Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет33/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21

Гамазоид кенелері. Гамазоид кенелері де паразитиформ тегіне жататын буынаяқтылар. Бұл кенелер тобы ішінде Dermanyssus gallіnae тауық кенесінің практикалық маңызы зор. Бұл кене боррелиоз, орнитоз, тырысқақ және оба ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды. Сонымен қатар бұл кенелер құс денесіне жаппай жабылғанда олар азады, жұмыртқалау қабілеттілігі төмендейді, тірілей салмағы кеміп, балапандар өлім-жітімге ұшырайды. Тауық кенелері D. gallіnae ұсақ, тұрқы 0,75 мм-дей (аш кезінде) қозғалымпаз буынаяқтылар. Аш кенелер ашық сары түсті, қан сорған соң олар қызарады, сонсоң қоңырқай тартады. Пішіні сопақ, үстінде көптеген қылдары бар. Дене сырты көптеген қалқаншалардан (склериттерден) құралған, ал олардың арасында созылымпаз жарғақ бар, ол кененің қан сорғанда 2 есе үлкеюіне мүмкіндік береді. Аяқтары ұзын, оның ең бірінші буыны –коксалары қозғалымпаз, ал ең соңғы буын табанында жұп тырнақшалары және мөлдір жабысқағы бар. Бірінші жұп аяқтары сезім қызметін атқарады, кене қозғалғанда алдыңғы аяқтары жылдам көтеріліп және жылдам төмен түсіп, кене өз жолын сипап көргендей болады, себебі тауық кенесінің көзі жоқ. Ауыз мүшелері тесіп-соруға бейім: жоғарғы жақтары (хелицерлері) ұзын және үшкір. Тыныс тесіктері (стигмалары) 3-ші және 4-ші коксалар тұсында ашылады. Кененің еркегі ұрғашыларынан кішірек, хелицерлері қысқарақ, бірақ қомақты. Балаң кенелері қан сормайды, сыртқы қабыршағы мөлдір, шыны түсті.

12-сурет. Құс кенесі


Dermanyssus gallіnae
Тауық кенелері құс қораларында, құс ұяларында мекендейді. Олардың жиылатын жерлері: қабырғаның саңылауы мен жарықтары, құс қораларындағы қоқыс және шаң. Жылы құс қораларында (жылылығы 20-250С шамасында) тауық кенелері жыл бойы тіршілік етеді. Олар әсіресе жаздың ыстық кезеңінде тез өсіп-өнеді. Әдетте бұл кенелер түнде шабуыл жасайды, бірақ тым көбейіп кетсе, күндіз де құсқа жабыса береді. Кене 11 айдай аштыққа шыдайды. – 50С-тан төмен суықтыққа кене шыдамайды, қырылып қалады.
Құс қораларында тауық кенелерін табу үшін саңылаулар мен жарықтардың шаңын жинап, шыны ыдысқа салып, аузын мықтап жауып қояды. Лабораторияда сақтықпен ішіне қағаз төселген, шетіне вазелин жағылған Петри тостағандарына жинаған тозаңды аз-аздан салып мұқият зерттейді. Суық кездерде тостағанды аздап жылытуға болады.
Бұл кенелермен тиімді күрес құстан босатылған қораларда жүргізіледі. Ол үшін қора ішін құс саңырағынан мұқият тазалап,ағаштан жасалған бұйымдарды сыртқа шығарады. Құс қора ішінде дератизация жүргізіледі, көгершін, қарлығаш және торғай сияқты құстардың ұяларын алып тастау қажет.
Құс қораларын 2 рет 1-2 % хлорофос ерітіндісімен, 0,5 % карбофос эмульсиясымен, 0,5-1 % үшхлорметафос-3 эмульсиясы-мен, 0,25-0,5 % циодрин немесе дикрезил эмульсиясымен, 0,02 % ДДВФ эмульсиясымен дәрілеу қажет. Дәріленген қорада кенелер бір бөлмеден екінші бөлмеге көшіп кетпес үшін дәрілеуді біртіндеп ең алдымен аналық құс тұрған және жұмыртқалайтын тауық тұрған бөлімшелерден бастайды, сонан соң акклиматизациялық бөлмені және топтастыру үйшіктерін дәрілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет