Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет45/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21
Аж-41 Қалдан Е.Қ., instr entkz
Сэбин-Фельдман реакциясы. Сэбин-Фельдман реакциясы (СФР) тек қарапайымдыларды анықтауға қолданылады. Оны 1948 жылы Сэбин және Фельдман ұсынған. СФР қазіргі кезде қарапайымдыларды анықтайтынсезімтал реакцияға саналады. СФР-сы кезінде қарапайымдылар паразиті антиденемен байланысқанда, қосымша қоздырғыш қалыпты адам қан сарысуы негізінде метилен бояуымен боялмайды. Ал антиденемен байланыспаған қарапайымдылар адам қанының сарысуы негізінде метилен бояуымен боялады. СФР-сын қою үшін керекті ингредиенттер:

  1. Антиген- тірі қарапайымдылар паразиті. Ол үшін тышқандарды құрсақ ішінен паразитпен жұқтырады. Сонан соң 48-72 сағат-құрсақ ішінде көбейіп жинақталған қарапайымдыларларды алып, реакцияға пайдаланады.

  2. Қоздырғыш қалыпты адам қанының сарысуы. Реакцияға керекті қан сарысуын тексеруден өткізіп алады. Ол үшін: пробиркаға 1 көлем физиологиялық ерітінді 2 көлем адам қанының сарысуы және 1 көлем антиген құяды. Қоспаны су қобдиында (390С) 6 минут ұстап оған 2 көлем сілтілік ерітіндідегі метилен бояуын қосады. Қоспаны жақсылап араластырғаннан кейін, одан бір тамшысын алып төсеніш шынысына тамызады да, жабын шынысын абайлап үстіне қойғаннан кейін микроскоппен (х40) қарайды. Егер қарапайымдыларның 90% метилен көгімен боялған болса, онда тексерудегі қалыпты адам қанының сарысуы қоздырғыш бола алады.

  3. Метилен көгінің сілтілік ерітіндісін әрбір реакция қою үшін жаңалап, жасап тұру қажет. Ол үшін метилен көгінің спирттегі ерітіндісін (3-4 грамын 100 мл 960 спиртте) және буфер ерітіндісін алдын ала жасап алады. Реакция алдында керекті мөлшерін жасау үшін бояу мен буфер ерітіндісін 3:10 қатынасындай етіп араластырады.

  4. Тексерілетін қан сарысуы реакция қояр алдында реакцияға кедергі келтіретін заттарының белсенділігін су кобинына 30 минут қойып, жойып алады. Ол үшін қан сарысулары төмендегідей температурада ұстайды; теңіз шошқасінікі -560С, ірі қара мал мен шошқанікі-670С, жылқынікі-58-590С, қойдікі-500С, егеуқұйрық, тышқан және құстікі-600С, есек пен қашырдікі -640С, ит, мысық т.б. жыртқыш аңдар мен қояндыкі -650С.

  5. Стандартты иммунды қан сарысуы.

Сабин-Фельдман реакциясын қою әдістемесі. (СФР) қояр алдында қарапайымдылар ерітіндісін жасап алады. Ол үшін паразитпен жұқтырылған ақ тышқанның құрсағындағы паразит араласқан эксудатын жинайды. Жиналған экссудатты 1:4-8 қоздырғышпен араластырады. Микроскоппен (х40) қарағанда көзге 10-20 паразит көріну керек. Пробиркаларға 0,15 мл қарапайымдылар ерітіндісін құяды, 1-ші пробиркаға 0,05 мл тексерілетін қан сарысуын қосады. Шприцпен жақсылап араластырған соң 1-ші пробиркадан 0,05 мл алып, 2-ші пробиркаға құяды. Осылайша 0,05 мл ауыстырып отырып біз қан сарысуының 1:4, 1:16, 1:64 т.б. ерітіндісін жасаймыз. Қарапайымдылар қан сарысуның ерітінділерін су қобдиында (370С) 60 минутқа ұстаймыз. Қыздырылған қоспаларға 0,1 мл метилен көгін құямыз. Пробирка жақсылап араластырылған соң 10-15 минуттан кейін немесе тоңазытқышқа қойылып 16-18 сағаттан соң реакцияны оқуға болады. Ол үшін әрбір пробиркадан бір тамшы алып төсеніш шынысына тамызады, бетін жабын шынысымен абайлап жауып микроскоппен (х40) қарайды. Егер 5% көп қарапайымдылар боялмаған болса реакция оң көрсеткіш көрсетті деп саналады. Реакцияда тексеруші пробиркалар болу керек. Олар:

  1. Пробиркаға 0,05 мл қарапайымдылар және 0,1 мл физиологиялық ерітіндісіне 0,1 мл метилен көгі қосылған. Реакция теріс көрсеткіш көрсету керек. Барлық қарапайымдылар көкке боялуға тиісті.

  2. Пробиркаға 0,05 мл қарапайымдылар ерітіндісі мен 0,15 мл қоздырғышқа 0,1 мл метилен көгін қосады. Реакция теріс көрсеткіш көрсету керек. Қарапайымдыларның 90% көбі көк түске боялуға тиісті.

  3. Пробиркаға белгілі стандартты иммунді сарысудың ерітіндісінің қоспасына (0,05 мл+0,15 мл) метилен көгін құяды. Реация оң көрсеткіш көрсету керек. Пробиркалардағы иммунды сарысудың көрсетілген титрге дейін қосылған қарапайымдыларлар 90-100% боялмауға тиісті. Тек қарапайымдыларлардың ядролары боялып, көк нүкте тәрізді көрінеді. Кейінгі кезде СФР-сының микроварианты қолданылып жүр. (Фельдман, 1966). Микрореакцияның артықшылығы оған төсеніш және жабын шынылары қажет емес. Реакцияға арнауылы органикалық шыныдан жасалған шұңқырлары бар пластинкалар қолданылады. Сонымен бірге реакцияға керекті ингредиенттер аз мөлшерде алынады.

Біздің елде СФР-сы қолдау тапқан жоқ. Оған себеп болған бұл реакцияны кең өндірістік практикада: аудандық, қалалық, облыстық лабораторияларда қойылу қиындығы. Әрқашан ақ тышқандарда уытты токсоплазм штамдарын ұстау қиын да, қауіпті де. Сондықтан бұндай мүмкіншілік болмаған соң, кең таралмаған. Біз лабораториялық практикада СФР-сын үздіксіз қойып басқа серологиялық реакциялармен салыстырып отырдық.
СФР-сы арқылы қарапайымдылар антиденесін комплементті байлау реакциясына қарағанда ерте байқауға болады. Сондай-ақ СФР-сының өзіндік тәндігі басқа реакцияларға қарағанда жоғары болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет