Анатомия – 120 ом


Аран туралы түсінік, шекаралары. Лимфа-эпителиалді сақинасы, құрылысы, қызметі, практикалық маңызы



бет101/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

127.Аран туралы түсінік, шекаралары. Лимфа-эпителиалді сақинасы, құрылысы, қызметі, практикалық маңызы.

Ауыз қуысының артқы қабырғасы жоқ аран-fauces, орналасқан. Аран жоғарғы жағынан жұмсақ тандайдың тілшігімен, бүйірінен таңдай доғаларымен (алдыңғы тандай-тіл, артқы тандай-жүтқыншақ) және төменгі жағынан тіл түбімен шектеледі. Негізгі қызметі: ауыз қуысында езіліп, сілекей сөлдері аркылы шыланып, жартылай химиялық ыдырау процесінен өткен тамақты жұтқыншактың ауыздық бөлігіне, pars oralis, өткізу. Ауызжұтқыншақ екі бөлімнен: ауыз қуысынан және жүтқыншақтан тұрады. Ауыз қуысын (көне грекшеcavum orisкөне грекшеcavum — қуыс, көне грекшеоr — ауыз) — жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты және жұмсақ тандай, тіл, сілекей бездері құрайды. Ауыз қуысында ас механикалық өндеуден (шайнау, сілекеймен жібіту, араластыру) өтеді және сілекей ферменттерінің әсерінен қорытыла бастайды. Жұтқыншақ (лат. рһагупх) — пішіні қүйғышқа ұқсаған етті-жарғақты түтікше ағза. Ол ауыз қуысын өңешпен жалғастырып, ауыз қуысында өндеуден өткен асты (азықты) өңешке еткізеді. Жұтқыншақтың қабырғасы үш қабық тан: ішкі - кілегейлі қабық тан, ортаңғы — етті қабық тан, сыртқы - адвентиция кабығынан құралған. Жұтқыншақ — ас қорыту және тыныс алу жүйелеріне ортақ мүше. Оның ішкі кілегейлі қабырғасында ас және ауа жүретін екі жол айқасып орналасады. Ас жолының кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал тыныс жолы — бірқабатты кепқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Ас жұтылған кезде тыныс жолы — мұрын қуысы жағынан жұмсақ таңдаймен, көмекей тесігі — көмекей бөбешігімен (тілшікпен) жабылады. Ас жұтылғаннан соң, жүмсақ тандай төмен түсіп, бөбешік (бөбешіктің негізін серпімді шеміршек құрайды) алға қарай серпіліп, ауа жүретін тыныс жолы ашылады.


Ауыз қуысы, топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай ауыз кіреберісі, мен меншікті ауыз қуысына бөлінеді. Ауыз кіреберісінің қабырғалары: сыртқы қабырғасын жоғарғы және төменгі еріндер: бүйір қабырғаларын-ұрт, ішкі қабырғасын жоғарғы және төменгі жақсүйектерінің ұяқшықтық өсінділері, тістер, тістердің қызыл иектері, құрайды. Жоғарғы және төменгі еріннің қосылған жері ауыз дәнекерін құрайды. Ауыз кіреберісі сыртқы ортамен жоғарғы ерін мен төменгі еріннің аралығындағы ауыз тесігі, арқылы қатысады Ауыз кіреберісінің сыртқы қабырғасының терең қабаты жоғарғы және төменгі еріндерді, ұрттың қабырғаларын құраушы ымдау бұлшықеттерінен тұрады Сыртқы беті терімен қапталып, кіреберістің ішкі бетіне өткен кезде, ауыз қуысының шырышты қабығы көпқабатты эпителиймен қапталған шырышты қабығына жалғасады. Ауыз кіреберісінің шырышты қабығы жоғарғы ерін мен төменгі еріннің ішкі бетін астарлай өтіп, еріндердің жоғарғы, төменгі күмбездерін және жүгеншелерін құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет