А.Құнанбаевтың табиғат лирикасы



бет9/11
Дата07.02.2022
өлшемі30,14 Kb.
#93827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Балалар әдебиеті
Открытый урок. 7 класс.Азимбердиева К.С. (1)
«Интернатта оқып жүр»
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы –
Білсем деген таласы.
Прошение жазуға
Тырысар, келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы?
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Иждиһатсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы.
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Орыс теріс айтпайды,
Жаман бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар
Қу менен сұм боларды,
Орыста қалар жаласы.
Бұл іске кім виноват:
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.
Айтыңызшы, болсаңыз
Здравомыслящий,
Ақыл айтпай ма ағасы?
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге.
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге.
Қалай сабыр қыласың,
Жазықсыз күнде сөгуге?
Өнерсіздің қылығы –
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қорлықпенен шіруге.
Аз ақшаға жалданып,
Өнбес іске алданып,
Жол таба алмай жүруге.
Алыс та болса іздеп тап,
Кореннойға кіруге,
«Талапты ерге нұр жауар»,
Жүріп өмір сүруге.
Я байларға қызмет қыл,
Ерінбей шауып желуге.
Адал жүріп, адал тұр,
Счетың тура келуге.
Жаныңа жақса, соңынан
Жалқауланба еруге.
Қисық болса, закон бар
Судьяға беруге.
Ол да оязной емес қой,
Алуға теңдік сенуге.
Я өз бетіңмен тәуекел,
Занимайся прямотой.
Жеңіл көрме, бек керек
Оған да ғылым, оған да ой,
Қалайынша қайда енуге?


Талдау
Интернатта оқып жүр – Абайдың 1886 жылы жақған өлеңі. Көлемі 77 жол Негізгі тақырыбы қазақ балаларының білім беретін мектептерде оқып, білім алып, ғылымға, өнерге тартылуы, халқына адал қызмет етуі жайлы. Абай өлеңнің алғашқы шумағында қазақ балаларының оқуға көптеп тартылғанын айта келіп, автор одан әрі осы оқудың әртүрлі көлеңкелі жақтарын сынайды.
Мысалы: Ата-ана баласының үкімет орындарындағы ереже, заңдарды біліп шыққанына риза. Ал, шәкірттердің кейбіреуі орпташа арыз жазып бедел жинауға, не тілмаш, не адвокат болу арқылы халық арасында алауыздық жасап жалған беделге ие болуды арман етеді.
Өлеңнің екі шумағында автор жастарға тікелей үндеу тапстайды. Сөздерімен жеткізеді. Бас пайданы ойлама, ар- абыройды ойла, талмай талаптанып, ғылым ізде деп жас ұрпаққа талап қояды
"Интернатта оқып жүр "өлеңінде алғашқы қазақ оқығандарының жиынтық бейнесі шынайы тұрғыда әдемі суретелген. Көмекке зәру халқы мен еліне жаны ашымас безбүйрекке айналған олар, мансапқор әрі құлқынның құлы ынсапсыз. Өлеңді оқып болған соң, қазақ оқығандарының адамгершілік тұрғысынан осыншама құлдырауына олардың ғылымнан хабарсыз білімсіздігі себепкер, - деген түйінді ойға оқушы еріксіз байлам жасайды. Абайдың данышпандығы сонда, ол – адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің барлығының бастауында білімсіздік тұр деген астарлы ойды ақындық түйсікпен ғажайып түрде бейнелеп жеткізген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет