Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ


Протозомоздың патанатомиялық өзгерістері



бет37/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21

Протозомоздың патанатомиялық өзгерістері. Протозомоздың патанатомиялық өзгерісін көптеген ғалымдар тексеріп, зерттеген. (В.Ф.Новинская, 1955; Е.М.Кузовкин, 1965, 1966; Всеволодов, 1966; В.И.Голосов, 1968; А.М.Бугаев, 1969; У.И.Игильманов, 1969).
Патанатомиялық өзгерістер жануарлардың жіті және жіктілеу протозомоз кезінде өлгендерінде айқын көрінеді.
Жіті протозомоз кезінде өлген малдардың өлексесі арық болып келеді. Көздің ауыз қуысының, кілегейлі қабығы қызыл-көкшілденіп, тері асты қабаты ақшыл-қызыл, нүктелі қан құйылған және қанталаған жерлер байқалады. Көкірек және құрсақ қуысының сірі қабығында нүктелі және жолақты қанталаған жерлер кездеседі. Құрсақ қуысында 80-100 мл сабан- сары түсті сұйықтық табылады. Асқазан мен, ішектердің кілегей қабығы ісініп, қызарып тұрады. Кейде нүктелі немесе жолақты қан құйылған жерлері кездеседі.
Бауыр қоңыр-қызыл түсті, ұлғайған, қабығы астында қан құйылған жерлер кездеседі.
Бауырды кескенде және сыртқы бетінде өлі еттелген жерлер кездеседі. Бүйрек ұлғайған, сұр-қызыл түсті, кескенде өлі еттенген жерлер кездеседі.
Өкпе ісігін, қою-қызыл түсті, сірі қабығында нүктелі қан құыйлған жерлер көптеп кездеседі. Жүрек сұр –қызыл түсті, эндокардта көптеген қан құйылған жерлер байқалады.
Талақ ұлғайған сұр түсті нүктелі қан құйылған және өлі еттенген жерлері байқалады. Лимфа бездері ұлғайған.
Мидың қабығы ісінген, қан құйылған жерлері байқалады.
Созылмалы протозомоздың патанатомиялық өзгерістері айқын болып келмейді.
Онда лимфа бездері ұлғаяды және мида, бұлдық етте және ішкі мүшелерде (жүрек, бүйрек, бауыр т.б. қарапайымдылар цистін табуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет