A) ықтимал білім
27. Ой тұжырымының түбірлі, іргелі үш типін атауға болады. Бұлар дедукция, индукция жəне традукция. Индукция дегеніміз (латында inductio - кіргізу, əкелу) – жалқы білімнен неғұрлым жалпыға қарай өрбитін ой тұжырымы. Индукцияға типтік мысалды келтірейік:
«Дүйсенбі – жаңбырлы күн».
«Сейсенбі – жаңбырлы күн».
«n күн – жаңбырлы күн».
«Дүйсенбі, сейсенбі. ... n күн аптаның барлық күнін қамтиды».
«Бүкіл апта жаңбырлы болды».
Дедукция дегеніміз (латында dedu сtio - шығару, қорыту) – неғұрлым жалпы білімнен жалқыға жылжитын ой тұжырымы. Берілген жауаптардың ішінен дедукцияны анықтаңыз.
A) Кейбір металдар – сұйық денелер
B) Бүкіл апта жаңбырлы болды
C) Барлық Күн жүйесінің планеталары элиптикалық орбита бойынша қозғалады
D) Кейбір металдар судан жеңіл
E) Барлық адамға өлім хақ
30. Рационализм – (лат. ratio - ақыл) танымның негізін ақыл деп санайтын философиялық ағым, танымның басты қаруы, сонымен бірге ақиқаттың өлшемі. Болмыстың, танымның, моральдің де негізі ақыл деп есептейтін философиялық ілім. Рационалистік танымның негізгі үш формасын көрсетіңіз: A) ұғым, пікір, ойтұжырым
17. Пан та реи (pan ta rheі) - «Өзен суына екі рет кіруге болмайды. Біз өзен суына кіреміз, сонымен қатар кірмейміз, біз сол өзімізбіз, сонымен қатар басқамыз». Осы ойы арқылы ежелгі грек ойшылы Гераклит Дүниенің мəңгілік ... екенін ашық көрсетеді. Ежелгі грек ойшылы Гераклит Дүниенің мəңгілік сипаты деп нені айтып тұр. Жоғарыдағы түсіп қалған ұғымды айқындаңыз.
B) өзгерісте
18. Сократтың айтуы бойынша, адамның ... танып-білуі – оның ең биік мұратына айналуы керек. Сонда ғана адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар шешіледі. Ол үшін адам күнделікті өмірдегі «ұсақ мəселелердің» жолын табуы емес, ол бүкіладамзаттық ақиқат деңгейіне көтеріліп, өзінің жан-дүниесін толтыруы керек. Бұл пікірді қолдайтын бір аңыз бар. Сократтан «Сіздің туған жеріңіз "айда? – деп сұрағанда, ол «Мен ғарыштанмын» – деп жауап берсе керек. Сократтың ұлы тұлғалығы, міне, осында. Ежелгі грек ойшылы Сократ бойынша адам бірінші нені тануы тиіс:
D) өз-өзін
22. «Таным адам санасы мен қоршаған ортаны бейнелеуден басқа түк те емес. Бұл үдерісте сезім алғашқы, содан кейін заттар арқылы тəжірибе іске асады. Мəселен, эмпирик – құмырсқа сияқты, жинаған мəліметтері бойынша, рационалист – өрмекші тəрізді, өзінен өрнек тоқып шығарады, ал бал арасы – ортаңғы, бақшадан шикізат жинап, оны өздігінен өңдейді»,- деп қорытады Ф.Бэкон Ф.Бэкон бойынша шынайы ғалым адам қандай жəндікке ұқсауы тиіс екендігін анықтаңыз.
A) бал арасы
24. Көлем элементінің санына қарай ұғымдарды бос жəне бос емес деп бөледі. Көлемдері нақты өмірде жоқ нəрселерді көрсететін ұғымдар нөлдік, бос деп аталады. Мəңгілік қозғалтқы, жезтырнақ – мұның бəрі бос ұғымның мысалдары. Берілген жауаптардың ішінен бос (нөлдік көлеммен) ұғымды табыңыз.
C) кентавр
27. Материя – (лат. material – зат, нəрсе, материал) философиядағы заттардың түпкі тегі, белгілі бір бастапқы зат – «материя адамға оның өзінің түйсігі арқылы мəлім болатын, біздің түйсіктерімізге тəуелсіз бар бола тұрып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі, суреті түсетін обьективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория» (В.И. Ленин.) Материяның ғылыми философиялық түсінігін атаңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |