А.Құнанбаев,, Ш. Құдайбергенов, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің философиясы


Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің,философиясы



бет3/3
Дата22.09.2024
өлшемі2,47 Mb.
#204866
1   2   3
Байланысты:
философия 3 сабак (1)

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің,философиясы.

  • М. Ж. Көпеевтің шығармаларын оқи келе аңғаратынымыз, қазақ қоғамының ең жақсы, ұйыған кезеңі ХХ ғасырдың басындағы саяси өзгерістер нәтижесінде жоғалған. Ақын адам бойындағы жағымсыз, сүйкімсіз қасиеттердің пайда болуының түп төркіні оның Алладан алыстауынан, қол үзіп қалуынан деген тұжырымға келеді. Әрине, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың күрделілігі мен сәйкессіздігі XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамына тән еді. Ал рухани бірлікті жоғалтуды М. Ж. Көпеев адамзат қоғамының құндылық бағдарларының өзгеруімен байланыстырады. Адамдар өздерінің шексіз рухани мүмкіндіктерін толыққанды пайдаланбай, болмашы, өткінші дүние үшін өзімшілдікке бой алдыратыны белгілі. Мәшһүрдің түсінігінше, Аллаға деген сүйіспеншілік – бұл тек жақсылық пен әсемдік, адамшылық пен адалдық, діни жоралғыларды атқару ғана емес, жалпы оның жаратылысына деген махаббат. Яғни тек шынайы махаббат адам бойына адалдық пен әдептілік, қамқорлық пен мейірімділік қасиеттерін тудырады. Жалпы моральдық жауапкершілік, тәубешілік қасиеттердің адам бойынан, оның рухани әлемінен табылуы ар-ұяттан, иманнан екені анық.Ойшыл өзінің шығармаларында адал ниетті адам бейнесіне, адамгершілік, ар-ождан мәселелеріне көбірек тоқталады....Бір адам бар: өрік, мейіз ағашы сықылды,Жемісінен дүниеге жүзі баһра алады.Бір адам бар терек ағаш сықылды.

Қазақтың ең шұрайлы, құнарлы жайылымдарын орыс мұжықтарына беріп қана қоймай, ел ішіне миссионерлер таратып, қазақтарды ислам дінінен және бүкіл рухани, дәстүрлі идеяларын шеттету әрекеттері жүзеге асырыла бастады. Әрине, мұндай сыңаржақты саясат көптеген қазақ зиялыларының ашуын тудырған еді. Ал Мәшһүр Жүсіптің арманы әділетсіздік пен зұлымдық, кемшілік пен жоқшылықтан ада, жұрты өз қабілетіне қарай дамып, өсіп-өнетін жаңаша мемлекеттің орнауы еді. Демек, адам мәселесін өзектендіру бағытында жалпы қоғамдағы әлеуметтік жағдаятты өзгерту, жөндеу мәселесін күн тәртібіне қоя білді.
Қорытынды:Адамзат Абай атамыз – адамзаттық танымға біртіндеп емес, бірден жеткен тұлға. Алғашқы өлеңдерінен-ақ ұлт шеңберінен шығып, жалпы адамзаттық кеңістікте қанат жайғанын аңғарамыз. Ол метафизиканы талқылайды, адамзат алдында тұрған философиялық мәселелерді қозғайды, жауап іздейді. Жалпы, осы күнге шейін Абай қолданған, қарас-тырған даналыққа жетеқабыл деңгейдегі (философия туралы Лаэртский жеткізген Пифагор сөзін есімізге алсақ) философиялық түсініктен жүйелі категориялар дәрежесіне дейін көтерілген ұғым сөздердің тізімі жасалған жоқ. “Сөз мәнісін білсеңіз, Ақыл – мизан, өлшеу қыл”.
Шәкәрім атамыз: Барлық адамда жан болғанымен, толық ұжданды емес. Себебі «жанының неге ұмтылатынын, ұжданды тілейтінін кейбіреу надандықтан біле бермейді» - дейді ойшыл. Кемелденудің жоғарғы деңгейінде ғана ақыл «рухани көзбен көру» кабілетіне ие болмақ, сол арқылы ғана адам құдіретті ақиқатпен байланысып, оны таниды. Шәкәрімнің дүниеге көзқарасы - ұлттық философияның дамуына да зор ықпал еткен құбылыс. Қайшылықты қоғамда өмір сүріп, ізгілік жолында күресіп өткен қайраткер ақынды қай қырынан алып қарасақ та қайран қалдырмай қоймайды. Еркін ойлы адамнан өлердей қорқатын қатаң режимді ұстанған өкімет одан барынша құтылуға асықты. Себебі оларға ойшылдар емес орындаушылар керек еді.
Қорыта келсек, Мәшһүр Жүсіп атамыздың рухани мұрасының негізгі мақсаты – адамды адамгершілік тұрғыда жетілдіру, парасатты, ізгілікті адам тұлғасын қалыптастыру. Адам баласы өмір бойы ізденіп, рухани және кәсіби жетілу үстінде болуы керек. Әрбір адам тәрбиені өзінен бастаса, өзінің кем-кетігін түзетіп, түгел адам болуға әрекет жасаса, сонда қоғамдағы барлық қайшылықты мәселелер шешіледі, әлеумет түзелері анық.
Назарларыңызға рақмет
Қолданылған әдебиеттер: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/62941/,https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/62941/ , Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9, Автор: Е-history.kz , . Әуезов М.О. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1967. – 224 б.
2. Шәкәрімтану мәселелері. 1 том. – Алматы: Раритет, 2007. – 229 б.
3. Абай. – Алматы: 1986. – 336 б. 4. Шәкәрім. Шығармалары. – Алматы: 1988. – 298 б, adebiportal.kz, Көпеев М.Ж. Таңдамалы. Екі томдық. 1-том. – Алматы: Ғылым, 1990. – 273 б.
Әбу Насыр әл-Фараби. Әлеуметтік философия. Этика. Эстетика. Астана, ТОО «Лотос – Астана», 2007. 4 том. – 286 б.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Нафс
https://kitap.kz/books/bota_olender123456/read#epubcfi(/6/36[id18]!/4/2/2/1:0
http://abai.kz/post/6№һ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет