Анатомия – 120 ом


Үлкен сілекей бездері: шықшыт, жақсүйекасты, тіласты сілекей бездері, орналасуы, құрылысы, шығару жолдары



бет103/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì
казахский сессия (копия), гг (копия), 190768.pptx, 201212211340127
130.Үлкен сілекей бездері: шықшыт, жақсүйекасты, тіласты сілекей бездері, орналасуы, құрылысы, шығару жолдары

Ауыз куысының үлкен бездері- glandulae salivariae majores, ауыз куысынан тыс орналаскан үш жұп: шыкшыт, тіласты, төменгі жаксүйек асты бездерден тұрады.


Шыкшыт безі, glandulaparotis, ауыз куысының үлкен сілекей бездерінін ішіндегі ең ірі без. Сыртқы пішіні үшбұрыштәрізді, салмағы 20-30 г, ұзындығы 3-5 см, қалыңдығы 2-3 мм-дей. Сыртқы беті фасциялдык қабықпен капталран. Бездің түтігі бетсүйектік доғаның бойынан 1 см төмен, горизонталді бағытта меншікті шайнау бұлшыкеттің-т. masseter, сырткы бетін жанай алға қарай бағыт алып, одан әрі ұрт бұлшықетін- т. buccinator, тесіп өтіп, жоғарғы екінші азу тістің тұсында ауыз қуысының кіреберіс бөлігіне ашылады. Құрылысы жағынан шықшыт без күрделі ұяшықты, бөлетін секретіне байланысты сірлі типті бездерге жатады.
Төменгі жақсүйек асты сілекей безі- glandula submandibularis, кұрылысы жағынан күрделі ұяшықты-түтікті бездерге жатады. Без мойын аймағының төменгі жақсүйек асты үшбұрышында орналаскан. Төменгі жақсүйек асты бездің сыртқы беті жұқа фиброзды тінмен және мойынның теріасты бұлшықетімен- т. platysma, жабылған, жоғарғы шеті жақсүйек-тіласты бұлшықетімен-т. mylohyoideus, шектелген. Бездің түтігі-ductus submandibularis, немесе вартонов атты түтігі алға және жоғары өтіп, жаксүйек- тіласты бұшықетін тесіп өтіп, одан әрі тіласты сілекей безінің аралығымен өтіп, тіласты безінің үлкен түтігімен бірігіп, тіласты жүгеншігінің бүйір қапталында орналаскан тіласты бүртігіне, caruncula sublingualis, ашылады.
Тіласты безі-glandula sublingualis, көлемі шагын келген, сыртқы пішіні сопақша немесе үшбүрыштәрізді, шырышты бездерге жатады. Без меншікті ауыз куысының шырышты қабығы мен төменгі жақ тіласты бұлшықетінің-т. mylohyoideus аралығында, сыртқы беті фиброзды қабықпен қапталып, ауыз қуысының түбінде орналасқан. Тіласты безінің үлкен (негізгі) және кіші түтіктері ажыратылады: бездің үлкен түтігі-ductus sublingualis major, төменгі жақсүйек асты сілекей бездің түтігімен бірігіп, тілдің тіласты бүртігіне, caruncula sublingualis, ашылады. Бездің кіші түтіктері-ductus sublingualis minores, ұсак тіласты бүртігінің бүйір қапталында орналасқан майда түтіктер аркылы ашылады. Қызметі: шырышты тіпті секрет бөлу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет