Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет9/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21

Франсаиеллез жіті түрде өтетін ауру. Қызба, қан аздық, сарғыштану және гемоглобинурия белгілерімен байқалады.
Francaіella colchіcа (Babesіa colchіca) (Jakimoff, 1927) эритроцит ішіне сыңар немесе кейде көптеп орналасады.Олардың пішіні дөңгелек және алмұрт тәрізді, тұрқы 2,8 мкм.. Аурудың алғашқы кезінде қанда олардың саны аз болғанымен, аурудың орташа және ауыр түрлерінде эритроциттердің 4-5 % -ін зақымдайды. Пироплазмалардан франсаиелдердің өсіп-өнуінің еркшеліктері бар. Оның кенедегі дамуы өзгеше болуы мүмкін. Себебі B.calcaratus кенелерінің балаң кенелері қан сора бастағаннан 3,5 тәуліктен соң-ақ мал зақымдана бастайды. Сондықтан жасырын кезең франсаиеллезде қысқарақ. Сондай-ақ иммунитетте бұл аурудан кейін тұрақтырақ болып, ол бір жылдай мерзімге созылады.
Тейлериялар. Тейлериидоздар - Theileriidae тұқымдасына жататын патогенді қарапайымдылар тудыратын, протозоидтық, трансмиссивтік аурулар. Тейлериоздармен ірі қара және ұсақ мүйізді малдар, жылқылар (нутталлиоз) ауырады.
Тейлериоз – пигментсіз эндоглобулярлы қан паразиттерімен шақырылатын және жіті түрде өтетін қанда паразиттік тіршілік ететін мүйізді ірі қара малының ауруы. Қатты жүдеумен және жоғары өліммен сиппатталады.
Тейлериоз қоздырушысының тасымалдаушысы жайылымдарда, мал қораларында жүретін кенелер болып табылады. Белгілі бір кезеңдерде кенелер малдардың үстінде паразиттік емір сүреді.
Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдық белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан жолдары-ның қызметі бұзылуымен сипатталатын аса қауіпті ауру.
Thеіlerіa аnnulata (Dshunkowsky et Luhs, 1904) малдың сөл бездерінде, талағында және эритроциттерде тіршілік ететін бір жасушалы қарапайымдылар. Эритроциттер ішіндегі тейлериялар дөңгелек, сопақша, таяқша, үтір және нүкте тәрізді. Ұзындығы 0,5-1,6 мкм. Әрбір эритроцит ішінде 7-ге дейін, ал көбінесе 1-2 паразит тіршілік етеді. Ауру асқынған кезінде эритроциттердің 80-95 % зақымдалады. (қараңыз: II, XVІІІ суреттер).
Бұл паразиттерді гиаломма туысына жататын Hyaloma detrіtum, Hyaloma anatolіcum деген жайылым кенелері тасымалдайды. Кененің сілекейі арқылы мал денесіне енісімен олар сөл бездеріне және бауыр мен талаққа барып, өсіп-өніп тез арада шизагония әдісімен бөлшектеніп көбейе бастайды. Мұның нәтижесінде көп ядролы анар тәрізді (гранат) денелер пайда болып, олардың бір цитоплазмасында 40-50, кейде одан да көп ядро болады. Кейінірек бұл паразит бөлшектері ыдырап, қанның эритроциттеріне енеді. Осы уақыттан бастап, оларды тейлериялардың эритроцитарлық түрі деп атайды.



1-сурет. Қан эритроциттеріндегі Theіlerіa annulata (В.Л.Якимов бойынша)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет