а) екіге бөліну арқылы (монотомия)-қарапайымдылардың денесі біркелкі тең болып екі ұрпаққа бөлінеді. Ең алдымен ядросы, сонан соң цитоплазмасы бөлінеді. Бөліну алдында қоректену және өсу сатысы болады. Мұндай бөліну амебаларда, бишіктілерде, тіршілігінің кейбір сатысында споровиктердің кейбір өкілдерінде өтеді;
ә) бүртіктену арқылы-дененің тең бөлінбеуі-ірі аналық жасушадан бүртіктеніп бір немесе бірнеше ұрпақ бөлінеді. Мұндай көбею бишіктілерде, кейбір пироплазмидтерде байқалады;
б) эндодиогения арқылы – аналық жасушаның ішінде екі ұрпақ жасуша пайда болады. Жай екіге бөлінуден айырмашылығы, ұрпақ жасушалар біраз уақыт аналық жасуша қабығының ішінде болады. Соңынан аналық жасушаның сыртқы мембранасы ұрпақ жасушалардың сыртын жабады (токсоплазма);