Азан шақырып қойған есімі Шаһкерим, ал қазақ арасында Шәкәрім аталып кеткен бұл тұлға – қазақ мәдениетінде өзіндік үлкен орны бар философ, тарихшы, ақын, композитор болған сегіз қырлы, бір сырлы жан-жақты өнер иесі еді.Шәкәрімнің ақындық дүниетанымы, философиялық көзқарасы көп жағдайда ұстазы Абай дүниетанымы, көзқарасымен үндесіп жатады. Қай мәселеде болмасын адамды, оның болмыс – бітімі, оның қоғамдық келбеті мен пенделік табиғатын сөз ететін Шәкәрім философиясы – антропологиялық философия болып отыр. Адам, қоғам, табиғат, дүние сыры, шындық болмысы, хақиқат жолы туралы терең философиялық пайым, тұжырымдар жасаған, ұғым – түсініктер туғызған Шәкәрім поэзиясын көркемдік-эстетикалық, философиялық тұрғыдан жанжақты, кешенді зерттеу алдағы күндердің еншісі болмақ.
Шәкәрім лирикасында сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық сарын күшті» [2, 30-39 бб.] «Шәкәрім қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты» . Абайда да, Шәкәрімде де «жар» сөзі күнделікті тұрмыстық, қарапайым жалпы кең мағынасындағы «жар» ұғымы емес, ал жаратқанның түп иенің барша – болмысын иеленіп, жинақтап тұрғанұғымдық – категориялық сөз. Яғни, ол күнделікті ұғымдағы «ару», «әйел», «қыз» ұғымын білдірмейді. Ол исламияттағы, суфизмдегі негізгі категориялық ұғымды білдіріп тұр
Менің жарым қыз емес,Хақиқаттың шын нұры.Оны сезер сіз емес,Көзге таса бұл сыры.Жасырып тұр жар өзін,Бас көзімен қарама.Жүрегіңнің аш көзін.
Жанның сырын арала- дейді Шәкерім.Шәкәрім бұл өлеңінде «жарды» жай көзбен көру мүмкін емес, оны жүрегінің көзімен көріп, тану қажет дейді. Исламиятта алланы тану үшін сыртқы (захар) және ішкі (батин) берілгендігін, алланы шын танымақ болған пенделер оны «захир» көзбен көре алмайтынын, тек қана ішкі «батин» көзбен қарау керектігі айтылады. Шәкерім де «жүрек көзі» деп осы «батинды» айтып отыр. Яғни жаратқанды түп иені жүрекпен ұғыну, түсіну, көру қажеттілігі.Ислам діні пайда болғаннан бастап, өзіне теориялық ағымшарттар іздеді. Ол көне дәуірлердегі философиялық қисындарға сүйенеді. Арабтар философияны пәлсапа деп атаған.