Токсоплазмоз- жануарлар мен адамды зақымдайтын антропозо-оноздық ауру. Токсоплазмозға шалдыққан буаз мал іш тастайды немесе тіршілікке қабілетсіз, әртүрлі ақауы бар төл туады, сондай-ақ ауру малдың орталық жүйке жүйесі, көру мүшелері, без және ішкі секреция жүйесі зақымдалады.
Токсоплазмоз дүние жүзінің көптеген елдерінде таралған. Бұл ауру Ресей Федерациясында, Қазақстанда, Украинада, Беларуссияда; Кавказ және Орта Азия мен Балтық теңізі жағалауындағы республикаларда кездеседі.
Токсоплазмозды споровиктер класына жататын Toxoplasma gondі деген қарапайымдылар қоздырады. (қараңыз: V сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |