Анатомия – 120 ом


Буындардың буын пішініне , қозғалыс біліктеріне, қызметтеріне байланысты жіктелуі



бет37/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

35. Буындардың буын пішініне , қозғалыс біліктеріне, қызметтеріне байланысты жіктелуі.
Буындардың буындық беттері, сыртқы пішініне және буында болатын қозғалыстың көлеміне қарай: шар тәрізді буындарға, articulatio spheroidea, жалпақ буындарға, articulationes рlanae, элипс тәрізді буындарға, articulatio ellepsoideae, ершік тәрізді буындарға, articulatio sellaris, цилиндр тәрізді буындарға, articulationes trochoideae, шығыртәріздібуындарға, articulatio ginglymus, айдаршықты буындарға,articulationes bicondylares, бөлінеді. Буында болатын қозғалыстардың бағыты: фронтальді білік бойында иіледі, Пехіо, және жазылады, extensio. Сагитальді білік бойынша: әкеледі: adductio, және әкетеді abduction. Pronatio, ішке қарай бұрылады немесе supinatio, сыртқа қарай бұрылады,
Буында болатын қозғалыстың көлемі мен бағыты буын бетінің сыртқы пішініне тікелей байланысты. Сол себепті буындардың анатомия-физиологиялық жіктеулері ажыратылады:
1. бір біліктің бойында қозғалатын бір білікті буындарға;
2. екі білікті бойында қозғалатын немесе екі білікті буындарға;
3. үш біліктің бойында қозғалатын немесе үш білікті буындарға бөлінеді.
1. Цилиндр тәрізді буындардың, articulatio trochoidea, буын беттері дөңес, цилиндірдің кесіндісі ретінде қарастырылады. Буындасатын қарсы жағындағы сүйектің буын беттері ойыстау және бір-біріне өзара сәйкестеу болып келеді. Цилиндр тәрізді буындарға: ауыз омыртқа мен екінші мойын омыртқаның тіс тәрізді өсіндісінің аралығындағы буынды кәрі жілік пен шынтақ жіліктің проксимальді және дистальді ұштарындағы кәрі жілік-шынтақ жілік буындарын мысалға келтіруге болады. Мұндай буындарда: вертикальды білік бойынша ішке қарай - pronatio, және сыртқа қарай-supinatio айналу қозғалыстары қамтамасыз етіледі.
2. Буын беттері шығыр тәрізді буындар, ginglymus. Бұл буындар цилиндр тәрізді буындардың туындысы болып саналады. Цилиндр тәрізді буындардан айырмашылығы: шығыр тәрізді буынның буын басының беттерінде сүйектік көтеріңкі орналасса, буын бетінің ойысжағында, бағыттаушы сала болады. Сонымен қатар, шығыр тәрізді буындарға: қол басы мен аяқ басының бақайшықтары мен башпай аралык буындары жатады. Мұндай буындарда көлденең біліктің бойында иіледі, flexio, жөне жазылады, extensio.
3. Сонымен қатар, шығыр тәрізді буындардың туындысына бұранда тәрізді буындар жатады. Мұндай буындардың шығыр тәрізді буындардан айырмашылығы, буын беттерінде орналасқан сүйектік көтеріңкі бағыттаушы саланың өтужолы мен бұрыш құрап, диагональ бағытта орналасады. Бұранда тәрізді буындарда қозғалыс көлденең біліктің бойында, бұранда тәрізді бұралып, иіледі және жазылады. Бұрандатәрізді буындарға шынтақ буыны мысал бола алады.
1. Буын беті эллипс тәрізді буындар, articulatio ellepsoidea. Мұндай буындардың буын басы мен буын ойысының сыртқы пішіні эллипс тәрізді болып келген. Эллипс тәрізді буындарда қозғалыстар фронтальді ж әне сагитальдбіліктердің бойында қозғалады. Фронтальді білік бойынша: иіледі, flexio, немесе жазылады,extensio, сагитальді білік бойынша әкелу,adductio, және әкету, abduction мүмкін. Сонымен қатар, мұндай буындар екі біліктің бойында айналма бағытта қозғалады. Айналма бағыттағы қозғалыс, екі біліктің маңындағы қозғалыстың жиынтығы болып саналады. Эллипс тәрізді буындарға білезік - кәрі жілік және мысалға т.б. буындарды келтіруге болады.
2. Ершік тәрізді буын, articulatio selaris. Бұл буындардың буын беттері ершік тәрізді бірбірімен беттесіп орналасқан. Буында болатын қозғалыстың көлемі эллипс тәрізді буындар сияқты көлденең біліктің бойында: иіледі, flexio, немесе жазылады, extensio. Қол ұшының бас бармағының бақайшығы мен трапеция тәрізді сүйектің аралық буынын мысалға келтіруге болады.
3. Буын беттері айдаршық тәрізді буындардың, articulationes bicondylaris, буын беттері айдаршық тәрізді дөңестеу және сопақшалау болып келгендіктен, айдаршық тәрізді буын деп атайды. Бұл, буын шығыр тәрізді буын мен эллипс тәрізді буындардың туындысы болып саналады. Айдаршық тәрізді буындардың шығыр тәрізді буындардан айырмашылығы, буын беттері, көлемді болып келеді, ал эллипс тәрізді буындардан айырмашылығы екі жақтық айдаршық тәрізді буын беттерінен тұрады. Айдаршық тәрізді буындарға: тізе буыны мен шүйде сүйегі мен ауыз омыртқа аралық буыны мысал бола алады. Айдаршық тәрізді буындарда қозғалыстар екі біліктің бойында: иіледі, flexio, жазылады, extensio жaне айналма бағытта, circumductio, мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет