Қыз дегенің - сенің анаң кешегі. Қыз дегенің - сенің анаң кешегі Олар адал, олар батыл деседі. Сен де болсаң сол анадан туғансың, Қайығында ескегімен еседі. Қыз дегенің - қарындасың әдемі, Өзгешелеу, өзге оның әлемі. Сен қамқорсың, сен ағасы дәл оның, Бақытыңның, шаттығыңның дәлелі. Қыз дегенің - сенің әпкең сабырлы, Отбасы үшін болар дәйім жалынды. Қалайша сен аяулыңды қиясың, Қолыңдағы асылың мен барыңды. Қыз дегенің - дос қыздарың, сырласың, Керек кезде, тіпті болса мұңдасың. Қалай ғана жамансың деп айтасың, Қиылып қана қара көзбен тұрғасын? Қыз дегенің - өмірдегі асылың, Мейлін, тіпті өтсе дағы ғасырың. Жалындаған өлеңіңмен дәлелде, Өтсін деймін өмір берген асуың.
Гүлнұр Өмірбекова - Қыздар, қыздар... Арулардың махаббаты – ізгі ары,
Шешілмеген жұмбақтай ғой бізге әлі.
Қыз Жібектей жаны сұлу тым нәзік,
Шіркін қандай қазағымның қыздары.
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Неткен ғажап сұлусыңдар,
Дархан көңіл, дәру қыздар!
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Аққу мойын ару қыздар,
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!
Самал желпіп маңдайдағы кекілді,
Олар жайлы сыр да талай шертілді.
Қарап тұрсаң көз тоймайтын сол қыздар,
Қырдың сұлу қызғалдағы секілді.
Бақыт нұрға бөленгенде сан алуан,
Бар сұлулық бір сендерден табылған.
Ақ маңдайлы ару қыздар тек қана,
Шын аялап, шын сүюге жаралған.
Асыл әжем Асыл әжем,аяулы әжем ардағым, Ботаң бүгін сағыныштың салды әнін. Маңдайымнан бір иіскесең аялап, Сірә менің болмас еді-ау арманым. Өзіңді емес бізді ойлаушы едің әуелі, Пейілің кең,көңіліңде ақ еді, Шөбереңе қызығамын мен қазір, Себебі оның әжесі бар әдемі. Сен бар кезде таңым күліп атыпт, Сен бар кезде күнім күліп батыпты. Еркелетер ет жүрегі елжіреп, Әжесі бар адам қандай бақытты. Кейде бір мұң қабырғамды сөгеді, Ер жетсемде сені аңсаймын себебі, Әлі күнге бауырыңа бас қойып. Құшағыңда қалғып кеткім келеді.