Преципитация реакциясы. Преципитация реакциясын алғаш рет инфекциялық ауруларда неміс ғалымы Краус (1897 және орыс микробиологы Ф.Я.Цистович (1899) қолданды. Преципитация реакциясы, агглютинация реакциясына ұқсас келеді. Олардың негізгі айырмашылықтары, агглютинация кезінде паразиттер, бактерия денесі немесе олардың ірі бөлшектері бір-бірімен байланысып тұнбаға түседі. Ал преципитат майда бөлшектермен еріген антигендерден тұрады. Преципитацияның бірнеше түрі кездеседі. Соның кейінгі кезде, паразит ауруын анықтауға, паразит антигенін зерттеуге кең пайдаланып жүрген агар гелінде преципитация реакциясы. Бұл реакцияның төрт варианты кездеседі:
жай диффузия- антидене антигенімен бірге араласытырылып гельге енгізіледі;
пробиркада жүргізілетін екі жақты диффузия;
Петри тостағаншасында жүргізілетін екі жақты диффузия;
Иммуноэлектрофореза әдісі;
Қарапайымдыларды агар гелінде преципитация реакциясымен анықтауды алғаш рет Коннор (1957) қолданды. Ол ауру адамның көзінен алынған сұйықтан прецияпитин тапты. Кейін қарапайымдылар преципитиндері жануарлардың қанында табылды.
Агар гелінде преципитация реакциясын жүргізу үшін көптеген антиген варианттары ұсынылды. Ең қолайлы антиген паразитпен жоқтырылған, ақ тышқанның құрсақ эксудатынан алынған антиген болып саналады. Осы антигенді пайдалану арқылы қолдан жұқтырылған және табиғи ауру малдардың қан сарысуынан 1-2 преципитация сызықтарын алуға болады екен. Кейін антиген ретінде құрсақ эксуатындағы қарапайымдыларның өзі ғана емес, ондағы сұйықтарда антиген ретінде қолданылды. Құрсақ сұйығындағы паразиттердің метоболитті компоненттері қарапайымдылар антигенінің сапасын арттырады. (Г.В.Корнилов, С.И.Коновалова, 1969). Олардың жүргізген тәжірибелерінде қарапайымдылар паразитінен алынған антиген, қан сарысуымен агар геліндегі преципитация реакциясында 1-2 сызық берсе, қарапайымдылар алынған құрсақ эксудатының сұйығы 3-4 сызық түзеді. Преципитация сызығы қарапайымдылармен жұқтырылған қояндардың 12 аптада алынған қан сарысуымен ең көп түзілген. Ғалымдардың жүргізген тәжірибелерін қорытындылай келіп преципитация реакциясы қарапайымдылар ауруын анықтауға болатындығын көрсетеді.
Біз өзіміздің жүрігзеген жұмыстарымызда агар геліндегі преципитация реакциясына қарапайымдылар дезинтегратын қолдану арқылы оның сезімталдығын және өзіндік тәндігін көтердік. Қарапайымдылардың ультрадыбыс арқылы бөлшектеніп, майдаланған антигенімен қарапайымдылар антигені спектрін анықтап, ондағы түраралық, туыс аралық ортақ антигендерден анықтап, олардан құтылу жолдарын ұсындық. (А.Н.Хадидаев, 1978; Я.М.Красов, Ж.К.Омаров, А.Н.Халилаев, 1979; А.Н.Халилаев, 1981). Агар геліндегі преципитация реакциясы сезімталдығы басқа серологиялық реакцияларға қарағанда (комплементті байлау, комплементті ұзағынан байлау, кері гемагглютинация т.б. реакциялар) төмендеу болуына байланысты, бұл реакцияны қарапайымдыларды анықтауда, басқа реакциялармен бірге қойған тиімді. Реакцияны қою тәсілі: төсеніш шыныға 1-1,5% агардың 4 мл құяды. Агар қатқан соң онда қашықтығы 5-6 мм болатын бес шұңқыр жасалынады. Бір ортаңғы шұңқырға антиген шеткі бірінші және екінші шұңқырға тексерілетін қан сарысуы, үшінші және төртінші шұңқырларға стандартты: оң және теріс қан сарысулары құйылады. Төсеніш шыны Петри тостағаншасына салынады. Агар кеуіп кетпес үшін жанына суланған мақта қойған дұрыс немесе ішінде суы бар эксикаторға салынады. Петри тостағаншасы термостатқа қойылып, реакция 24-48 сағатта оқылады. Егер тексерілетін қан сарысуында антидене болса онда 1-2 прециптация сызығы пайда балады. Тексеруші шұңқырларда стандартты оң қан сарысуымен 2-3 преципитация сызығы пайда болады, ал теріс қан сарысуымен реакция жүрмеуге тиіс. Егер тексерілетін қан сарысуы көп болса барлық шұңқырларға құйылады да, тексеруші шұңқырлар тек бір рет қана алынып қойылады. Егер дайындалып қойылған агар болса онда реакция қою оңай, әрі тиімді. Аз реагенттер кетеді және бір төсеніш шынысымен 4 қан сарысуын тексеруге болады.