Тесттер
Жатырда ұрық орнының немесе оның бөлігінің кідіруінің негізгі симптомы болып табылады:
А) Маңдайүсті аймағының кенеттен ауырсынуы
Б) Сыртқы қан кетудің болмауы
С) Жыныс жолдарынан қан кету
Д) Жатыр көлемінің кішіреюі+
Е) Жоғары дене температурасы
3-дәрежелі нефропатиясы бар жүктілерді предэклампсия эәне приступтан кейін тасымалдауды көрсетілген әдістердің бәрімен жүргізеді, мынадан басқа:
А) Зембілмен горизонтальды бағытта Б) Зембілмен отырғызу бағытында+
С) Реанимациялық бригадалармен тасымалдау
Д) Инфузионды терапия жүргізіп
Е) Жансыздандыру бағытында тасымалдау
Перинатальды кезеңнің анықтамасы:
А) Ұрықтанудан ұрықтың туылуымен аяқталады
Б) Ұрықтың өмір сүру қабілетінің туылған соң 7 тәулікте (168сағатта)
Аяқталуымен+
С) Ұрықтың туылуынан бір ай өткен соң аяқталуымен
Д) Жүктіліктің 20аптасынан бастап туылған соң 14 тәулікте аяқталуымен
Е) Ұрықтың өмір сүру қабілетінен бастап туылған соң 28 күнмен
Босанудың екінші кезеңінде әйелдің қандай позицияда болуы босану кезінде көп қан жоғалтуы мүмкін?
А) Бүйірімен жату кезінде
Б) Жүру кезінде
С) Тұру кезінде+
Д) Аяққа арналған төсенішке арқасымен жатқанда
Е) Шынтақ-тізе қалында
Босану кезіндегі қан жоғалтудың қандай мөлшері физиологиялық болып саналады?
А) 400мл+ Б) 500мл С) 600мл Д) 700мл Е)800мл
Жүктілік кезінде жатырдың үлкеюі мынаның әсерінен болады:
А) Жатырдың бұлшықет талшықтарының гипертрофиясы
Б) Жатырдың бұлшықет талшықтарының гиперплазиясы
С) Ұрықтың өсуінен болатын жатыр қабырғасының созылуы
Д) Барлық жауап дұрыс емес
Е) Барлығы дұрыс+
Ана ағзасы мен ұрықтың байланысы іске асады:
А) Плацента арқылы
Б) Жатыр қабырғасының барорецепторлар арқылы
С) Ұрықтың сулық қабаты арқылы
Д)Жатырдың децидуальды қабығы арқылы
Е) Барлық аталғандар дұрыс+
Ағзаның босануға дайындығын анықтайтын негізгі инфоративтә әдісі:
А) УЗИ
Б) Кольпоцитология
С) Окситоцинді тест
Д) Жатыр мойнының жетілуі +
Е) Б және Г жауабы дұрыс
Партограмма босану актісінің келесі параметрлерін көрсетеді, біреуісінен басқасы:
А) Толғақ сипаттамасы +
Б) Ұрықтың жағдайы
С) Ұрықайналасындағы судың сипаттамасы
Д) Босанудың І периоды
Е) Босанудың ІІ периоды
Егер жедел жәрдем көлігімен тасымалдау кезінде босанушының толғағы басталса, фельдшердің әрекеті:
А) Босану үйіне тасымалдауды жалғастыру
Б) Көлікті тоқтатып босандыру+
С) Ауырсыздандыратын дәрі енгізу
Д)Жатырдың жиырылуын төмендететін аппарат енгізу
Е)Жатырдың жиырылтатын дәрмек енгізу
Ситуациялық есептер
№1 Жедел жәрдем көлігімен шұғыл жағдайда гинекологиялық бөлімге 22
жастағы Л. Әйелді іш астындағы толғақ тәрізді ауырсынуына, және жыныс жолдарынан қанды бөліністер ағуымен жеткізілді.
Анамнезінде: соңғы менструация екі ай бұрын. Жалпы жағдайы қанағаттандырылық. Тері қабаттары және шырышты қабаттары бозғылт-сұр түсті, пульсі 84 минутына. Дене температурасы 37 С. АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. Per speculum: мойын өзегі ашылған, қынапқа түсіп тұрған ұрық жұмыртқасының төменгі аймағы көрініп тұр.
Per vaginum: жатыр денесі 6-апталық жүктілікке дейін үлкейген, жұмсақ консистенциялы. Қынап күмбезі салбырамаған. Бөліністер қанды, ашық, сулы.
Мойын өзегіне саусақ өтеді, онда ұрық анықталады. Қан кетуі 500мл. Болжам диагноз?
№2 Жүкті М. Әйел 20жаста, 20 қазан күні жедел жәрдем көлігімен шұғыл жағдайда гинекологиялық бөлімге тасымалдады. Іш астындағы толғақтәрізді ауырсынуға, жыныс жолдарынан қанды бөліністер ағуына шағымданады.
Анамнезінен: жыныстық қатынаста 20 жасынан бері. Соңғы етеккірі 2-6 тамызда. Бірінші жүктілік, некесі ерікті. Жағдайы орта ауырлықта. Терісі және шырышты қабаттары бозғылт, акрацианоз. Дене температурасы 36,6 С. Пульс 120 рет/мин. АҚҚ 90/40 мм сын.бағ. іші жұмсақ, ауырсынуы бар. Диурез төмендеген, қан кету 1500 мл жуық.
Per vaginum: қынапта көптеген мөлшерде қан ұйындысы бар. Жатыр мойны қысқарған, цервикальды өзегіне екі саусақ өтеді. Жатыр денесі жұмсақ консистенциялы, 6- апталыққа дейін үлкейген. Қосалқылары пальпацияланбайды. Диагнозы?
Достарыңызбен бөлісу: |