Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет35/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21

Протозомоз патогенезі. Протозомоздың патогенезінің негізіне, басқа инвазиялық аурулар сияқты паразит пен оның иесінің арасындағы қарама-қарсы әрекеттерінің әсері жатады.
Қарапайымдылар жасуша ішінде тіршілік ететін паразит. Қарапайымдыларның дамуы, өсуі және көбею барысында, паразит иесінің жасушалары көптеген өзгерістерге түсіп, өзінің тіршілік ету қасиетінен айырылады. Ондай жасушаның плазмалық мембраны дарып шыққан қарапайымдыларлар басқа жасушаларға еніп, сонда тіршілігін жалғастырады. Міне осылай жіті протозомоздың алғашқы кезеңінде мыңдап- миллиондап бұзылған жасушалар әсерінен ұлпалар өлі еттеніп шіріп, іріңді қабынады. Мұндай іріңді қабынулар қарапайымдылар тіршілік ететін дәнекер, жүйке, эпителиальды, бұлшық етті т.б. ұлпаларда кездеседі.
Қарапайымдылар қан арқылы тарайтындықтан және барлық жасушаларда тіршілік ететін болғандықтан, аурудың жіті түрінің алғашқы кезеңінде патологиялық өзгерістер көптеген мүшелерде (бауыр, талақ, өкпе, жүрек, жүйке жүйесі т.б.) кездеседі, олардың қызметі бұзылады.
Сонымен қатар қарапайымдылар өзінен улы заттар бөліп шығарады. Оларды токсотоксиндер деп атайды. Токсотоксиндер паразит синтездеп шығарған гиалуронды қышқыл т.б. экзотоксиндер мен паразит денесінің еруі кезінде бөлініп шыққан эндотоксиндерден құралады. Олар өте улы келеді, зерттеу кезінде бұл токсотоксиндер енгізілген лабораториялық жануарлардың (ақ тышқан, теңіз шошқасы, қоян т.б.) тез арада өліп қалғаны байқалған (Филтон, 1965). Осы токсотоксиндер иесінің ішкі мүшелерінде кейбір аймақтарын шірітеді, температурасын көтереді, есеңгіретіп есінен тандыруыда мүмкін.
Қарапайымдылар плацент арқылы жатырдағы эмбрионға өте алады. Сондықтан жіті, кейде созылмалы протозомоз кезінде іштегі эмбрионға зиянын тигізеді. Қарапайымдылар адам эмбрионына бір айлық ішінде енсе, онда ол іш тастауы мүмкін, ал 3-5 айлығында енсе, онда паразит жүйке жүйесін және ішкі мүшелерді зақымдайды. Соған байланысты дүниеге келген нәрестеде көптеген патология байқалады (Мартиновик т.б.).
Жіті протозомоз кезеңінде аман қалған жануарлардың қорғаныш жүйесі іске қосылып, паразитке қарсы жасушалық және гумаральдық ерекеттері әсерінен белсенді қорғанып, паразиттің тіршілігіне зиянын тигізеді. Қарапайымдыларның жіті кезеңінде кездесетін эндозоит, цист ішіндегі цистозоиттарға ауысады.
Цист сырты қалың қабықпен қапталған паразиттердің жинақталған түрі. Олардың ішіндегі цистозоидтар саны бірнеше мың болып келеді. Өсіп дамуы бәсеңсіп, тежелген цистозоиттар бірнеше жылдар бойы өзінің сезімталдығын сақтап отырады. Цисттер бұлшық еттерде, жүйке жүйесі ұлпаларында, көздің тор қабығында жиі кездеседі. Олар қабыну процестерін қоздырмайды. Сондықтан цист пайда болу барысында макро және микро ағзалар арасында салыстырмалы тепе-теңдік пайда болады. Протозомоз жіті түрінен бірнеше жылдарға созылатын созылмалы түріне ауысады.
Протозомоз патогенезінде паразиттің уыттылығымен қатар, жануарлардың төзімділігі мен сезімталдығының маңызы үлкен. Лабораториялық, үй және тағы жануарлар түрлерінің қарапайымдыларға бейімділігі әртүрлі болып келеді. Сезімтал жануарлардың (ақ тышқан, атжалман, сарышұнақ, орман және су тышқандары т.б.) тері астына қарапайымдыларның уытты штаммдарын еккенде, оларда протозомоздың жіті түрі байқалып, жануарлардың өлімімен аяқталады. Сезімталдығы төмен, төзімді жануарларда (теңіз шошқасы, егеуқұйрық, сұр тышқандар т.б.) енгізілген қарапайымдыларның мөлшеріне байланысты жіті, жітілеу, созылмалы протозомоз кездеседі.
Жануарлардың қарапайымдыларға төзімділігі сыртқы ортаның әсерінен (қосымша инфекция, қоректің аздығы т.б.) өзгеруі мүмкін. Мысалы, құстардың, жануарлардың эмбриондарын паразитпен жұқтырғанда олар асқынған протозомоздан өліп қалады. Ал, ересек құстар мен жануарларда протозомоздың клиникалық белгілері білінбейтін созылмалы түрі кездеседі. Егеуқұйрықтың 3 аптаға дейінгі балалары қарапайымдыларға сезімтал, ал ересектері төзімді болып келеді. Адамдарда жіті протозомоз жас балаларда, ал созылмалы түрі көбінесе тек ересектерде кездеседі (Е.А.Шевкунова т.б., 1976).
Протозомоз патогенезінде паразиттің месіне ену жолдарының маңызы бар. Көптеген тәжірибелер қарапайымдыларлармен алиментарлы тыныс алу жолдарының кілегей қабығы, жараланған тері, жыныс жолдары және көздің кілегей қабығы арқылы жұғатыны анықталды.
Фольерс (1962) торайларды қарапайымдылармен жұқтырғанда: құрсақ қуысына, бұлшық етке, тыныс алу жолдары арқылы енгізгенде протозомоздың жіті, ауру түрлері, ал алиментарлы енгенде жеңіл түрі болатындығын байқаған. Керісінше қарапайымдыларның ооцистерін тері астына бұлшық етке енгізгеннен алиментарлы жұқтырғанда протозомоз ауыр етеді. Ақ тышқандарды ооцистермен алиментарлы жұқтырғанда барлығы тегіс өліп қалған (Френкель, 1973; Т.П.Федичкина, 1976).
Протозомоз патогенезіне паразит иесінің иммунитетінің үлкен әсері бар. Жасушалық иммунитетте макрофагтар паразитті қоршаған алып фагацитоз жолымен қорытып жібереді. Қарапайымдыларға сезімтал жануарлардың (ақ тышқан т.б.) фагацитоз процесі нашар жүреді немесе аяқталмай қалады, керісінше паразиттер макрофагтардың ішінде өсіп дамуы мүмкін. Ал қарапайымдыларға төзімді жануарларда (егеуқұйрық т.б.) фагацитоз процесі толық жүріп, паразитті қорытып жібереді. (Ю.И.Юков, 1966; Беверлей, 1976).
Гумаральды иммунитет, яғни антидене синтездеу қарапайымдылармен жұқтырылған соң 5-10 –шы күндері басталады. Антиденелер эндозоиттардың өміршеңдігін төмендетеді. Қарапайымдыларлар жасушалардан шыққан кезде, антидене әсерінен қайтадан басқа жасушаға ену қасиеттерінен айрылып қалады. Сондай-ақ олардың құрылымы бұзылып, тіршілік етуін тоқтатады. (Г.Т.Акиншина, 1977, 1980).
Сонымен протозомоз патогенезі паразиттің уыттылы, өзінің иесінің сезімталдығы мен төзімдігін анықтайтын иммунитет байланыстары арқылы дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет