Анатомия – 120 ом


Бас сүйегінің жас шамалық ерекшеліктері



бет20/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

Бас сүйегінің жас шамалық ерекшеліктері.
1. Бірінші жас шамалық ерекшелікке бет сүйегімен ми сауытының қарым-қатынасын алуға болады. Мысалы: нәрестелерде бұл қарым-қатынастық 1/8-ге тең, ал ересектерде ½ -ге тең. Бұл қарым-қатынастың ерекшелігі бас сүйегінің эмбриональдық дамуы мен одан кейінгі дамуына байланысты.
2. Екінші негізгі ерекшелікке ұрық пен нәрестелердегі еңбектердіжатқызуға болады. Барлық еңбектерді екі топқа жіктейді:
a. Жұп еңбектер.
b. Тақ еңбектер.
Жұпеңбектер бас сүйегініңжан- жағындақос-қостанорналасады.
1. Сына тәрізді еңбек. Ол маңдай, төбе, сына тәрізді және самай сүйектерінің арасында орналасқан. Туғанға дейін 2-3 айда бітелуі керек.
2. Еміздікше еңбек. Ол самай, төбе және шүйде сүйектерінің арасында орналасқан. Ол да туғанғадейін 2-3 айда бітелуі керек.
Тақ еңбектер:
- Кіші немесе шүйде еңбегі екі төбе және шүйде сүйектерінің арасында орналасқан. Туғаннан кейін 2-3 ай аралығында бітелуі керек.
- Үлкен немесе алдыңғы маңдай еңбегі ромб пішіндес маңдай және төбе сүйектерінің арасында орналасқан. Туғаннан кейін 2жыл аралығыда бітелуі керек.

16.Бас сүйегі төбесінің сүйектері: маңдай, құрылысы.
Маңдай сүйегі – os frontale – қабыршақтан, жұп көз және мұрын бөлігінен құралған.
Қабыршақ бөлімі – pars squamosa – маңдай үйектің ең үлкен бөлігі, маңдайлық жікпен – sutura metatopica қосылған 2 жартыдан тұрады. Сыртқы беті – facies externa дөңес, ал ми сауытына қараған беті – facies interna seu facies cerebralis ойыстау және бұдырланған. Қабыршақтың оң және сол бөлігінде маңдай томпағы – tuber frontale, ал олардан төменірек қас доғасы – arcus superciliaris орналасқан. Маңдай томпағы мен қас үсті доғасының аралығында кеңсірік үсті жазықтық – glabella орналасқан. Қабыршақтық бөліктің сыртқы беті көз ұялық бөліктен жұп көз ұяның жоғарғы жиегі- margo supraorbitallis бөлінген, оның ортасында тұрақсыз көзұяның жоғарғы тілігі – incisura supraorbitalis түзіледі. Ішке қарай маңдайлық тілік – incisura frontalis орналасады. Ішкі бетінде милық қатпарлардың іздері – артериялық жүлгелер – sulci arteriosi және оның арасында маңдай қырқасы – crista frontalis орналасады, ол жоғарғы сагитальды қойнаудың жүлгесіне – sulcus sinus sagittalis superioris өтеді. Қырқаның бастамасында соқыр тесігі – foramen caecum бар. Маңдай сүйектің төменгі бөлімдері латеральды бағытта сүйірленіп, бет сүйектік өсіндіге – processus zygomaticus өтеді. Бет сүйектік өсіндінің жоғарғы жағында самайлық сызық – linae temporalis айқын көрінеді.
Көз ұялық бөлігі – pars orbitalis – төртбұрыш пішінді сүйектік табақша, көз ұялық және милық беті бар. Көзұялық беті – facies orbitalies – көзұяға қарайды және тегіс болады. Оның алдыңғы-бүйір қапталында көз жасы безінің шұңқыры – fovea trochlearis орналасқан. Милық беті – facies cerebralis – бас сүйек қуысына қарайды. Ішінде іздер көрініп тұрады: милық батыңқылар – impressiones gyrorum, саусақ батыңқылары – impressions digitatae, милық көтеріңкілер – juga cerebralis көрінеді.
Мұрындық бөлігі – pars nasalis – көз ұялық тор сүйектіктік тіліктің алдында, қабыршақтық бөлік пен көз бөліктерінің түйіскен жерінде доға тәрізді иіліп орналасады. Оның алдында мұрындық қылқан – spina nasalis – орналасқан. Қылқанның ұшы үшкір, бүйр қабырғалары қысыңқылау және жалпақтау келген. Мұрындық қыры – margo nasalis – өсіндінің алдында және бүйір қапталында доға тәрізді иілген. Мұрындық қылқан мен торлы тілік жиегінің екі жағы арасында маңдай қойнауының апертурасы – aperture sinus frontalis орналасқан. Ол маңдай қойнауының – sinus frontalis –оң және сол жақ жартысына апарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет