«Анашым жан шуағым» Мақсаты: а та-аналардың пікірталас алаңына қатысуын ұйымдастыру


«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» - ой бөлісу



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата22.11.2022
өлшемі172,02 Kb.
#159308
1   2   3   4   5
3. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» - ой бөлісу. 
Жүргізуші:
Бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы шығыс ғұламасы Әл-
Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген 
білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» 
деген екен. Осыған байланысты мына сұрақтарға өз ойларыңызды 
айтсаңыздар екен. 
 
1) Дүкендегі жағдай-баланың күнде балабақшаға бару үшін алдымен дүкенге 
баруды әдетке айналдырған. Осы әдеттен арылту үшін сіздің әрекетіңіз? 
2) Компьютер мен бала-баланың балабақшадан барысымен компьютерден бас 
алмайды. Сіздің әрекетіңіз? 
3)Баланың таңғы оянуы-балаңыз ерте тұрудан бас тартып,ауырып тұрмын деп 
сылтауратты. Сіздің әрекетіңіз? 
4) Мен балабақшаға барғым келмейді-балаңыз түрлі сылтаумен балабақшаға 
барудан бас тартты.Сіздің қолданар әрекетіңіз? 
4. «Еліміздің күші патшасында, сәбидің күші жылауында»- пікірлесу. 
Жүргізуші: «
Еліміздің күші патшасында, сәбидің күші жылауында»-баланың 
ата-анаға қарсы қолданар құралы жылау. Күнделікті өмірде түрлі жағдайларға 
байланысты қасымызға ертіп жүру мүмкін болмайды. Осы тақырып аясында 
төмендегі сұрақтарға байланысты пікір алмасайық. 
А)Баланы басқа адамдар аясында жеке қалдырып көрдіңізбе? 
Б)Баланы қалдырған кезде қандай күйде болдыңыз? 
В)Балаңызды әрдайым ойлап жүресіз бе? 
5. Қорытындылау.
Жүргізуші:
Баланың ақылы да жаны да туғанда ақ қағаздай болады. Ақ 
қағазға қандай жазу жазсада жазушының еркінде, бала қалай тәрбиеленсе 
сондай болып өседі.
Ұлы педагог А.С.Макаренко - «Тәрбие-баламен сөйлесумен шектелмейді. 
Балаға әркімнің өзінің жеке басы арқылы үлгі өнеге көрсетуіңде» деген екен. 
Ағашты қалай қисайтсаң солай өседі. Осы пікір-талас баланың түзу ағаш боп 
өсуіне көмектессе дейміз.
Халық даналығында «Балаңды 5-ке дейін патшадай көр, 15-ке дейін 
құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла»-дегендей баланы қанша 
патшамыздай көтерсекте ол елдің ертеңгі болашағы екенін естен шығармай 
дұрыс тәрбие берейік. Ал тәрбие бастауы-балабақша екенін ұмытпайық, - деп
дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз. Келіп ой бөлісіп, пікір айтқандарыңызға
көп рахмет. Сау болыңыздар! 


Тренингке келген аналарды ережемен таныстырамын. 
1. Өз ойын ашық айту. 
2. Өзгенің пікірін құрметтеу 
3. Шынайылық көрсету 
4. Белсенді әрекет ету 
5. Өз сезімін басқара білу 
6. Уақытпен санасу 
Аналарды ортаға шеңбер жасап тұрғызу. 
Жаттығу түрлерімен таныстыру 
1. Шаттық шеңбері 
2. Жылжымалы орындық 
3. Кел шырқайық 
4. Кездейсоқ жағдайдан шығу 
5. Топтық жұмыс 
6. Мақалды жалғастыр... 
7. Түйін сөз 
8. Өрмекшінің торы 
Аналарды ортаға шеңбер жасап тұрғызу. 
1 - жаттығу, «Шаттық шеңберіне шақыру» Аналар өз есімдерін таныстыра 
отырып, есімдерінің бас әрпінен басталатын тілек сөз айтады. 
2 - жаттығу, «Жылжымалы орындық» Қима қағаздарды алып, мен мына өлең 
жолдарын оқығанда орындыққа келіп отырасыздар. 
Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап, 
Ана – дейді жас сәби де жарқылдап. 
Ана – деген бәйтерегі өмірдің, 
Ана – деген алтын қазық, алтын бақ. 
3 - жаттығу «Кел шырқайық» Мына қима қағаздарда өлеңнің тақырыбы және 
шумақтың бірінші қатары жазылған. Өлеңді әуеніне салып айтып, келесі 
шумақты келесі ана жалғастырып алып кетеді. 
4 - жаттығу «Кездейсоқ жағдайдан шығу» 
1. Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ балаңыздың жат әрекеттерге бой 
алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап аласыз? 
2. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде «ұялы 
телефон» бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Үйде алып бер деп мазаңызды 
алады. Сабаққа барғысы келмейді сіз не істейсіз? 
3. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап 
кеткен соң «өздерің қадағалаңдар» деп әкеліп береді. Ал балаңыз тәрбиеге еш 
көнер емес, не істейміз? 
4. балаңыз диктант дәптерін үйге әкелді. жазба жұмысынан «4» деген баға 
алған. Қатесін сіз де, балаңыз да көріп тұрсыздар, ал пән мұғалімі оны 
жөндемеген. Сіз балаңызға неліктен жөндемегенін балаға қалай түсіндіресіз? 
5 - жаттығу «Топтық жұмыс» Аналар бірігіп берілген сұрақтарға жауап 
береді. 1. Бала дегеніміз кім? 


2. Бала жақсы өмір сүру үшін, қандай жақсы қасиеттер керек? 
3. Баланы мадақтау дегеніміз не? 
6 - жаттығу «Мақалды жалғастыр...» Оқушылардың қатысуымен тақтадан 
мақалдарды жалғастыру. 
7 - жаттығу «Түйін сөз» БАҚЫТ, БАЛА, БАЗАР, БЕСІК. Осы сөздерді 
қатыстыра отырып, өз ойларыңызды бір ауыз сөзбен қорытындылаңыздар. 
Жаттығуымыздың арасында өлең жолдары тыңдалады. 
8 - жаттығу «Өрмекшінің торы» Ортаға шығып шебер құрамыз. Мен біреуге 
оралған жіпті лақтырамын. Оның атын айтамын және оның маған ұнайтын 
мінезін, жақсы қасиетін айта отырып тілек тілеймін. Келесі адамға 
жалғасады. Жіп соңында өзіме келуі тиіс. 
- Қараңыздаршы, бізді байланыстырған жіп, әдетте, ол бізге көрінбейді. Бірақ 
өмірде бар, осы жерде тұрған барлық аналарды жылы, мейірімді сөздер 
байланыстырып тұра берсін,- деп бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет