Сабақтың тақырыбы: "Балапандар" Шағын орталық Өткізген: Оразбаева Света Ізбастықызы



Дата27.12.2016
өлшемі14,69 Kb.
#5800
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • “Балапандар”
  • Шағын орталық
  • Өткізген: Оразбаева Света Ізбастықызы
  • 2014-2015 оқу жылы
  • Білім саласы:
  • Шығармашылық Ұйымдастырылған іс әрекеті
  • Сурет іс – әрекеті
  • Мақсаты:
  • 1 Бірнеше бөліктен тұратын зат бейнесін бейнелеуде саусақпен сурет салуды үйретуді жалғастыру түсінік қалыптастыру./ 2 Сөздік қоры мен ұсақ қол моторикасын дамыту. Есте сақтау, қиялын дамыту. Өз қиялдарын сурет іс әрекетінде бейнелеу іскерлігін арттыру 3. Үй құстарына деген қамқорлық сезімін, әр қашан қиналғанда көмекке келе білу сезімін тәрбиелеу
  • КҮНІМІЗ СӘТТІ БОЛСЫН!
  • І. “Сәлем сөздің анасы”
  • Ұйымдастыру бөлімі - Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару
  • САБАҚТЫҢ І КЕЗЕҢІ
  • Бақшамызға барғанда,
  • Жолыққан бар жандарға,
  • Ертеңмен ақ пейілмен,
  • Қайырлы таң!-дейміз біз ...
  • Күндіз елді елейміз,
  • Қайырлы күн тілейміз!
  • Балалар, қанекей бәріміз бір-бірімізге қайырлы күн дей отырып, сәттілік тілейік!
  • КҮНІМІЗ СӘТТІ БОЛСЫН!
  • КӨҢІЛ КҮЙІҢ ҚАНДАЙ балақай?
  • Маған ұқса, таңда мені, көңіл- күйің тамаша болады
  • Өте жақсы
  • Жақсы
  • Орташа
  • Алдын ала жүргізілетін жұмыс:
  • Кітаптар мен көрнекі иллюстрациялық жабдықтардан балапан бейнесін көріп тамашалау.
  • Үй құстарының сыртқы ерекшеліктері жайлы әңгіме, ертегі. шығармалардан таныстыру.. «Балапан» «Шұбар тауық» ертегісі
  • Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру көрсету. Сұрақ - жауап, тосын сәт «Балапандарын іздеген тауық». Саусақ, қол жаттығуы. Өлең «Шөжелерім». Көрнекті құралдар: Сурет құрал - жабдықтары су бояулар., қылқалам, тауық суреті бейнеленген альбом парақтары.. Суреттер «Үй құстары», дыбыстық сурет слайды, себет
  • « Балапан»
  • Мотивациялық ынталандырушылық
  • Балалар алдына суреттер таратылады. Олар балапандарды түсіне қарай ажыратады Мазмұны: Ақ, сары қара, түсті балапандарды тауықтың түсіне қарай жинап, орналастыру ұсынылады. Балалар үй құстарының, атын атап, түсін ажыратып,атайды.
  • « Бұл қандай үй құсы?» Мақсаты. Балалардың көріп қабылдауын жетілдіре отырып үй құстарын есте сақтауға үйрету. - Балалар қараңдаршы мына суреттегі қандай үй құстарын білесіңдер? Балалардан үй құстарының атын атап, түсін, пішінін біртіндеп сұрайды. - Мынау не? - Ол қалай дыбыс шығарады? /слайдты көрсету, тыңдату/ Қане бәріміз: - Қыт!»Қыт!- деп дыбыс шығарайық. - Мынау не? - Ол қалай дыбыс шығарады? Ал сендер балапан туралы өлең тыңдағыларың келе ме? «Шеп, шеп, шөжелерім» Көк шалғында жайылым бар, Тез келіңдер жайылыңдар, Әлі - ақ, өсіп толарсыңдар, Ақ тауықтай боларсыңдар Бұдан кейін әтешті, үйрек, қаз, күркетауықтың суреттерін көрсетіп, дыбыстарын тыңдатып бола бергенде, кіре беріс бөлмеден жылаған дауыс бәрінің назарын бөліп жібереді
  • Балаларға әтеш, үйрек, қаз, күркетауықтың т.б құстардың суреттерін көрсетіп, дыбыстарын тыңдату
  • Кіре беріс бөлмеде тауық жылап тұрады. Тауықты топқа кіреді Тәрбиеші: - Тауық сен неге жылап тұрсың? Тауық: - Мен неге жыламайын, менің балапандарымды таба алмай отырмын.. Мен үйдемін, балапандарым жоқ.
  • Балалар сендер сурет салуды білесіңдер ғой, менің балапандарымның суретін салып беріңдерші. Жұмыс бастамас бұрын балалардан балапанның қандай дене мүшелері бар екенін еске түсіргізеді.
  • Тәрбиеші : «Үй құстары» слайдынан балапанның дене мүшелерін көрсетіп, талдатқызады. - Балапанның басы мен денесі /домалақ шар тәрізді/ - Басында көзі мен тұмсырғы, ал денесінде қанаттары мен құйрық және аяқтары бар. - /Тауық одан сайын жылайды./
  • Тосын сәт: «Балапандарын іздеген тауық»
  • Тәрбиешінің іс әрекеті Балапанның суретін салмас бұрын саусақпен сурет салу техникасын түсіндіремін. Сұқ саусақты бояуға басып параққа түсіреді.. Бұл балапанның басы Содан кейін бас бармақты бояуға малып сұқ саусақ басқан жерден төмен тағы бастырады. Бұл балапан денесі. Ұсақ бөліктерін қылқаламның екінші ұшымен салып толықтырады. Әр балаға тауық суреті бейнеленген суреттер таратылып, беріледі. Жанына балалар балапандарды толықтырады..
  • Саусақ қол жаттығулары
  • СЕРГІТУ СӘТІ
  • Шығармашылық жұмыс орындату. Балапан макеттерін құрастыру, суреттерін салу
  • Мотивациялық ынталандырушылық
  • «Балапан»
  • Сары түсті балапан Өзін сондай ұнатам Қанаттарын қағады. Қауырсынын тарады. Шашсам болды бидайды Жылдам жинап алады..
  • /әр балаға жекелей көмек көрсетіп, сұрақ қойып балаларға көмек беремін/. Тауық балалар жұмысын қадағалап, мадақтап жұмыстарына ол да, көмек береді. Балалар салған суреттерін тақтаға қойып, балалар назарына ұсынылады. Жақсы орындаған суреттер мадақтап, марапатталады. Тауық рахмет айтып балалармен тілдік қимылды ойын ойнатады. «Көңіді балапандар» Балапандар басады, Аяқтарын топ топ Топ топ. Топ топ. Аяқтары шаршаса, Қанаттарын қағады: Шарт!, Шарт! Шарт! Шарт! Содан кейін отырып, Әсем биді билейді. Шиқ! Шиқ! Шиқ! Шиқ! Олар қашса, егер де, Ұстай алмас, ешкім де. Қаш! деген сөзге балалар, бытырап қашады, тауық ұстап алғысы келеді. Тауық рахметін айтып, салған суреттерді себетке салып алып кетеді.
  • Балалардың жеке жұмысы.
  • Балалар үй құстарының, атын атап, түсін түстейді. - Мынау тауық. - Қыт!»Қыт!- деп дыбыс шығарады - Қыт!»Қыт! - Тауықтың балапаны. - Ол:- Шиқ! Шиқ!- деп дыбыс шығарады. - Басы денесі домалақ шар тәрізді. Тәрбиешінің көрсетіп жатқан мүсін әдісі мен тәсілдеріне назар аударып, отырады. /Екі қолдың бас және сұқ саусақтарын бірге жымдастырып ұстап, қол басымызды айқастырып қанат қаққан қимыл көрсетіледі. Жем шашу қимылын көрсетеміз Үстелді саусақ ұшымен соғу/ Тәрбиеленушілерді шеңберге тұрғызып, Аяқтарын топылдатады. Қолдарын шапалақтайды. Жүрелеп отырып, Оңға, солға қимыл жасайды. Тым тырақай қашады.
  • Ұйымдастырушылық ізденушілік
  • Рефлексифті түзетушілік
  • - Балалар біз қандай іс - әрекетпен айналыстық? Бізге не келді? - Ненің суретін салдық? - Түсі, пішіні қандай? Қандай тәсілмен салдық?
  • Тәрбиешінің іс-әрекеті
  • Тәрбиеленушінің іс-әрекеті
  • - Сурет іс әрекетімен Тауық келді - Балапандарды. - Түсі сары . Басы домалақ, денесі домалақ Саусақпен салдық
  • Білуі керек:
  • Үй құстарының түрлерін, дыбысталуын, атын, олардың балапандарын ажыратуды біледі. Түсінігі: Үй құстарының басты ерекшеліктерін бейнелеу жайлы түсінік қалыптастыру Дағдысы: Сурет салудың дәстүрден тыс тәсілдерін саусақпен сурет салу жетілдірілді, дағдыланды
  • Ілмек сөздер: тауық балапандары, 
  • үй құстары
  • Тәрбиеленушілерді смайликтер арқылы бағалау
  • Жарайсың!
  • Өте жақсы
  • Тамаша


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет