдылығы 100мл болатын өлшейтін колбада ерітті, алынған ерітіндінің 20,00мл-ін титрлеу үшін 18,34 мл NaOH жұмсалды. NaOH ерітіндісінің молярлық концентрациясын және оның Н2С2О4 бойынша титрін анықтау қажет.
69) 20,00мл HCl ерітіндісін титрлеуге фиксаналдан дайындалған 19,20 мл 0,1 н. NaOH ерітіндісі жұмсалды. HCl ерітіндісінің нормалдығын есептеу қажет.
70) Құрамында 92% NaOH және 8% индифферентті қоспалар бар 0,5341г сілті өлшендісін сыйымдылығы 100мл болатын өлшейтін колбада ерітті. Осы ерітіндінің 15мл-ін титрлеу үшін 19,50мл қышқыл жұмсалды. HCl нормалдығын, титрін, T анықтау қажет.
71) 15мл КОН ерітіндісін титрлеу үшін 18,70мл HCl (T =0,002864) ерітіндісі жұмсалды. КОН ерітіндісінің нормалдығын анықтау қажет.
72) Құрамында 1,530 г NaOH бар ерітіндінің 20,00мл-ін тирлеуге 14,70 мл HCl (T =0,00380) жұмсау үшін ерітіндінің қандай көлемін алу қажет?
73) Фенолфталеиннің (pТ=9) қатысуында 0,01 н. HCl ерітіндісін 0,01 н. NaOH ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қателігін есептеу қажет.
74) 0,91 н. HCl ерітіндісін 0,01н. NaOH ерітіндісімен бромфенолды көктің (рТ=3,8)қатысуында титрлеуге бола ма?
75) Метил қызылдың (pТ=5) қатысуында 0,1 н. NaOH ерітіндісін 0,1 н. HCl ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қателігі қанша болады?
76) Тимолфталеиннің (pТ=10) қатысуында 0,1н. NaOH ерітіндісін 0,1 н. HCl ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қателігін есептеу қажет.
77) Метил қызылдың (pТ=5) қатысуында 0,2 н. HCl ерітіндісін 0,2 н. NaOH ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қателігін есептеу қажет.
78) Метил қызылдың (pТ=5) қатысуында 0,1 н. HCl ерітіндісін 0,2 н. NaOH ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қателігін есептеу қажет.
79) Крезолфталеиннің (pТ=9) қатысуында 0,2 н. HCl ерітіндісін 0,2 н. NaOH ерітіндісімен дәл титрлеуге бола ма?
80) Метилоранждың (pТ=4) қатысуында 0,01 н. NH ерітіндісін 0,01 н. HCl ерітіндісімен титрлеудің индикаторлық қателігін есептеу қажет.
81)Фенолфталеиннің (pТ=9) қатысуында 0,01 н. NH ерітіндісін 0,01 н. HCl ерітіндісімен титрлеуге бола ма?
82)Титрлеуге 22,00 мл HCl (T =0,003514) ерітіндісін жұмсау үшін қанша NaOH өлшендісін алу қажет?
83) Сыйымдылығы 100,00мл болатын өлшейтін колбада техникалық бураның 2,0712 г өлшендісін ерітті. Алынған ерітіндінің 20,00мл-ін титрлеуге 21,80 мл HCl (T =0,003974) жұмсалды. Өлшендідегі х.т. Na B O · 10 H O пайыздық мөлшерін есептеу қажет.
84) Құрамында 3,1580 г техникалық КОН бар ерітіндіні титрлеуге 27,45 мл HCl (T =0,07862) ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі КОН-тың пайыздық мөлшерін есептеу қажет.
85) Сыйымдылығы 100,00мл болатын өлшейтін колбада белгісіз заттың 2,000г өлшендісін ерітті. Алынған ерітіндінің 25,00мл-ін титрлеуге 20,00 мл 0,4455 н. HCl жұмсалды. Талданатын заттың құрамында КОН немесе NaOH бар екенін анықтау қажет.
86) Сыйымдылығы 100,00мл болатын өлшейтін колбада техникалық натрий гидрототығының 0,3251г өлшендісін ерітті. Алынған ерітіндінің 25,00мл-ін титрлеуге фенолфталеиннің қатысуында 18,40 мл, метил оранждың қатысуында 18,80 мл 0,1000 н. HCl жұмсалды. Үлгідегі NaOH-тың пайыздық мөлшерін есептеу қажет.
87) 25,00мл үлгідегі күміс иондарын Ni(CN)4 2- артық мөлшерін қосып цианидті кешенге байланыстырды. Бөлінген никель иондарын титрлеуге 43,70 мл 0,0240 М ЭДТА ерітіндісі жұмсалды. Үлгі ерітіндісіндегі күмістің концентрациясын (г/л) есептеу қажет. Мол. масса (Ag) 107.86.
88) Қышқылдың артық мөлшерін титрлеу үшін 19,50мл NaOH (T =0,002910) ерітіндісі жұмсалуы үшін, массасы 0,1234 г CaCO өлшендісін тұз қышқылының HCl (T =0,003814) қандай көлемінде еріту қажет?
89) 150,0мл жеміс шырынынан монохлорсірке қышқылын ClCH2COOH күкірт қышқылымен қышқылдандырғаннан кейін диэтилэфирімен экстракциялады. Сонан соң қышқылды NaOH-пен реэкстрагирледі. Алынған ерітіндіні қышқылдандырғаннан кейін оған 40,00 мл 0,0489 М AgNO3 ерітіндісі қосылды. AgNO3-тің артық мөлшерін 0,0515 М NH4SCN ерітіндісінің 18,70 мл-ін жұмсап титрледі. 500,0мл жеміс шырынындағы ClCH2COOH-тің (мол. масса 94,45) мг-мен алғандағы мөлшерін анықтау қажет.
90) Құрамында Na2CO3 және NaHCO3 бар 0,5000 г қоспаға 25,00 мл HCl (T =0,004000) ерітіндісін қосты. Қышқылдың артық мөлшерін титрлеуге 15,00 мл NaOH (T =0,002000) ерітіндісі жұмсалды. Na2CO3 -тің пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
91) 25мл Н2S ерітіндісіне 50,00 мл 0,01960 н. J2 (fэкв=1/2) ерітіндісін қосты және иодтың артық мөлшерін 11,00 мл 0,02040 н. Na2S2O3 (fэкв=1) ерітіндісімен титрледі. Ерітіндідегі Н2S-тің концентрациясын (г/л) есептеу қажет.
92) Кобальтты никельдің қатысуында анықтауға қажетті зерттелетін ерітінді сірке қышқылымен және KNO2 ерітіндісімен өңделді. K3Co(NO2)6 түзілген тұнбасы сүзілді, жуылды және 50,00 мл 0,09950 н. KMnO4 (f экв= 1/5) ерітіндісінде ерітілді. Сонан соң, 20,00 мл 0,1040 н. FeSO4 ерітіндісі қосылды, оның қалдығы 11,65 мл 0,009950 н. KMnO4 (f экв= 1/5) ерітіндісімен титрленді. Тұнбаның еру реакциясының теңдеуін жазу және алғашқы ерітіндідегі кобальттың массасын есептеу қажет.
93) 5,0000 г пергидроль өлшендісі сыйымдылығы 50,00мл болатын өлшейтін колбада ерітілді. Алынған ерітіндінің 25,00мл-ін титрлеуге 37,43 мл 0,1 н. KMnO4 (fэкв = 1/5, К=1,1240) жұмсалды. Үлгідегі H2O2-нің пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
94) Құрамында 99,98% Fe бар 1,000г үлгі өлшендісі ауаның қатысуынсыз H2SO4-те ерітілді және 0,1000н. KMnO4 (fэкв = 1/5) ерітіндісімен титрленді. Титрлеуге қанша мл KMnO4 жұмсалды?
95) Құрамында натрий фенобарбиталаты бар массасы 0,2438г үлгі өлшендісі қыздыру кезінде NaOH ерітіндісінде ерітілді. Фенобарбиталатты санды түрде тұндыру үшін сірке қышқылымен қышқылдағаннан кейін 25,00 мл 0,0203 М Hg(ClO4)2 ерітіндісі еңгізілді. Тұнба сүзіп алынды, сүзінді 250,0 мл-ге дейін сұйылтылды. 50,00мл сүзіндіге MgY2- ерітіндісінің артық мөлшері қосылды. Реакция бойынша Hg2+ + MgY2- = Mg2+ + HgY2- бөлінген магний иондары рН 10,0 кезінде 0,0121 М ЭДТА ерітіндісімен тирленді. Титрлеуге 5,89мл ЭДТА ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі азоттың(N) және NaC12H11N2O3 массалық үлестерін (%) есептеу қажет. Мол. масса (N) 14.01; (NaC12H11N2O3 ) 253,99.
96) 10мл NiCl2 ерітіндісіне дистильденген су, буферлік ерітінді және 20,00 мл 0,01085 М ЭДТА ерітіндісі қосылды. ЭДТА-ның артық мөлшері 0,01292 М MgCl2 ерітіндісімен тирленді. Титрлеуге 5,47 мл MgCl2 ерітіндісі жұмсалды. NiCl2 ерітіндісінің бастапқы концентрациясын (г/л) есептеу қажет.
97) Сөндірілмеген әкті нейтралдауға титрі 0,007300 болатын 20,00мл HCl ерітіндісі жұмсалуы үшін құрамында 90% СаО және 10% индифферентті қоспалар бар сөндірімеген әктің қанша өлшендісін алу қажет?
98) Құрамында галий (ІІІ) бар массасы 0,1500г талданатын сынама өлшендісін еріткеннен кейін алынған ерітіндіге рН 10,00 болатын буферлік ерітінді және MgY2- артық мөлшері қосылды. Бөлінген Mg-ді(II) эриохром қараның Т қатысуында титрлеуге 5,91 мл 0,0701 М ЭДТА ерітіндісі жұмсалды. Өлшендідегі галлийдің массалық үлесін (%) есептеу қажет. Галлийдің молекулалық массасы 69,72.
99) Құрамында пиридин бар 10,00мл ерітіндіге CdCl2-нің спиртті ерітіндісі қосылды. Түзілген тұнба Cd(C5H5N)2Cl2 сүзілді, ерітілді және аммиакты буферлік ерітіндідегі эриохром қараның Т қатысуында 15,25 мл 0,01 М ЭДТА ерітіндісімен титрленді. Бастапқы ерітіндідегі пиридиннің концентрациясын (г/л) есептеу қажет.
100) Кальций және барий карбонаттарынан тұратын массасы 0,2140г қоспаны бейтараптауға 15 мл 0,2 М HCl ерітіндісі жұмсалды. Қоспадағы СаСО3 және ВаСО3 массалық үлестерін (%) есептеу қажет.
Задачи
101) Хром триоксидінің 0,0921 г өлшендісі ерітілді, KI-пен өңделді және бөлінген йод Т(Na2S2О3) = 0,01354 г/см3 болатын 23,75 см3 натрий тиосульфатымен титрленді. Үлгідегі СrО3-тің пайызбен алынған мөлшерін анықтау қажет
102) Қорытпаның 1,0000 г өлшендісі ерітілгеннен кейін T(КМnО4 /Sb) = 0,006124 г/см3 болатын 42,50 см3 КМnО4 ерітіндісімен титрленді. Қорытпада қанша пайыз сурьма бар?
103) Үлгінің 0,1700 г өлшендісі ерітілгеннен және темір тотықсыздандырылғаннан кейін T (КМnО4 /Fe) = 0,0001100 г/см3 болатын 38,4 см3 КМnО4 ерітіндісімен титрленді. Үлгіде қанша пайыз Fe2О3 бар?
104) Құрамында 40,3% Na23 бар 1,6 г натрий сульфатының техникалық үлгісінің 20 см3 ерітіндісін титрлеуге С(1/5 КМnО4) = 0,1000 моль/дм3 болатын КМnО4 ерітіндісінің 10,00 см3-тен артық емес көлемі жұмсалуы үшін қанша натрий сульфаты ерітіндісінің көлемін алу қажет?
105) MgCl2-нің 0,3100 г өлшендісі сыйымдылығы 250 см3 болатын өлшейтін колбада ерітілді. Осы ерітіндінің 25,00 см3 көлемін тирлеуге 10,35 см3 0,0250 М ЭДТА ерітіндісі жұмсалды. Тұздың зерттелетін үлгісіндегі MgCl2-нің массалық үлесін пайызбен анықтау қажет.
106) Титрлеуге 20 мл 0,1 н. НСl жұмсау үшін, құрамында 40% СаО, 50% СаСО3 және 10% индифферентті қоспалар бар заттың қандай өдшендісін алу қажет?
107) Титрлеуге Т(НСl) = 0,003820 болатын 15,00 мл НСl ерітіндісін жұмсау үшін, құрамында 60%
СаСО3 бар кальциттің қандай өлшендісін алу қажет?
108) Техникалық NaCl-дың 2,4080 г өлшендісі сыйымдылығы 500 мл болатын өлшейтін колбада ерітілді. Алынған ерітіндінің 25,00 мл-ін титрлеуге 20,35 мл 0,1 н. AgNО3 (К = 0,9860) ерітіндісі жұмсалды. Алғашқы тұздағы хлордың пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
109) Техникалық ВаСl2-нің 6,7000 г өлшендісі сыйымдылығы 1000 мл болатын өлшейтін колбада ерітілді. Алынған ерітіндінің 25,00 мл-ін титрлеуге Т (AgNО3) =0,008048 болатын, 28,95 мл AgNО3 ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі хлордың пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
110) Күміс қорытпаның 1,7450 г өлшендісі HNО3-те ерітілді және ерітінді сумен 200 мл-ге дейін сұйылтылды. Алынған ерітіндінің 20,00 мл-ін титрлеуге 11,75 мл 0,05 н. NH4SCN (К = 0,9344) ерітіндісі жұмсалды. Қорытпадағы Ag пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
111) Техникалық Na23-тің 1,4500 г өлшендісінен 200 мл ерітінді дайындалды. Алынған ерітіндінің 20,00 мл-ін титрлеуге, титрі As2О3 бойынша 0,002473 болатын 16,20 мл I2 ерітіндісі жұмсалды. Үлгідегі Na23-тің пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
112) I2-нің 1,00 мл-і 0,03000 г Na2S2О3 -ке эквивалентті болатын I2 ерітіндісінің титрі неге тең?
113) Қорытпаның 0,2000 г өлшендісі ерітілді, оны титрлеуге 100 мл-де 0,4103 г KSCN бар 39,60 мл ерітінді жұмсалды. Қорытпадағы Ag пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
114) Техникалық КВг-ның 0,3838 г өлшендісі ерітілді және Т(AgNО3/Сl) = 0,003546 болатын 23,80 мл AgNО3 ерітіндісімен титрленді. Үлгідегі КВг-ның пайыздық мөлшерін анықтау қажет.
115) Темірдің белгісіз тотығының 0,1000 г өлшендісін еріткеннен кейін және металды Fe2+-ке дейін тотықсыздандырғаннан кейін титрлеуге 12,61 мл 0,09930 н. К2Сr2О7 жұмсалды. Талданған тотықтың формуласы қандай: FeO, Fe2О3 немесе Fe3О4?
116) К2Сr2О7-тің 0,1500 г өлшендісіне KI-тың артық мөлшері және тұз қышқылы қосылды. Бөлінген I2 21,65 мл Na2S2О3 ерітіндісімен титрленді. Na2S2О3-тің нормалдығын және оның йод бойынша титрін есептеу қажет.
117) К2Сr2О7 ерітіндісіне KJ-тың артық мөлшері қосылды және бөлінген I2 48,80 мл 0,1000 н. Na2S2О3 ерітіндісімен титрленді. Ерітіндіде қанша грамм К2Сr2О7 болды?
118) Техникалық FeCl3-нің 4,8900 г өлшендісі сыйымдылығы 250 мл болатын өлшейтін колбада ерітілді. Ерітіндінің 25,00 мл-не қышқыл ортада KI қосылды. Бөлінген I2 32,10 мл 0,09230 н. Na2S2О3 ерітіндісімен титрленді. Үлгідегі FeCl3 -тің пайыздық мөлшерін есептеу қажет.
119) НС1-да ерітілген әк тастың 0,1862 г өлшендісінен Са2+ СаС2О4 түрінде тұндырылды. Жуылған тұнба сұйылтылған H24-те ерітілді және Т(KMnО4/СаСО3) = 0,005820 болатын 22,15 мл KMnО4 ерітіндісімен титрленді. СаСО3-тің әк тастағы пайыздық мөлшерін есептеу қажет.
120) 20,00 мл NiCl2 ерітіндісін титрлеуге 21,22 мл 0,02065 М трилон Б жұмсалды. Никель тұзының концентрациясын (г/л) анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет