Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те аталады;
2) өткізгіш бөлім;
3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.
Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз), ең алғашқы талдау — алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.
Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен, ми қыртыстарына тасиды және алғашқы қарапайым талқылау жасалады
Анализаторлардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрайды.