Анамнез жинау барысында науқасты мазалап жүрген



Дата16.02.2023
өлшемі11,28 Kb.
#169044


Экстрогениталды аурулар баланың дамуының бұзылыстары мен оның өлімінің себепші факторының бірі болып табылады. Босанушы әйел адамның жедел инфекциялық ауруға шалдығуы, оның терісінде, мұрын-жұтқыншақ, қынап бөлімдерінде болатын микрофлораның қозуының себебі болады. Бірінші көзқарасқа қарай қауіпсіз көрінетін аран, тістер, мұрын маңы қойнауларынағы инфекция ошақтары кейіннен температура көтерілуімен сипатталатын ауыр асқыныстарға әкеледі. Және де осы фактор әйел адамның жүктілік кезеңін тоқтатуының ауруларының себебі болып табылады, өйткені қоздырғыш ұрыққа плацента, қан, ананың лимфа системасы арқылы таралып, плацента қабынуы мен жатырішілік ұрықтың ауруға шалдығуына әкеледі.
Анамнез жинау барысында науқасты мазалап жүрген
сұрақтарын, шағымдарын сұрау керек. Шағымдарына аса
мән беріп, саралап қорытынды диагноз қою үшін қосымша
тексерулер жасауға жолдама береміз. Егер, тексеру
нәтижелері болжамды диагнозға сәйкес келсе, қорытынды
диагнозды қоямыз. Анамнез жинау менің ойымша 50-60%
деңгейде ауруды анықтауға көмек береді.
Тексеру жүргізу барысырда науқаста пайжа болған
шағымдарға мән береміз.
Шағымдар:
Жүктіліктің екінші жартысында ашық түсті жыныс
жолдарынан қанды бөліністер;
Анамнез: жыныс жолдарынан ауыру сезімінсіз қан кету;
Физикалық тексеру:
• Жатыңқы (предлежащей) ұрық бөлігінің жоғары тұруы;
• ұрықтың қалыптан тыс орналасуы немесе жамбас қуысында
орналасуы;
Зертханалық зерттеулер:
• Жалпы қан анализі (гематокрит, тромбоциттер, қан ұюы);
коагулограмма;
• Қан тобы мен резус -факторды анықтау.
Аспаптық зерттеу:
• Трансабдоминальды немесе трансвагинальды жүргізілетін
жатыр-плацентарлы кешеннің ультрадыбыстық зерттеуі;
• Плацента доплерографиясы (түсті, 3D);
• Плацентаның инвазия дәрежесін анықтау және нақтылау үшін
МPТ.
3.Ультрадыбыстық және КТГ қосымша зерттеу әдістерін
қолдана білу.
Плацентаның жолда орналасуын, және де оның түрін
анықтау үшін қолданылатын негізгі әдіс -УДЗ болып
табылады. Ең нақты әдіс- трансвагинальды эхоКГ.
Плацентаның жолда орналасуы кезінде қынаптық
тексеруді жүргізу ұсынылмайды. Себебі, ол плацентаның
одан әрі ажырап, қан кету қаупін тудырады. УДЗ жасауға
мүмкіндік болмаса, сақтық шараларын сақтай отырып,
қынаптық зерттеу жүргізеді.
Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде зерттеп-қарау, емдеу, жүктіліктің асқынуы және
экстрагениталдық аурулары бар жүкті әйелдерді, сондай-ақ ұрықтың даму ақауы бар және көп
ұрықты жүктілігі бар, қан тобының резус-факторы теріс жүкті әйелдерді босануға дайындау
жүргізіледі.
Жүктіліктің асқынуы:
• түсік тастау қаупі
• жүкті әйелдердің токсикозы, жеңіл және ауыр преэклампсия,
• фетоплацентарлық жеткіліксіздік, ұрықтың созылмалы құрсақішілік гипоксиясы, ұрықтың
өсуінің тежелуі
• резус және АВ (0)-қақтығыс
• жүктілікті тоқтату
• бала жолдасының орналасуы
• көпұрықты жүктілік
• жоспарлы кесар тілігі операциясына дайындық
• ұрықтың туа біткен ақаулары
• ауыр акушерлік-гинекологиялық анамнез
Ультрадыбыстық диагностика, кардиотокография жүргізіледі, зертханалық және
функционалдық диагностика мүмкіндіктері пайдаланылады. Қажет болған жағдайда
пациенттерді бейінді мамандар, акушерия және гинекология кафедрасының қызметкерлері
бірлесіп тексереді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет