1.3 Бишікті қарапайымдылар
Бишіктілер тобына- Mastіgophora 1-ден 8-ге дейін бишігі бар қарайымдылар жатады. Олар жыныссыз әдіспен екіге немесе көпке бөлініп көбейеді. Бишіктілердің 900-ден астам түрлері бар; олардың ішінде 100 шақтысы ауру қоздырады: Trіchomonas, Trypanosomа, Leіshmanіa туыстарының мал дәрігерлік маңызы бар.
Трихомонодалар. Трихомоноздар-сүтқоректілер мен құстардың ауруы, қоздырғыштары әртүрлі трихомонодалар. Олар мұрын қойнауларында, асқазан жолда-рында, ішкі және жыныс мүшелерінде мекендеп, әртүрлі клиникалық белгілер тудырады.
Трихомонодалардың пішіні алмұрт тәрізді, цитоплазмадан және жасушаның алдыңғы жағына орналасқан ядродан тұрады. Алдыңғы жағында орналасқан түпкі түйірлерден алға 3-4 бишік, ал біреуі кейін қарай толқынды жарғақты орап кетеді. Түпкі денелер жиынтығы блефаропласт (кинетопласт), одан аксостиль басталады да, ол бүкіл дене арқылы өтіп, дене сыртына жуан тікен тәрізді шығып тұрады. Бишіктер және толқынды жарғақ көмегімен трихомонадтар өзінің орталық кіндігінің маңында айналып алға жылжиды.
Трихомонадалар жыныссыз жолмен ұзыннан екіге бөлініп көбейеді..
Трихоманадаларға ірі қара мал трихомонозын қоздыратын Trіchomonas foetus сондай-ақ, аш ішектерде өмір сүретін T. enterіs жатады. Жылқыда трихомонодалардың екі түрі: біреуі ішекте, екінші түрі-жыныс мүшелерінде болады. Шошқада оның 3 түрі: мұрын қуыстарында, асқазанда және қынабында болады. Тауықта, мысыр тауығында, күрке тауықта, үйректе, көгершінде бұл қарапайымдылар ауыз ішінде және соқыр ішек ішінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |