«Анашым жан шуағым»
Мақсаты:
А
та-аналардың пікірталас алаңына қатысуын ұйымдастыру.
Балабақша мен ата-ана арасындағы ықпалдастықты дамыту.
Балалардың
шығармашылығын насихаттау, педагогтардың шығармашылық
ізденісін тудыру.
Әдіс-тәсілдер:
Жиын, әңгімелесу, пікірлесу, ой бөлісу.
Жоспары:
1. Шаттық шеңберіне шақыру.
2. «Анашым жан шуағым» тақырыбында кіріспе сөз.
3. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» - ой бөлісу.
4.
«
Еліміздің күші патшасында, сәбидің күші жылауында»- пікірлесу.
5. Қорытындылау.
Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, Бүгінгі «Анашым жан шуағым» атты
дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!
1. Шаттық шеңбер.
Аналарды ортаға шеңбер жасап тұрғызу.
1 – жаттығу, «Шаттық шеңберіне шақыру» Аналар
өз есімдерін таныстыра
отырып, есімдерінің бас әрпінен басталатын тілек сөз айтады.
2 - жаттығу, «Жылжымалы орындық» Қима қағаздарды алып,
мен мына өлең
жолдарын оқығанда орындыққа келіп отырасыздар.
Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана – деген бәйтерегі өмірдің,
Ана – деген алтын қазық, алтын бақ.
2
. «Анашым жан шуағым» тақырыбында кіріспе сөз.
Дүниеде
ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді? Жақсылық
атаулының барлығы да ананың ақ сүтінен жаратылған.
Халқымыз «ана – барша
тілектің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ
пен
мейірім әлемі, өмірдің сәні» деп қасиет тұтып отбасының алтын діңгегі
санаған.
Отбасының тәрбиесі, мәдениеті, жетістігі мен дәстүрі ананың
өресіне, білімі мен қадір - қасиетіне тікелей байланысты.
Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген пікірінің
астарында үлкен мән жатыр.
Ананы Пайғамбар да қатты құрметтеген. «Жұмақ
ананың табанының
астында»,- деді ол.
Бір күні Пайғамбарға әлдекім келіп. «Шын айтыңызшы,
мен жақсылықты
әуелі кімге жасауым керек»,- деп сұрапты. «Өз анаңа»,- деп жауап беріпті
Пайғамбар.
- Тағы да кімге? - дейді әлгі адам.
- Анаңа,- деп қайталапты Пайғамбар.