СОӨЖ. 1.Абайдың қара сөздеріндегі даналық ойлары. Қара сөздерінен біреуін жатқа айту. Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қарасөздеріндегі пікірлерінің өлеңдерінде айтылатын ойларымен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі.
«Екінші» қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары,халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі,ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы,еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы;
«Жетінші» қарасөзіндегі жан мен тән құмары туралы ұғымдар, бала мінезінің өзгеріске түсу сырлары, ғылым, білім тәрбиесі, дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырларын білу туралы ақынның кесімді пікірі;